«Nomadic Art» фестивалінде ҚазҰУ студенттерінің креативті энергиясыFarabi University

«Nomadic Art» фестивалінде ҚазҰУ студенттерінің креативті энергиясы

16 наурыз, 2026

Алматыда Наурызнама декадасы аясында, 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне арналған халықаралық фестиваль мен ғылыми-практикалық конференция «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» алғаш рет өтті.

Бағдарлама аясында «Ұлттық мұра – ұрпақ аманаты: музейлік жәдігерлер мен этнодизайнның синергиясы» атты ғылыми-практикалық конференция, отандық және шетелдік дизайнерлердің этноколлекциялар көрсетуі, халықаралық қолөнер шеберлерінің көрмесі және ежелгі қолөнер технологиялары бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Жоба көшпенділер мәдениетін насихаттауға, қазіргі этнодизайнды дамытуға және халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайтуға бағытталған. Фестиваль музейлік мұра, қолөнер, мода және заманауи креативтік индустрияларды біріктірді.

Айрықша назар Тараз, Түркістан және Алматы қалаларына аударылды, олар World Craft Cities – Дүниежүзілік қолөнер қалалары желісіне енген. Қонақтарға этнографиялық көрме, заманауи көркемдік инсталляциялар және киіз басу, керамика, зергерлік және сүйекті өңдеу бойынша интерактивтік алаңдар ұсынылды.

Фестивальдің айрықша оқиғасы – ҚазҰУ студенттерінің этноколлекциялар көрсетуі болды. Студенттер бастамашылдық танытып, шақыруға жедел жауап берді және фестиваль бағдарламасының ең есте қаларлық бөліктерінің біріне айналды, қонақтар мен сарапшылардың назарын аударды. Жас буынның қатысуы кәсіби дағдыларды, шығармашылық әлеуетті дамытуға және ұлттық мәдени дәстүрлердің сабақтастығын нығайтуға ықпал етті.

Фестиваль аясында сондай-ақ World Craft Council сарапшыларымен B2B-кездесулер өтті, олардың қорытындысы бойынша Орталық Азия қолөнершілерін халықаралық нарыққа жылжытуға бағытталған стратегиялық келісімдерге қол қойылды.