Вода - источник жизни

17 мая, 2016

"Су - тіршілік көзі"  осы ұранды алға қойған Агробиостанция қызметкерлері Биология және биотехнология факультетінің деканы Заядан Бодатхан Қазыханұлының бастамаымен өз күштерімен егістікке керекті су қазды. Осы уақытқа дейін жыл сайынғы егіс кезінде судың аздығынан егіс алқабы қурап, сусызданып, орнықты өнім бермей келген болатын. Сдың шығу тереңдігі 40 метрді құрады, екі жерден қазылды. Арнайы компрессорлар қойылып, су жиналатын кішкене көлшіктер жүйесі қазылды. Әрбір көлшікке ең кем дегенде 10т су жиналады. Көлшіктен егістікке керек кезінде арнайы су тартқышпен (вакумный насос) суды алып отыру жағы қарастырылды. Көлшіктер жүйесі егістікке керекті арнайы микроорганизмдер түрлерімен байытылды. Арнайы биологиялық фототрофты микроорганизмдермен байытылған, Күн сәулесімен жылытылған су егістікке егілген дақылдарды қуаттандырып, өнім көлемін арттыратыны сөззсіз.