Жаһандық тәжірибе ғылыми ортаны өзгертедіFarabi University

Жаһандық тәжірибе ғылыми ортаны өзгертеді

29 қаңтар, 2026

«Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өту – тек жеке кәсіби өсу емес, сонымен бірге Қазақстан ғы­лы­мының әлемдік аренада мойындалуына үлес қосатын маңызды қадам. Жаһандық тәжірибе жинақтаған стипендиаттар елге оралып, қалыптасқан ғылыми ортаны жаңаша ойлау мен жаңа біліммен байытуда. Қазақстандағы ғылыми әлеуетті арттыруға бағытталған халықаралық бағдарлама жас ғалымдар мен оқытушыларға әлемнің үздік университеттерінде кәсіби құзыреттерін тереңдетуге мүмкіндік береді. Аталған бағдарлама аясында Джордж Вашингтон университетінде (George Washington University, АҚШ) өткен ғылыми тағылымдама маған білім беру мен зерттеу саласында озық технологияларды меңгеруге, жаңа әдіснамаларды өз тәжірибемде қолдануға және халық­ара­лық ғылыми ортаға интеграциялануға зор ықпал етті.

Тағылымдама бекітілген оқу жоспарына сәйкес, бірқатар ма­ңыз­ды пәндерді қамтыды. Сабақ­тар­да теориялық материалды мең­герумен қатар, зерттеу әдіс­те­рін қолдану, цифрлық білім ресурстарын пайдалану және заманауи педагогикалық техно­ло­гияларды енгізу бойынша прак­ти­калық жұмыстар орындалды. 
Ғылыми тағылымдама шең­бе­рінде N.Salem, D.Dolan, V.Bhagwat профессорларымен өткен «Aca­demic Writing», «Qualitative Research», «Quantitative Methods for Applied or Academic Research» және «Course in Design & Educational Technology» пәндері зерттеу мәдениетін жаңа деңгейге көте­ру­ге ықпал етті. Академиялық жа­зу­дың құрылымын меңгеру, дәл және сенімді аргументация құру, ғылыми стиль нормаларын сақтау дағдыларымды жетілдірдім. Са­палық зерттеулер бойынша сұх­бат жүргізу, бақылау, контент-тал­дау, деректерді интерпретациялау сияқты әдістерді қолдану қа­бі­ле­тім артты. Цифрлық талдауда ста­тис­тикалық өңдеу, гипотеза тек­серу, регрессиялық модель­дер құ­ру арқылы мәліметтерге не­гіз­делген шешімдер қабылдау мүм­кін­дігім кеңейді. Ал білім беру тех­нологиялары бойынша ин­­те­рак­тивті орта жобалау, ци­фр­лық ресурстарды сабаққа тиімді ен­гізу, оқу материалдарын визуа­ли­зациялау және иннова­циялық тап­сырмалар әзірлеу құзырет­те­рім нығайды. Нәтижесінде ғы­лыми зерттеу жүргізудің теория­лық та, практикалық та ас­пек­тілерін жүйе­лі игеріп, кәсіби құзыреттер кешені айтарлықтай дамыды.
Тағылымдама барысында ғы­лыми жетекші ретінде про­фессор H.Khamooshi бекітілді. Жетек­ші­мен тұрақты жұмыс ғылыми жұ­мыстың мазмұнын жүйелеуге және нәтижелілігін арттыруға зор септігін тигізді.
Тағылымдама кезеңінде бір­неше халықаралық конференция мен семинарларға қатыстым. Со­лардың ішінде Addressing Central Asia’s Water Crisis – Орталық Азия­дағы су ресурстары тақы­ры­бындағы панельдік талқылау, Network and Navigate семинары – кә­сіби даму және жұмыс іздеу стратегиялары, International Culture Day – GWU студенттерінің халықаралық мәдени іс-шарасы, Georgetown University өткізген Орталық Азия энергетикасына арналған ғылыми форум.
Тағылымдама нәтижесінде бір Scopus көрсеткішіндегі мақала, бір ККСОН журналында жария­лан­ған еңбек және екі халық­ара­лық конференция материалы да­йын­далып, ғылыми қауым­дас­тыққа ұсынылды. Бұл нәтижелер тағы­лым­даманың тиімділігін, алынған білім мен әдіснамалық құзы­рет­тердің практикалық зерттеу жұ­мы­сына тікелей ықпал еткенін көрсетеді. Сонымен қатар Coursera және Citi Program платфор­ма­­ларында біліктілігімді арттыру мақсатында «Social & Behavioral Research», «Research Study Design», «Mental Health for Higher Education», «Optional Modules», «Creating a Visual Tasks Guide with Microsoft PowerPoint» атты курс­тарды сәтті аяқтап, сертифи­кат­тарға ие болдым. Барлық курстар зерт­теу жүргізу дағдыларын же­тіл­­діріп, кәсіби құзыреттерімді күшейтті.
Ғылыми тағылымдама бары­сын­да заманауи зерттеу әдіс­те­рін меңгеруге мүмкіндік болды. Ака­демиялық жазу, сандық және са­палық талдау, білім беру тех­но­логиялары бойынша терең дағ­­дылар қалыптасты. Халық­ара­лық ғылыми ортада жұмыс істеу тәжірибесі артты, зерттеу жоба­ла­рының сапасын арттыруға мүм­кіндік беретін жаңа әдістемелер де игерілді. Цифрлық білім беру құралдарын қолдану бойынша нақты практикалық нәтижелерге қол жеткізілді.
Алынған білім мен тәжірибе ал­дағы уақытта ҚазҰУ қабыр­ға­сындағы ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметті жаңа дең­гейге көтеруге сөзсіз ықпал ете­рі анық. Осылайша заманауи бі­лім беру процесіне жаңашыл тә­сілдер енгізуге өз үлесімді қосу­дамын.

Жанат БАҚТЫБАЕВ, 
Педагогика және 
білім беру менеджменті кафедрасының доценті

Басқа жаңалықтар