Проведено кураторское мероприятие на тему «Дружба народов. Единство и дружба
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті, Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасында 6В07107 – «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасының студенттері арасында «Ұлттар достығы. Бірлік пен достық» тақырыбында кураторлық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында ұлтаралық келісім мен өзара құрметті нығайту, достық пен ынтымақтастық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ білім мен ғылымның қоғам дамуындағы маңызын түсіндіру.
Қазіргі таңда аталған білім беру бағдарламасында Бангладеш, Ауғанстан, Судан және Нигерия елдерінен келген 5 шетелдік студент білім алуда. Іс-шара барысында түрлі ұлт пен мәдениет өкілдерінің бір ортада білім алып, тәжірибе алмасуы, өзара түсіністік орнатуы және ортақ мақсаттарға бірге ұмтылуы достық пен бірліктің маңызды негізі екені атап өтілді.
Кездесу барысында білімді ұлттың болашағы жарқын болатыны, ал ғылым мен ізденіс қоғамның тұрақты дамуына ықпал ететін негізгі құндылықтардың бірі екені айтылды. Студенттер білім мен ғылымның адамдарды біріктіретін, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды күш екенін талқылады.
Сонымен қатар студенттер ғылымның тек жаңа жаңалықтар ашумен шектелмей, адамның сыни ойлау қабілетін дамытатынын, ізденіске, жауапкершілікке және жаңашылдыққа ұмтылуға тәрбиелейтінін атап өтті. Қазақ және ағылшын тілдерінде білім алатын студенттер өз пікірлерін ортаға салып, болашақ маман үшін сапалы білім алудың, жаңа білім мен дағдыларды меңгерудің және өз кәсіби саласында білікті маман болуға ұмтылудың маңызын талқылады.
Іс-шара барысында студенттер өз ойларымен бөлісіп, достық, өзара құрмет, толеранттылық және ынтымақтастық туралы пікір алмасты. Кездесу түрлі ұлт өкілдерінің бір-бірін құрметтеп, білім мен ғылым жолында бірлесіп еңбек етуі қоғамның дамуына және елдің болашағына маңызды үлес қосатынын көрсетті.
Кураторлық іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Кездесу студенттердің білім мен ғылымға деген қызығушылығын арттырып, ұлтаралық достық пен өзара түсіністіктің маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 4 – «Сапалы білім беру», 10 – «Теңсіздікті азайту» және 16 – «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» мақсаттарына сәйкес келеді. Іс-шара барысында сапалы білім алуға тең мүмкіндіктер, түрлі ұлт өкілдері арасындағы өзара құрмет пен толеранттылықты қалыптастыру, бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайту құндылықтарына ерекше мән берілді.
Другие новости