- Главная
- Новости
- Кафедра социологии и социальной работы приняли участие в Дне открытых дверей Института философии, политологии и религиоведения КН МНВО РК
Кафедра социологии и социальной работы приняли участие в Дне открытых дверей Института философии, политологии и религиоведения КН МНВО РК
Ашық есіктер күніне Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының білім алушылары да белсенді қатысты. Атап айтқанда, іс-шараға «8D03101 - Әлеуметтану» білім беру бағдарламасының докторанты Сатай А. және «7M11401 - Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының магистранты Огабеков Ж. қатысты.
Іс-шара барысында кафедра өкілдері Философия, саясаттану және дінтану институтының негізгі ғылыми-зерттеу бағыттарымен, ғылыми орталықтарының қызметімен және жүзеге асырылып жатқан зерттеу жобаларымен танысты. Әсіресе, әлеуметтану және әлеуметтік ғылымдар саласындағы заманауи зерттеу тәсілдері, ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлық пен ғылыми тағылымдамаларға қатысты ақпарат қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Бағдарлама аясында Институттың ғылыми орталықтарының таныстырылымдары өткізіліп, қатысушыларға олардың негізгі зерттеу бағыттары, ғылыми нәтижелері мен болашақ жоспарлары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар докторантураға түсу, ғылыми тағылымдамалардан өту, гранттық қаржыландыру жобаларына қатысу және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері талқыланды. «Ашық микрофон» форматындағы сұрақ-жауап алаңы жас зерттеушілерге Институт мамандарымен тікелей пікір алмасып, өздерін қызықтырған ғылыми және академиялық мәселелер бойынша нақты ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Сатай А. мен Огабеков Ж. үшін аталған іс-шара кәсіби және ғылыми байланыстарды кеңейтуге, ғылыми-зерттеу институтының жұмысымен жақынырақ танысуға, сондай-ақ өздерінің білім беру бағдарламалары аясында зерттеу қызметін дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндіктерді қарастыруға жағдай жасады. Осындай іс-шараларға қатысу докторанттар мен магистранттардың ғылыми құзыреттерін жетілдіруге, зерттеу мәдениетін қалыптастыруға және академиялық ортадағы кәсіби коммуникацияны нығайтуға ықпал етеді.
Ашық есіктер күні аясындағы экскурсия мен ғылыми басылымдар көрмесі де қатысушыларға Институттың ғылыми инфрақұрылымымен, жарияланымдық қызметімен және зерттеу ортасымен жан-жақты танысуға мүмкіндік берді. Бағдарламада ғылыми орталықтардың таныстырылымдары, сұрақ-жауап сессиясы, Институт бойынша экскурсия және ғылыми басылымдар мен кітаптар көрмесі қамтылды.