- Басты бет
- Жаңалықтар
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ӨСУ НҮКТЕСІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында көтерілген цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні дамыту және экономиканың технологиялық әлеуетін арттыру мәселелері еліміздің алдағы даму бағдарымен тікелей байланысты.
• Кедендік және логистика салаларын цифрландыру. Бұл саланы цифрландыру және ашық жасау еліміздің экономикасына тигізер пайдасы зор. Біріншіден, көлеңкеде қалған біршама кіріс көздерін анықтау. Екіншіден, ішкі өндірістік компаниялардың құқығын және бәсекелестігін қорғау. Үшіншіден, шынайы ақпарат алу нәтижесінде алдағы мүмкіндіктер мен тәуекелдерді болжау.
• Геологиялақ мәліметтерді цифрландыру. Пайдалы қазба байлықтарды бақылауға алу, оның мемлекеттің қазынасына тікелей түсуі сияқты мәселелерді шешеді. Инвестициялық тартымдылықты күшейтеді және жалпы инвестиция саласын ретке келтіріп, орталықтандыру мәселесін де Мемлекет басшысы атап өтті. Себебі қазір өзара байланыспайтын бірдей құзыретке ие мемлекеттік органдар болуы инвесторлардың дұрыс емес ақпарат алып, алданып қалу тәуекелдері көп.
• Цифрлық экономиканы жүзеге асыру үшін цифрлық ресурстардың жеткілікті болуы. Әр салада жеткілікті ресурстар болуы және ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Бұл салады ҚазҰУ өзінің суперкомпьютер базасында бірнеше мемлекетке маңызды тапсырмаларды орындауда.
• Цифрлық кадрлар даярлау. Студенттерді жасанды интеллект, бағдарламалау, деректерді талдау, робототехника және киберқауіпсіздік бағыттарында практикалық құзыреттерге баулу. Университет пен жұмыс берушілер арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеру.
• Ғылымды коммерцияландыру. Зерттеу нәтижелерін патенттерге, стартаптарға, өндірістік технологияларға және нарықта сұранысқа ие өнімдерге жеткізу. Ғылымның тиімділігі жарияланымдармен ғана емес, оның экономикаға қосқан үлесімен де бағалануы керек.
Қазақстанның цифрлық болашағы – бүгінгі ғылым мен білімге салынған инвестицияның нәтижесі. Ал сол инвестицияны нақты экономикалық жетістікке айналдыру – университеттер мен ғылыми қауымдастықтың ортақ міндеті.
Марғұлан ИБРАИМОВ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық
қызмет жөніндегі проректоры
ЖОҒАРЫ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында геологиялық барлау саласын жаңғырту, озық технологияларды енгізу және стратегиялық ресурстарды тиімді басқару мәселелеріне басымдық берілуі ғылым мен өндіріс интеграциясының маңызын айқындайды.
Бұл міндеттер жоғары білім беру жүйесіне де үлкен жауапкершілік жүктейді. Университеттердің алдында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру және ғылыми әзірлемелерді нақты өндіріске енгізу міндеті тұр.
Осы бағытта Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылым, білім және өндіріс арасындағы байланысты одан әрі нығайтуы ерекше маңызды. Ғылыми идея нақты технологиялық шешімге, ал білімді маман ел экономикасының қозғаушы күшіне айналуы тиіс.
Білім, ғылым және өндіріс сабақтастығын дамыту – ұлттық экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етудің, жаңа технологияларды игерудің және Қазақстанның жаһандық ғылыми-технологиялық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды шарты.
Жолдауда айқындалған стратегиялық міндеттерді іске асыруда жоғары білім мен ғылым саласы елдің жаңа технологиялық серпілісінің негізгі тіректерінің бірі болуы тиіс.
Бақытжан ОМАРОВ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі –
тұрақты әлеуметтік даму жөніндегі проректоры
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті жолдауында мемлекеттік басқару жүйесін реформалау, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру және цифрлық технологияларды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Президент атап өткендей, жаңа Конституцияның күшіне енуі еліміздің саяси жүйесін жаңғыртып, мемлекеттік басқару саласына жаңа талаптар қойып отыр. Бұл өзгерістер мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіруді, басқару құрылымын қайта қарауды және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруды қажет етеді.
Мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде – Үкіметтен бастап, ауыл әкімдеріне дейін, тиімділік пен нәтижелілік басты басымдыққа айналуға тиіс. Мемлекеттік аппараттың жұмысы нақты нәтижелерге бағытталып, әрбір мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген міндеттерді сапалы әрі жауапкершілікпен орындауы маңызды.
Сонымен қатар цифрландыру мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану, мемлекеттік органдардың бастамашылдығын қолдау және дербес шешім қабылдау қабілетін дамыту – заман талабынан туындаған маңызды міндеттер. Заманауи технологияларды тиімді енгізу мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттырып, басқару үдерістерінің ашықтығы мен жеделдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын жүзеге асыру мемлекеттік институттарды заман талабына сай жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға бағытталуы тиіс. Осы орайда, мемлекеттік басқарудың басты мақсаты – қоғамның сұранысына жауап беру, азаматтардың құқығы мен заңды мүддесін қорғау және елдің тұрақты дамуына жағдай жасау.
Уәлихан АХАТОВ,
заң факультетінің деканы, профессор, з.ғ.к.
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы еліміздің Тәуелсіздігінің 35 жылдығына тоқталып, қазіргі жаһандық тұрақсыздық жағдайында Қазақстанның алдында тұрған маңызды міндеттерді айқындады. Жолдауда экономикалық өсімді қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту, цифрландыру және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін күшейту мәселелері қамтылды.
Жолдаудың маңызды бағыттарының бірі – халықтың табысын арттыру және инфляцияны тежеу. Президент бағаның өсуі азаматтардың әл-ауқатына тікелей әсер ететінін атап өтіп, Үкімет пен Ұлттық банкке инфляцияны төмендету бойынша бірлескен шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін арттыру туралы жарияланды.
Мемлекет басшысы Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше тоқталды. «Халықтық құрылыс» ауқымды бағдарламасы аясында өңірлерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, жолдар, мектептер, ауруханалар және басқа да маңызды нысандар салу жоспарлануда. Осы мақсаттарға 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлу көзделген. Президент қаражаттың нақты нәтиже беретін жобаларға бағытталуы және оның жұмсалуына қатаң бақылау жүргізілуі қажеттігін атап өтті.
Кәсіпкерлікті қолдау және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері де жолдауда маңызды орын алды. Президент шағын және микробизнеске қатысты тексерулерге 2027 жылдан бастап үш жылдық мораторий енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Орта бизнесті дамыту, кәсіпорындарды жаңғырту және ұзақ мерзімді қаржыландыру тетіктерін жетілдіру жөнінде тапсырмалар берілді.
Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнеркәсібін дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы фермерлерді ұзақ мерзімді жеңілдетілген қаржыландырумен қамтамасыз ету, ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеу, заманауи техника өндірісін арттыру және құны 500 млрд теңгеден асатын азық-түлік өнеркәсібі жобаларын жеделдету міндеттерін белгіледі. Ауыл шаруашылығында жасанды интеллект технологияларын қолдану және су ресурстарын цифрлық есепке алу жүйесін дамыту қажеттігі атап өтілді.
Жолдауда еліміздің көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін арттыру мәселелері кеңінен қарастырылды. Президент Қазақстанды Еуразиядағы жетекші логистикалық орталыққа айналдыру міндетін қойып, теміржол және автомобиль инфрақұрылымын дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Энергетика саласында жаңа қуат көздерін іске қосу, қолданыстағы электр станцияларын жаңғырту және 2029 жылға қарай электр энергиясының тұрақты профицитіне қол жеткізу қажеттігі айтылды.
Цифрлық экономиканы дамыту және жасанды интеллектіні енгізу жолдаудың өзекті бағыттарының бірі болды. Мемлекет басшысы цифрландырудың нақты экономикалық нәтиже беруі қажеттігін атап өтті. Жасанды интеллектіні мемлекеттік басқаруда, бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауда, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда пайдалану міндеттері көтерілді. Цифрлық жұмыспен қамтудың құқықтық тетіктерін қалыптастыру және азаматтардың жаңа технологиялар арқылы табыс табу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері қарастырылды. Білім беру, ғылым және жасанды интеллектіні дамыту елдің болашағы үшін маңызды екенін айтты.
Жолдауда көтерілген бастамалардың барлығы еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздің басты мақсаты – әділетті, қуатты және прогрессивті Қазақстан құру. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін экономикалық реформалардың нақты нәтижесі, мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалану, заң үстемдігі, білім мен ғылымның дамуы маңызды.
Президент жолдауы еліміздің жаңа тарихи кезеңдегі даму міндеттерін айқындап, оларды жүзеге асыруда мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігін айқындады.
Жанна Ермекова,
Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінің деканы, доцент
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдауында еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру және еліміздің бәсекеге қабілеттілігін күшейту бағытындағы маңызды міндеттер қамтылған.
Инфрақұрылымды жаңғырту, өңірлерді дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және цифрлық технологияларды енгізу – ел болашағы үшін маңызды бағыттар.
Сонымен қатар ғылым мен білімді дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, инновациялық жобаларды қолдау және жас ғалымдардың әлеуетін арттыру ерекше маңызға ие. Өйткені ғылымы дамыған, білімі терең, жаңашыл ұрпағы бар елдің болашағы берік.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілі ретінде ғылым мен білімнің қоғам дамуындағы рөлін жоғары бағалаймын. Университеттердің басты міндеті – бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, ғылыми зерттеулерді дамыту, инновацияларды енгізу және еліміздің зияткерлік әлеуетін арттыру.
Тәуелсіз Қазақстанның дамуы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Еліміздің өркендеуі жолында ғылымға, сапалы білімге, бірлікке және жасампаз еңбекке басымдық берейік!
Әсем МАМЫРОВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
биология және биотехнология факультетінің
қауымдастырылған профессоры
БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдауы еліміздің алдағы даму бағдары мен қоғам алдындағы маңызды міндеттерді айқындады. Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы қарсаңында жарияланған бұл жолдаудың тарихи және қоғамдық маңызы ерекше. Жолдауда мемлекеттілікті нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру және жаңғыру үдерісін жалғастыру мәселелері өзара сабақтастықта қарастырылды.
Жолдаудың негізгі өзегі – ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтау. Мемлекет басшысының «Бірлік пен келісім болмаса, ешқандай реформа және ілгерілеу болмайды» деген тұжырымы әрбір азаматқа ортақ жауапкершілік жүктейді. Меніңше, қоғамдағы татулық азаматтардың бір-біріне құрметінен, заң алдындағы теңдіктен және мемлекеттік институттарға деген сенімнен басталады. Сондықтан реформалардың нәтижелі болуы билік пен қоғамның тұрақты байланысына, қабылданған шешімдердің әділ әрі ашық орындалуына тікелей байланысты.
Биыл қабылданып, 1 шілдеде күшіне енген Конституцияның елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы орны да айрықша атап өтілді. Құқық саласының өкілі ретінде конституциялық құндылықтардың күнделікті өмірде жүзеге асуына ерекше мән беремін. Адамның құқығы мен бостандығын қорғау, азаматтардың өтініштеріне уақтылы жауап беру, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту – құқықтық мемлекеттің нақты көрсеткіштері. Осы тұрғыдан алғанда, құқықтық мәдениетті арттыру мен жастардың заңға құрметін қалыптастыру білім беру жүйесінің де маңызды міндеті болуы қажет.
Жолдауда халықтың тұрмыс сапасын көтеруге бағытталған әлеуметтік инфрақұрылым мәселесіне басымдық берілді. Өңірлердің мектептерге, медициналық мекемелерге, мәдениет және спорт нысандарына қажеттілігін анықтап, құрылыс жұмыстарын жандандыру міндеті қойылды. Бұл бастамалардың маңызын әрбір отбасының күнделікті өмірімен байланыстыра бағалау керек. Сапалы білім мен медициналық көмектің қолжетімділігі, балалардың спортпен айналысуына жағдай жасалуы азаматтардың болашаққа сенімін нығайтады. Осы бағыттағы «Халықтық құрылыс» бастамасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту, елді мекендерді газбен және таза ауызсумен қамтамасыз ету, жұмыс орындарын ашу міндеттерімен ұштасады. Менің пайымымша, мұндай ауқымды жобалардың табысты орындалуы қаржыландырумен қатар, қаражаттың тиімді жұмсалуына, құрылыс сапасына және қоғамдық бақылауға байланысты. Әрбір жоба тұрғындардың нақты сұранысын ескеріп, ұзақ мерзім қызмет ететін нәтиже беруі тиіс.
Мемлекет басшысының білімге, ғылымға, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектіні меңгеруге қатысты ойлары жоғары оқу орындарына да үлкен міндет жүктейді. Біз жастарға кәсіби білім берумен бірге, олардың дербес ойлауын, зерттеу қабілетін және қоғамдық жауапкершілігін дамытуымыз қажет.
Сабыржан ЖАПАҚОВ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК АЗАМАТТАРДЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІМЕН АНЫҚТАЛАДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдауы ел дамуының басым бағыттарын айқындап, білім беру, ғылым және технология салаларының алдына жаңа міндеттер қояды. Қоғам өміріндегі өзгерістер мен жаһандық технологиялық үдерістер жағдайында мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, азаматтардың білім деңгейі, ғылыми әлеуеті және жаңашылдыққа бейімділігімен де анықталады.
Жолдауда жасанды интеллектіні кеңінен қолдану, экономиканы цифрландыру және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелерінің көтерілуі еліміздің дамуында технологиялық шешімдердің маңызы артып келе жатқанын көрсетеді. Бүгінде цифрлық құралдар ақпаратты өңдеу тәсілдерін ғана емес, еңбек нарығының құрылымын, мамандардың кәсіби міндеттерін және білім беру мазмұнын да өзгертуде. Осы өзгерістерге дайын болу үшін жоғары оқу орындары білім алушыларға теориялық білім берумен шектелмей, олардың зерттеушілік қабілетін, талдау дағдыларын және жаңа шешімдер әзірлеу мүмкіндігін дамытуға басымдық беруі қажет.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті үшін бұл міндеттер кәсіби даярлық сапасын арттыру және білім беру үдерісін заман талабына сай жетілдірумен тікелей байланысты. Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандардың білімі үнемі жаңарып отыруы тиіс, өйткені бұл салада бүгінгі өзекті құралдар мен әдістер қысқа уақыт ішінде өзгеруі мүмкін. Сондықтан оқу бағдарламаларына заманауи технологияларды енгізу, зертханалық сабақтардың тәжірибелік мазмұнын күшейту, ғылыми жобаларды қолдау және студенттердің нақты міндеттерді шешуге қатысуына мүмкіндік беру маңызды.
Жоғары білімнің нәтижесі дипломмен немесе игерілген пәндер көлемімен ғана өлшенбеуі керек. Оның басты көрсеткіші – түлектің кәсіби ортада өз орнын табуы, алған білімін іс жүзінде қолдануы және қоғамның дамуына үлес қоса алуы. Осы тұрғыдан алғанда, университеттер мен жұмыс берушілер арасындағы әріптестікті кеңейту, өндірістік тәжірибенің сапасын арттыру және студенттерді ғылыми-инновациялық бастамаларға тарту өзекті болып қала береді. Мұндай байланыс білім беру мазмұнын еңбек нарығының нақты сұраныстарымен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жасанды интеллектінің дамуы адам мен технология арасындағы жауапкершілік мәселесін де алға шығарады. Алгоритмдердің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану үшін цифрлық сауаттылықпен қатар, сыни ойлау, ақпаратты тексеру, зияткерлік меншік құқықтарын құрметтеу және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау қажет. Технология адам еңбегін алмастыратын құрал ретінде ғана емес, оның мүмкіндіктерін кеңейтетін және шешім қабылдау сапасын жақсартатын ресурс ретінде қарастырылуы тиіс.
Мемлекет басшысының энергетикалық инфрақұрылымды нығайту жөніндегі міндеттеріне де ерекше назар аудару қажет. Есептеу қуаттарына деген сұраныстың артуы, деректерді сақтау орталықтарының дамуы және цифрлық сервистердің кеңеюі тұрақты энергетикалық жүйені талап етеді. Бұл ретте технологиялық инфрақұрылымды дамыту, энергия ресурстарын ұтымды пайдалану және ұзақ мерзімді жоспарлау мәселелері өзара үйлесімді шешілуі керек.
Қорыта айтқанда, Қазақстанның алдағы жетістіктері білімге негізделген экономика құруға, ғылыми әлеуетті тиімді пайдалануға және жаңа буын мамандарының мүмкіндіктерін ашуға байланысты. Бұл үдерісте жоғары оқу орындарына жүктелетін міндет – қоғамның өзгермелі сұраныстарына жауап бере алатын, білімі терең, көзқарасы кең және жауапкершілігі жоғары мамандар қалыптастыру. Елдің технологиялық дамуы ең алдымен адамға, оның біліміне, ізденісіне және жасампаздық қабілетіне сүйенеді деп білемін.
Нұрбол БЕЙІСОВ,
ақпараттық технологиялар және жасанды
интеллект факультеті деканының орынбасары
ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Біз ҚазҰУ-дың заң факультетінің студенттерімен бірге еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын тыңдап шықтық.
Жолдаудың бірінші бөлімінде Президент Қазақстан дамуының қарқынды болуы үшін, сонымен бірге ел игілігін арттыру үшін «Халықтық құрылыс» басталатынын ерекше атап өтті. Елді мекендерге газ бен ауызсу тартылып, өңірлерде ауруханалар, мектептер, спорт және мәдениет нысандары салынады, ал инженерлік инфрақұрылымға 2029 жылға дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді. Бұл жерде құқықтық тұрғыдан маңызды бір талапқа тоқталғым келеді: Президент Ұлттық қор арқылы импортты қаржыландыруға жол берілмейтінін, құрылыс материалдары өз елімізде өндірілуі керек екенін айтты. Бұл – бюджеттік заңнама мен мемлекеттік сатып алу саласына тікелей қатысты мәселе. Ұлттық қор қаражатының мақсатты жұмсалуы, сатып алудың ашықтығы және құрылыс сапасына жауапкершілік нақты құқықтық тетіктермен қамтамасыз етілмесе, мұндай ауқымды бағдарлама өз мақсатына жете алмайды.
Сонымен бірге Президент Қазақстанның транспорттық хабқа, яғни «Еуразиялық транспорттық хабқа» айналуына ерекше назар аударып, бұл бағытқа мән беруді Үкіметтен талап етті. Отандық логистикалық операторларды дамыту, жүк тасымалы саласында тәртіп орнату міндеті қойылды. Біз үшін әсіресе мына жайт маңызды болды: жолдарға қатысты жауапкершілікті ведомстволар бір-біріне ысыра беруге шек қойылып, барлық жолдар Көлік министрлігіне берілді. Әкімшілік құқық тұрғысынан бұл – мемлекеттік органдардың құзыретін нақты бөлу мәселесі. Жауапты орган анық болғанда ғана лауазымды тұлғалардан нақты жауапкершілік талап етуге болады.
Одан әрі Президент Алатау қаласында ағылшын жалпы құқық үлгісіндегі инвестициялық сот құрылатынын мәлімдеді, сонымен бірге инвестиция тарту ісімен жүйелі айналысатын ұйымды айқындау қажет екенін айтты. Заңгер ретінде бұл бастамаға ерекше мән бердік. Біздің құқықтық жүйеміз континенталдық құқыққа негізделген, ал ағылшын жалпы құқығы сот прецедентіне сүйенеді. Сондықтан мұндай соттың құзыреті, оның шешімдерінің ұлттық соттар жүйесімен арақатынасы және шешімдердің орындалу тәртібі заңнамалық тұрғыда нақты реттелуі қажет. Дұрыс реттелсе, бұл бастама шетелдік инвесторлардың елімізге деген сенімін арттырады.
Сонымен бірге Президент 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және орта бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізуді талқылауды ұсынды. Мораторий кәсіпкердің құқығын қорғайды, бірақ тұтынушылардың құқығы мен қауіпсіздік талаптары да назардан тыс қалмауы керек деп ойлаймын. Бұған қоса, Президент жаңа Салық кодексінің бизнеске қиындық туғызып отырған нормаларын қайта қарауды тапсырды, сондай-ақ ауқатты азаматтарға салықты көтеру мәселесін Үкімет пен Құрылтайдың қарауына ұсынды. Мұнда құқықтық айқындық қағидаты маңызды: салық төлеуші заңның қалай қолданылатынын алдын ала білуі тиіс. Ал ауқатты азаматтарға салық мәселесі әлеуметтік әділеттілік пен заң алдындағы теңдік қағидаттарына тікелей қатысты.
Президент Қазақстан цифрлық экономика құруға міндетті екенін ерекше атап өтті. Сонымен бірге сирек және түсті металдардың ұлттық қорын құру, тағы екі атом электр станциясын салу жоспарланып отыр. Цифрлық экономика заңгерлердің алдына дербес деректерді қорғау, киберқауіпсіздік және жасанды интеллектіні құқықтық реттеу сияқты жаңа мәселелерді қояды, сондықтан заң бұл өзгерістерден қалып қоймауы тиіс.
Мемлекет басшысы әлеуметтік салада мемлекеттік көмек тек шын мұқтаж азаматтарға берілуі тиіс екенін атап өтті, ал жаңа тетіктерді алдымен жекелеген өңірлерде сынақтан өткізіп, нәтижесі оң болса ғана бүкіл елге енгізуді ұсынды. Әдеп тұрғысынан алғанда, бұл – әділеттілік пен адалдық мәселесі. Мемлекеттің қаражатын мақсатсыз пайдалану, жауапкершіліктен жалтару қоғамның сенімін әлсіретеді. Сондықтан мемлекеттік қызметтегі әдеп нормалары мен ашықтық жолдаудағы барлық міндеттердің іске асуының басты шарты екенін айту парыз.
Ербол ӘЛІМҚҰЛОВ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессоры
ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ НӘТИЖЕСІ ОНЫҢ НАҚТЫ ПАЙДАСЫМЕН ӨЛШЕНУГЕ ТИІС
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдауы еліміздің алдағы даму бағыттарын айқындап, цифрлық трансформация мен жасанды интеллект дәуіріндегі ұлттық басымдықтарға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында ұсынылған стратегиялық міндеттер мемлекеттің технологиялық әлеуетін нығайту, адами капиталды дамыту және болашақ ұрпаққа сапалы білім мен лайықты өмір сүру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мәселелерінің өзара тығыз байланысты екенін көрсетеді.
Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект саласының өкілі ретінде жолдауда белгіленген цифрлық экономиканы қалыптастыру, жасанды интеллектіні қоғамдық өмірдің барлық саласына енгізу және мемлекеттік басқаруды жаңғырту міндеттеріне ерекше мән беремін. Бүгінде жасанды интеллект тек технологиялық жаңалық немесе өндіріс тиімділігін арттыру құралы ғана емес. Ол білім беру жүйесінің мазмұнын, ғылыми зерттеулердің әдістерін, еңбек нарығының талаптарын және тұтас қоғамның даму сипатын өзгертетін маңызды факторға айналды. Сондықтан Қазақстанның технологиялық болашағы заманауи инфрақұрылыммен қатар, осы өзгерістерді жүзеге асыра алатын білікті мамандарға, ғылыми әлеуетке және цифрлық мәдениеті қалыптасқан қоғамға сүйенуге тиіс.
Осы тұрғыдан алғанда, жоғары оқу орындарының жауапкершілігі арта түседі. Біздің міндетіміз – еңбек нарығының бүгінгі сұранысына ғана жауап беретін емес, ертеңгі технологиялық өзгерістерді түсінетін, жаңа шешімдер ұсына алатын және оларды қоғам игілігіне жарата білетін мамандар даярлау. Бұл үшін білім беру бағдарламаларын тұрақты жаңартып, жасанды интеллект, үлкен деректер, киберқауіпсіздік және компьютерлік ғылымдар бағытындағы ғылыми зерттеулерді дамыту, теориялық білімді практикалық тәжірибемен ұштастыру маңызды. Университет ғылым, білім және өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, инновациялық идеялардың нақты технологиялық шешімдерге айналуына ықпал етуі керек.
Сонымен бірге цифрландырудың нәтижесі енгізілген технологиялардың санымен емес, олардың адам өміріне әкелген нақты пайдасымен өлшенуге тиіс. Президенттің жасанды интеллектіні мемлекеттік басқару жүйесінде қолдану, қайталанатын міндеттерді қысқарту және артық бюрократиялық рәсімдерден арылу жөніндегі ұстанымы осы тұрғыдан маңызды. Цифрлық шешімдер мамандардың уақытын үнемдеп, шешім қабылдау сапасын арттырып, азаматтарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін жақсартуы қажет. Бұл ретте технологияны енгізумен қатар, деректердің қауіпсіздігіне, алгоритмдердің ашықтығына және жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалануға да басымдық берілуі керек.
Жолдауда энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылуы да заңды. Жасанды интеллектіні кеңінен енгізу, деректерді өңдеу орталықтарын салу және цифрлық экономиканы қалыптастыру тұрақты әрі жеткілікті энергетикалық қуатты талап етеді. Демек, цифрлық трансформацияны энергетика саласын жаңғыртумен қатар қарастыру қажет. Бұл – технологиялық даму, экономикалық тұрақтылық және ресурстарды тиімді пайдалану арасындағы байланысты көрсететін стратегиялық міндет.
Білім беру саласына қатысты мәселелердің ішінде инклюзивті білім беруді дамыту мен педагог мәртебесін қорғаудың маңызы зор. Цифрлық дәуірдегі жаңғыру әрбір азаматқа тең мүмкіндік беруге бағытталуы керек. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді орта қалыптастыру, білім беру инфрақұрылымын жетілдіру және жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін оқыту үдерісіне тиімді енгізу – әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды көрінісі. Ал ұстаздың негізгі міндеті – сапалы білім беру мен саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сондықтан цифрлық платформалар педагогтің жұмысын күрделендірмей, керісінше, артық жүктемені азайтып, оның кәсіби дамуына және білім алушымен тікелей жұмыс істеуіне жағдай жасауы қажет.
Менің ойымша, Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі басты міндеттерінің бірі – технологиялық жаңаруды адами капиталды дамытумен ұштастыру. Жасанды интеллектіні меңгерген маман даярлау жеткіліксіз; сонымен қатар сыни ойлайтын, академиялық адалдықты сақтайтын, кәсіби жауапкершілігі жоғары және қоғам алдындағы міндетін түсінетін тұлға қалыптастыру маңызды. Өйткені технологияның мүмкіндігі оны қолданатын адамның біліміне, құндылықтарына және жауапкершілігіне тікелей байланысты.
Қорытындылай келе, Мемлекет басшысының жолдауында айқындалған міндеттер жоғары білім беру жүйесі мен ғылыми қауымдастыққа нақты жауапкершілік жүктейді. Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің негізгі мақсаты да осы бағытпен үндеседі: сапалы білім беру, ғылыми әлеуетті арттыру, заманауи технологияларды игеру және елдің цифрлық дамуына үлес қосатын білікті мамандар даярлау. Қазақстанның технологиялық болашағы бүгінгі қабылданған шешімдерге ғана емес, сол шешімдерді жүзеге асыратын білімді ұрпаққа да байланысты. Сондықтан цифрлық жаңғыруды ортақ жауапкершілікке, үздіксіз ізденіске және нақты нәтижеге негізделген ұзақ мерзімді даму үдерісі ретінде қарастыруымыз қажет деп ойлаймын.
Айгерім САМЕТОВА,
ақпараттық технологиялар және жасанды
интеллект факультеті деканының орынбасары
IT-ИНЖЕНЕРЛЕРДІҢ ЖАҢА БУЫНЫН ДАЯРЛАУЫМЫЗ ҚАЖЕТ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жолдауында Қазақстанда жасанды интеллектіге (ЖИ) негізделген цифрлық экономика құру міндеті өте уақтылы әрі стратегиялық тұрғыдан дәл қойылды. Өйткені Президент технологияны жай ғана сатып алуды емес, оның нақты экономикалық тиімділігі мен халықтың әл-ауқатына тигізер пайдасын басты орынға қойды.
Жолдаудағы ең маңызды төрт бағытқа тоқталсақ, олар: ЖИ-ге қажетті қуатты өз елімізде құру мақсатында цифрлық инфрақұрылымды дамыту; цифрлық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету, яғни Цифрлық кодекс пен «Digital Qazaqstan» тұжырымдамасының инвесторлар мен стартаптар тартуға сенімді құқықтық негіз беретіндігі; ғылым мен білімді интеграциялау, нақты айтқанда Qazaq AI Research University сияқты зерттеу орталықтарын құру және ЖИ негіздерін барлық жоғары білім стандарттарына міндетті пән ретінде енгізу; нақты секторды цифрлық трансформациялау немесе ЖИ-ді өнеркәсіпке, су ресурстары мен ауыл шаруашылығын басқаруға және мемлекеттік аппаратқа енгізу деп айтуға болады.
Жоғарыдағы барлық бағыттар біздің университетімізге де үлкен міндеттер жүктейді. Нақтырақ айтқанда, білім беру барысында ЖИ алгоритмдерін экономикалық модельдермен ұштастыра алатын, нарыққа дайын өнім шығарып, өз қызметтерін ұсына алатын «Digital-экономистер» мен IT-инженерлердің жаңа буынын даярлауымыз қажет. Сонымен қатар өңірлердегі цифрлық пилоттық жобаларға университет ғалымдары мен зерттеу орталықтары да R&D деңгейінде белсенді қатысуы тиіс.
Жаңа технологиялық дәуірдің интеллектуалды орталықтарының бірі ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы да Мемлекет басшысы жолдауда белгілеген «Жаңа тарихи кезеңнің» міндеттерін орындауға, елімізде халықтық цифрлық экономиканың іргетасын ғылыми тұрғыдан қалауға қашанда зор белсенділікпен дайын.
Осыған орай, біздің басты міндетіміз – осы бастамаларды басқа да ғылыми қауымдастықтармен, IT-индустрия өкілдерімен және отандық еңбек нарығында сұраныс тудыратын секторлармен тығыз байланыс орната отырып, сапалы жүзеге асыру болмақ.
Қарлығаш БАЙШОЛАНОВА,
экономика ғылымының докторы,
доцент
ЕЛ ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдауы елдің жаңа тарихи кезеңдегі даму басымдықтарын айқындауға бағытталған. Мемлекет дамуының маңызды шарты – қоғамның бірлігімен қатар, адами капиталды нығайту, білім сапасын арттыру және ғылыми әлеуетті тиімді пайдалану.
Жоғары білім беру жүйесінде мамандарды сапалы даярлау, студенттердің сыни ойлау және зерттеу дағдыларын дамыту ерекше маңызға ие. Қазіргі университет тек білім беретін мекеме ғана емес, жаңа идеялар қалыптасатын, ғылыми ізденістер жүргізілетін және инновациялық шешімдер әзірленетін орта болуы керек.
Ғылымды дамыту да жүйелі қолдауды қажет етеді. Ғалымдардың кәсіби әлеуетін арттыру, жас зерттеушілерге мүмкіндік беру, ғылыми жобалардың нәтижелерін тәжірибеге енгізу және университеттер арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту – отандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды бағыттары.
Сонымен қатар цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуы білім беру мен ғылыми зерттеулерге жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Осы өзгерістер жағдайында білім алушылардың технологияларды меңгеруімен бірге, ақпаратты сыни бағалау және ғылыми тұрғыдан талдау қабілеттерін қалыптастыру маңызды.
Қорытындылай келе, білім мен ғылымға салынған инвестиция – елдің болашағына салынған инвестиция. Ғылыми әлеуетті нығайту, сапалы білім беру және жас ұрпақтың зерттеушілік қабілетін дамыту Қазақстанның тұрақты дамуы мен халықаралық ғылыми кеңістіктегі орнын нығайтуға ықпал етеді.
С.МӘУЛЕНОВА,
Зоология, гистология
және цитология кафедрасының аға оқытушысы, PhD
ӨҢІРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСТАМАСЫ КӨҢІЛІМНЕН ШЫҚТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты жолдауын жариялап, еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық және институционалдық дамуының стратегиялық басымдықтарын айқындады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жарияланған бұл жолдаудың маңызы ерекше. Мемлекет басшысы ел экономикасын жаңғырту, халықтың әл-ауқатын арттыру, өңірлердің инфрақұрылымын дамыту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізу мәселелеріне баса назар аударды.
Менің ойымша, жолдаудың негізгі идеяларының бірі – ауқымды бастамалар мен стратегиялық жоспарларды халықтың өмір сүру сапасына нақты әсер ететін нәтижелерге айналдыру.
Әсіресе Президенттің білім беру, ғылым және жасанды интеллект салаларын дамытуға қатысты ұстанымы айрықша маңызды. Қазіргі технологиялық өзгерістер кезеңінде мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен адами капиталдың сапасына, ғылыми әлеуетіне және инновацияларды тиімді пайдалану мүмкіндігіне тікелей байланысты.
Жоғары білім беру саласының өкілі ретінде бұл міндеттердің университеттерге үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өткім келеді. Бүгінгі университет тек кәсіби мамандар даярлайтын білім ордасы ғана емес, сонымен қатар елдің ғылыми-технологиялық дамуына серпін беретін, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін ұсынатын зияткерлік орталық болуы тиіс.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің өкілі ретінде Мемлекет басшысының су ресурстарын ұтымды пайдалану, инфрақұрылымды жаңғырту, табиғи ресурстарды басқаруға цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше тоқталғанын маңызды деп санаймын.
Президент атап өткен су ресурстарын есепке алудың заманауи цифрлық жүйесін қалыптастыру міндеті гидрология, география, экология және геоақпараттық технологиялар салаларындағы ғылыми зерттеулерді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар «Халықтық құрылыс» ауқымды бағдарламасы аясында өңірлік инфрақұрылымды дамыту бастамасы да ерекше назар аударуға тұрарлық. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететіні сөзсіз.
Мемлекет басшысы көтерген міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін білім, ғылым және өндіріс арасындағы байланысты нығайту аса маңызды. Осы орайда, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына сәйкес жетілдіру, студенттердің зерттеушілік құзыреттерін дамыту, жасанды интеллектіні оқу үдерісіне тиімді енгізу және ғылыми нәтижелерді тәжірибеде қолдану жоғары оқу орындарының басты басымдықтарының бірі болуы қажет.
Сондай-ақ Президенттің заңға құрмет, кәсібилік, жауапкершілік және қоғамдық сананы жаңғырту мәселелеріне ерекше мән беруі де терең ой салады. Өйткені мемлекеттің тұрақты дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, азаматтардың білім деңгейі, еңбек мәдениеті және қоғам алдындағы жауапкершілігімен өлшенеді.
Меніңше, Президент жолдауы – мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар академиялық қауымдастықты нақты іске, жаңа ізденістер мен нәтижелі бастамаларға үндейтін маңызды құжат.
Біздің басты міндетіміз – еліміздің дамуына нақты үлес қоса алатын, заман талабына бейімделген, бәсекеге қабілетті, кәсіби білікті әрі әлеуметтік жауапкершілігі жоғары жас мамандарды даярлау.
Қуатты Қазақстанның болашағы – сапалы білімде, озық ғылымда, инновациялық дамуда және әрбір азаматтың ел ертеңіне деген жауапкершілігінде.
Айман ШӘКЕН,
ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану
факультеті деканының оқу-әдістемелік
және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
ЖАСТАРҒА МҮМКІНДІК БЕРУ – ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады.
Мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайтын жолдауда көтерілген міндеттер ғылым мен білімнің, заманауи технологиялардың және білікті жас мамандар даярлаудың маңызын арттыра түседі.
Геология саласын дамыту, жер қойнауы туралы деректерді цифрландыру, заманауи картографиялық материалдар әзірлеу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану – елдің ғылыми-технологиялық әлеуетін нығайтудың маңызды бағыттары. Бұл міндеттер картография, геоинформатика, геодезия және қашықтан зондтау салаларымен тікелей сабақтасады.
Бүгінде геокеңістіктік технологиялар табиғи ресурстарды зерттеуге, аумақтардың даму әлеуетін бағалауға, жер ресурстарын тиімді басқаруға және қоршаған ортадағы өзгерістерді бақылауға мүмкіндік береді. Спутниктік түсірілімдер, географиялық ақпараттық жүйелер, цифрлық карталар мен үшөлшемді модельдеу ғылыми зерттеулердің жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Осы бағыттағы ғылыми және білім беру әлеуетін дамыту мақсатында университетте геология саласына қатысты жаңа орталықты іске қосу бастамасы қолға алынып, Гренобль-Альпі университетімен магистратура деңгейіндегі қосдипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жоспарлануда. Мұндай бастамалар отандық ғылыми инфрақұрылымды жетілдіруге, халықаралық тәжірибе алмасуға және жас мамандардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.
Жастарға мүмкіндік беру – елдің болашағына инвестиция салу. Заманауи білімге қол жеткізу, халықаралық академиялық ынтымақтастыққа қатысу, ғылыми жобалармен айналысу және жаңа технологияларды тәжірибеде қолдану жас ұрпақтың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Ал біздің міндетіміз – жастарды тек біліммен қаруландыру емес, сол білімді ел игілігіне жарата алатын, дербес ойлайтын және нақты нәтижеге ұмтылатын мамандар ретінде қалыптастыру.
Президент жолдауында айқындалған міндеттерді іске асыру ғылым, білім беру және өндіріс арасындағы байланысты нығайтуды талап етеді. Осы жолда жоғары білім беру ұйымдарының жауапкершілігі зор. Өйткені бүгінгі студент – ертеңгі зерттеуші, инженер, картограф, геоинформатик және еліміздің ғылыми-технологиялық дамуына үлес қосатын маман.
Еліміздің өркендеуі сапалы білімге, ғылыми ізденіске және жас ұрпақтың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға байланысты. Сондықтан әрбір бастама нақты нәтижеге бағытталып, жастардың кәсіби қалыптасуына және Қазақстанның тұрақты дамуына қызмет етуі тиіс.
Ғылымы дамыған, білімі озық, жастарына мүмкіндік берген елдің болашағы берік.
Айжан АСЫЛБЕКОВА,
ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультеті
Картография және геоинформатика кафедрасының меңгерушісі
ЦИФРЛАНДЫРУ – ЖАСАМПАЗ ЕҢБЕК ПЕН ТАРИХИ ЖАДТЫҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жолдауында өте өзекті ой айтты: «Қоғамдық санада интернет тек тұтыну және ойын-сауық кеңістігі ғана емес, сонымен бірге жасампаздық пен еңбектің виртуалды аумағы ретінде қабылдануы керек. Біздің азаматтарымыз үшін смартфон уақыт өлтіретін қымбат ойыншық емес, тиімді жұмыс құралына айналуға тиіс».
Бұл пікір менің күнделікті қызметіммен – «Архивтану және құжаттама» бағдарламасының оқытушысы және әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары ретіндегі міндетіммен тікелей үндесіп жатыр.
Архив ісі мен құжаттану саласындағы басты кәсіби талап
XXI ғасырдың архиві – жай ғана сканер мен PDF жиынтығы емес. Нағыз цифрлық трансформация – ауқымды деректер (Big Data) және «ақылды» метадеректермен жұмыс істеу, тарихи мәтіндерді тану мен сұрыптауға жасанды интеллектіні қолдану, цифрлық активтердің тұтастығын қорғау және сенімді ақпараттық экожүйе қалыптастыру.
Смартфон – маманның жұмыс ортасы
Егер болашақ архивші цифрлық қолтаңбаны, деректерді верификациялауды, бұлтты қауіпсіздік шешімдерін және электрондық құжат айналымы жүйелерін мобильді форматта терең меңгерсе, ол қарапайым тұтынушы шеңберінен шығады. Ол елдің цифрлық тарихи жадын сақтаушыға әрі жасақтаушыға айналады. Студенттерді архив жүйесіне заманауи цифрлық стандарттар арқылы қарауға үйрету – нағыз өнімді цифрлық экономиканы қалыптастыруға қосқан тікелей үлес.
Цифрлық мәдениет және жастардың әлеуеті
Студенттермен күнделікті жұмыс істеу барысында – дәрісханада, студенттер үйінде, кураторлық сағаттар мен түрлі бастамаларда гаджеттің «уақыт ұрлаушы» мен «әлеуметтік лифт» арасындағы нәзік шекарасын анық байқаймыз. Тәрбие жұмысындағы жаңа көзқарас: біздің мақсат – интернетке шектеу қою емес, жастарды тек дайын дүниені тұтынудан өзі жаңа өнім жасай алатын деңгейге жеткізу. Студенттің назарын әлеуметтік желідегі бос контенттен шынайы цифрлық жұмыспен қамтылуға, ғылыми ізденіске, медиасауаттылыққа, жобалық қызметке және жаңа технологиялық дағдыларды үйренуге бағыттауымыз қажет.
Цифрлық жұмыспен қамтудың жеңілдетілген режимі
Мемлекет басшысының осы бағыттағы тапсырмасы жастарға, соның ішінде студенттерге үлкен мүмкіндік ашады. Оқу мен цифрлық фрилансты, деректерді өңдеуді, талдауды және жобалық менеджментті заңды әрі жүйелі түрде ұштастыру анағұрлым қолжетімді бола түседі. Бүгінгі дәуір гуманитарлық мамандардан технологиялық көрегендікті, ал тәлімгерлерден жастарға болашақ тек көңіл көтеретін таспаларда емес, деректер базасында, жүйелі еңбекте және мазмұнды жұмыста жатқанын көрсетуді талап етеді.
Мұхтар ХОДЖАБАЙ,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультеті
Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушысы
ЖОЛ, ӘУЕЖАЙ, ШЕКАРА: ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТУРИЗМГЕ НЕ БЕРЕДІ?
Бүгін Мемлекет басшысының жолдауын басынан аяғына дейін мұқият тыңдадым. Шынымды айтсам, «туризм» деген сөзді күтіп отырдым. Былтырғы жолдауда бұл салаға жеке тоқталған еді. Биыл бұл сөз мүлде айтылмады. Алғашында сәл өкіндім. Бірақ мәтінді қайта оқып шыққанда ойым өзгерді: туризм туралы тікелей сөз болмаса да, салаға ең қажетті нәрсе – іргетас туралы айтылды.
Ойлап қараңызшы. Табиғаты ғажап өлке көп, бірақ оған жету қиын: жолы сапасыз, әуежайы жоқ, шекарада сағаттап кезек. Мұндай жерге турист келмейді. Біз, сала мамандары, мұны жақсы білеміз.
Жолдаудан мені қуантқан бірнеше жайт:
Келесі жылы барлық автомобиль өткізу пункттерін қайта жаңарту аяқталуы тиіс. Көршілес елдерден келетін туристердің басым бөлігі жермен келеді, сондықтан бұл үлкен қадам.
Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі әуежайлары жақында іске қосылады. Шығыстың таулы өлкесі мен Каспий жағалауына жол ашылады деген сөз.
Әр ірі қаланың даму жоспары мен цифрлық сыңары болуы керек. Қала қауіпсіз, жайлы, көрікті болса, қонақ та көп келеді.
«Халықтық құрылыс» бағдарламасына 2029 жылға дейін шамамен 6,5 трлн теңге бөлінеді, ал 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялау ұсынылды.
Шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий енгізу ұсынылды. Қонақүйлер, гест-хаустар мен туроператорлардың көбі дәл осы шағын бизнес болып табылатыны сөзсіз.
Құрылыс ауқымы ұлғайған сайын табиғатқа түсетін жүктеме де артады. Рекреациялық сыйымдылық ескерілмей, салынған нысан ертең табиғатқа да, бизнеске де зиян келтіреді. Тағы бір мәселе – кадр. Әуежай салу бір-екі жылдың ісі, ал қонақты лайықты күте алатын маман даярлауға жылдар керек. Президент айтқан су тапшылығы да тау курорттары үшін өте өзекті.
Президент «Салу, тағы да салу!» ұранын жеткізді. Мен оған бір сөз қосар едім: орнықты салу.
Руслан БАЙБӨРИЕВ,
Рекреациялық география және туризм
кафедрасының меңгерушісі
ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАРЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» тақырыбында Қазақстан халқына жолдауын жариялады.
Жолдауда ел экономикасын нығайтуға, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және негізгі салаларды жаңғыртуға бағытталған мемлекет дамуының маңызды бағыттары айқындалды.
Жолдауда келесі маңызды бағыттарды атап өтуге болады. Жасанды интеллект және цифрландыру. Заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізу білім беру, ғылым, мемлекеттік басқару және бизнес салалары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл университеттерден студенттердің цифрлық құзыреттерін дамытып, технологиялық өзгерістер жағдайында тиімді жұмыс істей алатын мамандар даярлауды талап етеді.
Энергетика және энергетикалық қауіпсіздік. Елді электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету экономикалық өсудің, өнеркәсіптің дамуының және заманауи технологияларды енгізудің маңызды шарты болып табылады.
Экономика және өндірісті дамыту. Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту және өнеркәсіпті дамыту жастардың кәсіби өсуіне жаңа мүмкіндіктер береді.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіру. Цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні пайдалану, бюрократиялық рәсімдерді қысқарту және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру елді одан әрі жаңғыртуда маңызды рөл атқарады.
Ғылым, білім және адами капитал. Заманауи білім беру жүйесі кәсіби біліммен қатар, сыни ойлау, шығармашылық қабілет, зерттеушілік дағдылар мен үздіксіз білім алуға дайындықты қалыптастыруы тиіс.
Экономиканың басқа да салаларын дамыту. Инфрақұрылымды, көлік жүйесін, ауыл шаруашылығын және басқа да салаларды жаңғырту, ресурстарды ұтымды пайдалану мен инновацияларды енгізу өңірлердің тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.
Менің ойымша, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру мамандарды даярлау сапасына, оқытушылардың кәсібилігіне және жастардың қоғамдық-экономикалық өмірге белсенді қатысуына тікелей байланысты.
Бүгінгі университет – тек білім беру мекемесі ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің зияткерлік әлеуетін қалыптастыратын, ғылыми идеяларды дамытатын және инновацияларды енгізетін маңызды орта.
Оқытушылар ретінде біздің міндетіміз – заман талабына сай даму, жаңа технологияларды меңгеру, студенттердің білімге деген ұмтылысын қолдау және Қазақстанның болашағына лайықты үлес қоса алатын ұрпақ тәрбиелеу.
Ортақ күш-жігеріміздің арқасында алға қойған мақсаттарды жүзеге асырып, заманауи, бәсекеге қабілетті және өркендеген Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосамыз деп сенемін.
Ақтоты СҮЛЕЙМЕНОВА,
ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультеті
Метеорология және гидрология
кафедрасының аға оқытушысы
ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – БІЛІМ БОЛАШАҒЫНА ҚҰРМЕТ
Бір қуанарлығы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі жолдауында педагогтердің кәсіби қызметіне қолайлы жағдай жасау, артық есептілікті азайту және ұстаздардың абырой-беделін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Шынында да, мұғалімнің басты міндеті – қағазбастылықпен айналысу емес, сапалы білім беру және білім алушылардың ой-өрісін дамыту арқылы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Цифрлық технологиялар мен жаңа білім беру жүйелері педагогтің жұмысын жеңілдетіп, оның кәсіби әлеуетін арттыруға қызмет етуі керек. Ал ұстаздың мәртебесін көтеру дегеніміз – оның еңбегін бағалаумен қатар, кәсіби құқығын қорғау, білім беру ортасында өзара сыйластық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. Осы орайда, отбасы, білім алушы және білім беру ұйымы ортақ жауапкершілікті сезінуі маңызды.
Біздің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы үшін де бұл мәселелердің маңызы зор. Өйткені болашақ студенттерді жоғары білімге даярлау тек пәндік білім берумен шектелмейді. Ол білім алушылардың дүниетанымын кеңейтуді, академиялық мәдениетті қалыптастыруды және тұлғалық дамуын қолдауды қамтиды. Осы міндеттерді жүзеге асыруда оқытушының кәсіби тәжірибесі мен еңбегіне деген құрметтің орны ерекше.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Мемлекет басшысының ұстаз мәртебесін арттыру, педагогтердің кәсіби құқықтарын қорғау және білім беру сапасын жақсарту жөніндегі бастамаларын қолдайды.
Ұстазға құрмет – білімге құрмет. Ал білімге құрмет – ел болашағына деген жауапкершілік.
Айша БЕГАЛИЕВА,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы
ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛ ДӘУІР САБАҚТАСТЫҒЫ:
ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ДАМУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
Ел Президенті жолдауында көтерілген өзекті мәселелер мен жаһандық үрдістер қоғамның барлық саласын, соның ішінде ғылым, білім және мәдениет кеңістігін жаңа сапалық деңгейге көтеру қажеттігін айқын көрсетті. Әсіресе цифрландыру мен жасанды интеллект бағытын дамыту мемлекетіміздің болашақ бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын түйінді тетікке айналып отыр.
Этнологиялық тұрғыдан алғанда, кез келген өркениеттік кезең өз дәуірінің технологиялық және әлеуметтік талаптарына бейімделе отырып дамиды. Бүгінгі жаһандық өзгерістер дәстүрлі құндылықтар мен озық технологиялардың үйлесімді үндесуін талап етеді. Мәселен, жасанды интеллект және цифрлық экономикаға тоқталсақ, ел болашағын техногендік және озық платформаларсыз елестету мүмкін емес. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар еліміздің экономикалық әлеуетін арттыра түспек. Жалпыұлттық іс-қимыл – Үкіметтің, ұлттық компаниялардың және шығармашылық креативті индустрияның бірлескен әрекеті ортақ мақсатқа жетудің кепілі.
Дәстүрлі емес, заманауи тәсілдерге келер болсақ, ескірген қасаң қағидалардан арылып, инновациялық басқару мен ойлау жүйесіне көшу заман талабы. Көлік-логистикалық әлеует: Еуразия құрлығының жүрегінде орналасқан Қазақстанның жетекші логистикалық орталық ретіндегі маңызы артып, қағазбастылықтан толық арылу көлік саласын сапалы жаңа сатыға шығарады. Қалалардың «цифрлық сыңары» – инфрақұрылымды цифрлық форматта жоспарлау урбанизация үдерістерін тиімді басқаруға жол ашады. Қаржы нарығын ырықтандыру: бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен қаржылық технологияларды дамыту экономикамыздың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Тағы бір айрықша атап өтерлік маңызды бастама 2027 жылдың Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялануы. Жаңа жолдар, әуежайлар, білім ошақтары, кітапханалар мен ғылыми орталықтардың бой көтеруі рухани-интеллектуалдық әлеуетімізді арттырып, өскелең ұрпаққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастырады. Цифрлық экономика мен нақты инфрақұрылымның қатар дамуы мемлекетіміздің тұрақты жаңғыру жолынан айнымайтынын көрсететін маңызды қадам.
Гүлжан МЕЙРМАНОВА,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультеті Археология, этнология және музеология кафедрасының қауымдастырылған профессоры
БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында елдің экономикалық дамуы, инвестиция тарту және кәсіпкерлікті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы инвестициялық саясатты жетілдіру, инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыру және бизнестің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Осы мақсатта кәсіпкерлер мен инвесторлардың мүдделерін қорғайтын сенімді заңнамалық негіз қалыптастырудың маңызы зор. Құқықтық тұрақтылық пен мемлекеттік шешімдердің болжамдылығы кәсіпкерлердің сенімін арттырып, жаңа жобаларды іске асыруға, өндірісті кеңейтуге және жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Инвестиция тарту ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын маңызды факторлардың бірі болып саналады.
Экономикалық өсімге қол жеткізуде білім мен ғылымның рөлі де ерекше. Қазіргі жағдайда инвестицияның тиімділігі білікті мамандардың даярлығына, ғылыми зерттеулердің сапасына және жаңа технологияларды өндіріске енгізуге тікелей байланысты. Сондықтан жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін арттыру, жас ғалымдарды қолдау және университеттер мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты дамыту маңызды. Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай және Сингапур тәжірибесі ғылым мен білімге жүйелі инвестиция салудың технологиялық жаңғыруға және экономикалық дамуға ықпал ететінін көрсетеді. Қазақстан үшін осы мемлекеттермен ғылыми байланыстарды кеңейту, бірлескен зерттеулер жүргізу және озық технологияларды игеру өзекті бағыттардың бірі болып табылады.
Шығыс елдерін зерттеу саласы да Қазақстанның инвестициялық және ғылыми байланыстарын дамытуға үлес қоса алады. Қытай, Жапония, Корея, Иран және басқа да мемлекеттердің экономикалық саясатын, ғылыми жетістіктерін және инвестициялық тәжірибесін зерделеу халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі. Шығыс тілдерін меңгерген, аймақтың саяси және экономикалық ерекшеліктерін білетін мамандар шетелдік серіктестермен байланыс орнатуға, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және ғылыми тәжірибе алмасуға ықпал етеді. Осы тұрғыдан алғанда, кәсіпкерлікті құқықтық қорғау, инвестиция тарту, білім беру мен ғылымды дамыту бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл бағыттарды қатар дамыту Қазақстанның экономикалық әлеуетін нығайтып, халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негіз болады.
М.Егембердиев,
ҚазҰУ шығыстану факультетінің деканы, профессор, т.ғ.к.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЫ
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдауы елдің алдағы даму басымдықтарын айқындау тұрғысынан маңызды. Қазіргі жаһандық тұрақсыздық, технологиялық өзгерістер және халықаралық бәсекелестіктің күшеюі жағдайында Қазақстан үшін экономикалық тұрақтылықты нығайту, цифрландыруды жеделдету, адами капиталды дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру айрықша мәнге ие.
Жолдаудың басты маңызын көтерілген мәселелердің өзектілігімен ғана емес, олардың нақты іске асырылуымен бағалау қажет. Әсіресе білім мен ғылымды дамыту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және өңірлер арасындағы даму алшақтығын азайту елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін айқындайды.
Ендігі негізгі міндет – стратегиялық мақсаттарды нақты нәтижеге айналдыру. Ол үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігі, қабылданған шешімдердің ашықтығы және қоғамның белсенді қатысуы маңызды.
ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің оқытушысы
САПАЛЫ БІЛІМ – ҚАУІПСІЗ ЦИФРЛЫ БОЛАШАҚТЫҢ НЕГІЗІ
Қазіргі таңда сапалы білім беру – елдің зияткерлік әлеуетін арттырудың, технологиялық тәуелсіздігін нығайтудың және тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды алғышарты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында көтерілген ел дамуының стратегиялық міндеттері білім, ғылым және заманауи технологиялар арасындағы байланыстың маңызын айқындай түседі. Цифрлық трансформация жағдайында жоғары оқу орындарының басты міндеттерінің бірі – жаңа технологияларды меңгерген, ғылыми ойлау қабілеті қалыптасқан, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Осы бағытта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасы білім беру, ғылыми зерттеу және тәжірибелік даярлықты өзара ұштастырып келеді. Кафедраның Криптология зертханасы студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Мұнда криптографиялық алгоритмдер, ақпаратты қорғау әдістері, криптоанализ және желілік қауіпсіздік бағыттары зерттеледі. Сонымен қатар халықаралық университеттермен, ғылыми ұйымдармен және отандық салалық мекемелермен орнатылған серіктестік академиялық ұтқырлықты дамытуға, бірлескен зерттеулер жүргізуге және білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді. Бүгінгі сапалы білім – ертеңгі технологиялық жаңалықтардың, ал кәсіби білікті маман – мемлекеттің цифрлық қауіпсіздігінің негізі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім мен ғылымды заманауи технологиялармен ұштастыра отырып, қауіпсіз әрі инновациялық Қазақстанның болашағына өз үлесін қосуда.
Жанерке АРАПОВА,
Киберқауіпсіздік және криптология
кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік
және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
ЕЛ БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын айқындайтын, қоғамның өзекті мәселелеріне назар аударатын маңызды стратегиялық құжат.
Мемлекет басшысының жолдауында қозғалған экономиканы жаңғырту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамыту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және ғылым мен білімнің әлеуетін арттыру мәселелері еліміздің болашағы үшін ерекше маңызға ие.
Гидролог маман ретінде мен үшін ең маңызды бағыттардың бірі – су ресурстарын тиімді басқару, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи байлықтарымызды келешек ұрпаққа сақтау.
Бүгінде климаттың өзгеруі, су тапшылығы, трансшекаралық өзендердің мәселелері және су ресурстарына түсетін антропогендік жүктеменің артуы – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі.
Осы тұрғыдан алғанда, су шаруашылығын цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу, гидрологиялық мониторинг жүйесін жетілдіру және ғылыми зерттеулерді дамыту бағыттарын маңызды әрі қажетті бастамалар деп есептеймін.
Су – тіршілік көзі ғана емес, мемлекеттің стратегиялық байлығы және ұлттық қауіпсіздіктің маңызды құрамдас бөлігі. Біздің басты міндетіміз – студенттерге тек теориялық білім беріп қана қоймай, олардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту, заманауи технологияларды меңгеруіне жағдай жасау және еліміздің су шаруашылығы саласында еңбек ете алатын бәсекеге қабілетті мамандар қалыптастыру. Еліміздің су қауіпсіздігі – тек бүгінгі күннің емес, келешек ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз. Суды сақтау – болашақты сақтау.
Алмас ӘЛІМБАЙ,
Метеорология және гидрология
кафедрасының аға оқытушысы
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚТАРДЫ АЙҚЫНДАЙДЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдауы еліміздің алдағы даму кезеңіне арналған стратегиялық басымдықтарды айқындайды. Жолдауда егемендікті нығайту, инфрақұрылымды жаңғырту, өнеркәсіп пен энергетиканы дамыту, инвестиция тарту, цифрлық трансформацияны жүзеге асыру және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылған. Бұл міндеттердің кешенді түрде қарастырылуы маңызды, өйткені мемлекеттің тұрақты дамуы тиімді мемлекеттік басқаруға, қуатты экономикаға, дамыған ғылым мен сапалы медициналық білім беру жүйесіне тікелей байланысты.
Жасанды интеллект пен заманауи цифрлық технологияларды енгізу бағытының маңызы өте өзекті. Бүгінде технологиялық прогресс мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі факторлардың біріне айналды. Сондықтан Қазақстан озық технологияларды енгізумен ғана шектелмей, өзінің ғылыми-технологиялық әлеуетін дамытуға, инновациялық жобаларды қолдауға және жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен денсаулық сақтау саласы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға басымдық беруі қажет.
Медициналық білім беру саласының қызметкері ретінде университеттердің жолдауда белгіленген өзгерістерге белсенді қатысуын аса маңызды деп санаймын. Жоғары оқу орындарының міндеті – білікті медициналық мамандар даярлаумен қатар, өзекті ғылыми зерттеулер жүргізу, отандық медициналық технологияларды әзірлеу және ғылыми нәтижелерді клиникалық тәжірибеге енгізу. Ол үшін ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын нығайту, жас ғалымдарды қолдау, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға қолайлы жағдай жасау қажет. Әсіресе жалпы практика дәрігерлерін даярлауды дамыту маңызды, өйткені білікті мамандар мен заманауи ғылыми шешімдер еліміздің денсаулық сақтау жүйесін технологиялық жаңғыртудың қозғаушы күшіне айналады.
Менің ойымша, жолдаудың негізгі идеясы – Қазақстанның жүйелі әрі озық даму моделіне көшу қажеттілігі. Экономикалық реформалар, ғылыми зерттеулер, медициналық білім беру, цифрландыру және адами капиталды дамыту біртұтас стратегияның өзара байланысты бағыттары болуға тиіс. Белгіленген бастамалардың табысты жүзеге асуы олардың жүйелі орындалуына және азаматтар нақты сезіне алатын нәтижелерге қол жеткізуге байланысты.
Ғылым мен медициналық білімге салынған инвестиция – технологиялық тәуелсіздікке, экономикалық тұрақтылыққа және елдің болашағына салынған инвестиция. Адами капиталды дамыту, отандық ғылыми әзірлемелерді қолдау және жоғары білікті медициналық мамандар даярлау Қазақстанның жаһандық бәсекелестік жағдайында өз позициясын нығайтып, келешек ұрпақ үшін тұрақты даму негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ыдырыс АЛМАБАЕВ,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультеті Хирургия кафедрасының профессоры
ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауында келесі жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялау жөніндегі бастамасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретін маңызды қадам деп есептеймін. Бұл бастама азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, өңірлердің инфрақұрылымын жаңғыртуға және болашақ ұрпақ үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Қазіргі кезеңде инфрақұрылымды дамыту – мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі факторлардың бірі. Жолдар, әуежайлар, теміржол вокзалдары, тұрғын үйлер, денсаулық сақтау мекемелері мен білім беру нысандарының құрылысы халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер етеді. Әсіресе өңірлердегі әлеуметтік нысандарды жаңғырту ауылдар мен қалалардың даму мүмкіндіктерін кеңейтіп, тұрғындар үшін сапалы қызметтердің қолжетімділігін арттырады.
Президенттің жол және көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән беруі логистика саласы үшін де маңызды. Сапалы жолдар мен заманауи көлік тораптары жүк тасымалының тиімділігін арттырып, логистикалық шығындарды азайтуға және өңірлер арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл бастамалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, халықаралық көлік дәліздеріндегі орнын нығайтуға ықпал етеді. Сондықтан құрылыс жобаларын іске асыру барысында нысандардың сапасына, олардың ұзақ мерзімді тиімділігіне және заманауи талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аудару қажет.
Жолдауда денсаулық сақтау мекемелерін, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтарын, шығармашылық үйлерін, спорт кешендерін, кітапханалар мен ғылыми орталықтарды салу мәселелерінің көтерілуі де ерекше маңызға ие. Мұндай нысандар қоғамның зияткерлік және әлеуметтік әлеуетін дамытуға, балалар мен жастардың қабілеттерін ашуға, ғылым мен шығармашылықтың өркендеуіне жағдай жасайды. Бұл – тек инфрақұрылымдық даму емес, адам капиталына бағытталған ұзақ мерзімді инвестиция.
Университет оқытушысы әрі логистика саласының зерттеушісі ретінде мен инфрақұрылымды дамыту мен білім және ғылым салаларының өзара тығыз байланысын ерекше атап өткім келеді. Заманауи көлік жүйелерін, логистикалық орталықтарды және өндірістік нысандарды тиімді жобалау үшін білікті мамандар, ғылыми зерттеулер мен инновациялық шешімдер қажет. Осы тұрғыдан алғанда, ғылыми орталықтардың дамуы, білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту және жастардың кәсіби құзыреттерін арттыру еліміздің болашақтағы экономикалық табысының маңызды алғышарты болып табылады.
Сонымен қатар ауқымды құрылыс жұмыстары жаңа жұмыс орындарының ашылуына, отандық кәсіпкерліктің дамуына және өңірлік экономиканың жандануына мүмкіндік береді. Алайда мұндай жобалардың нәтижелілігі тек салынған нысандардың санымен өлшенбеуі тиіс. Құрылыс сапасы, қаражаттың тиімді пайдаланылуы, экологиялық талаптардың сақталуы және нысандардың халықтың нақты қажеттіліктеріне сай болуы басты назарда болуы қажет.
Қорытындылай келе, Мемлекет басшысының Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылын жариялау жөніндегі бастамасы Қазақстанның тұрақты дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және келешек ұрпаққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам деп санаймын. Бүгін салынған сапалы жолдар, заманауи әлеуметтік нысандар мен ғылыми орталықтар – ертеңгі экономикалық өсімнің және қоғамдық дамудың берік негізі.
Елдің өркендеуі тек материалдық инфрақұрылыммен шектелмейді. Ол сапалы біліммен, дамыған ғылыммен, кәсіби мамандармен және қоғамның ортақ жауапкершілігімен тығыз байланысты. Сондықтан мемлекет, бизнес, ғылыми қауымдастық және білім беру ұйымдары бірлесе әрекет еткен жағдайда ғана бұл бастамалар нақты нәтижелерге жеткізіп, Қазақстанның жарқын болашағына қызмет етеді деп сенемін.
Қарлығаш Мұса,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Экономика және бизнес жоғары мектебі
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ХАЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа басымдықтарын айқындады. Жолдаудың басты ерекшелігі – ұлттық экономиканың жинақталған әлеуетін халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағыттауы.
Жолдауда келтірілген мәліметтерге сәйкес, 2026 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 400 млрд АҚШ долларына жуықтап, жан басына шаққандағы көрсеткіш 19 мың доллардан асады деп күтілуде. Өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ-дегі үлесі 14 пайыздан жоғары деңгейге жетіп, алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қор активтерінің жиынтық көлемі 130 млрд доллардан асқан. Бұл көрсеткіштер еліміздің экономикалық және қаржылық әлеуетінің артқанын көрсетеді. Дегенмен экономикалық өсімнің нақты нәтижесі халықтың сатып алу қабілетімен, еңбек өнімділігімен, жаңа жұмыс орындарының құрылуымен және әлеуметтік әл-ауқаттың жақсаруымен бағалануы тиіс.
Президент ұсынған «Халықтық құрылыс» бағдарламасының экономикалық маңызы ерекше. Бағдарлама аясында 2029 жылдың соңына дейін әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бағыттау жоспарланған. Бұл инвестициялар құрылыс индустриясын, отандық өндірісті, көлік-логистикалық қызметтерді дамытуға және өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Экономикалық тұрғыдан алғанда, инфрақұрылымдық инвестициялар өндірістік шығындарды азайтып, кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырады және қосымша жұмыс орындарын қалыптастырады.
Сонымен қатар ғылым, білім және цифрлық технологияларды дамыту ұзақ мерзімді экономикалық өсімнің маңызды факторлары болып табылады. Жасанды интеллект, өндірісті автоматтандыру және цифрлық логистика технологияларын енгізу еңбек өнімділігін арттырып, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді. Осы ретте ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, инновациялық әзірлемелерді нақты экономикаға енгізу қажеттілігі арта түседі.
Менің ойымша, жолдауда белгіленген міндеттердің нәтижелі жүзеге асуы мемлекеттік инвестициялардың тиімділігіне, қаржылық тәртіпке, отандық кәсіпкерліктің белсенділігіне және экономикалық саясаттың әлеуметтік нәтижелілігіне тікелей байланысты.
Қорытындылай келе, Президент жолдауы экономикалық өсімнің сандық көрсеткіштерінен оның сапалық нәтижелеріне басымдық берудің маңызын айқындайды. Ең басты міндет – ұлттық байлықты тиімді пайдалану арқылы халықтың нақты табысын арттыру, сапалы жұмыс орындарын құру және болашақ ұрпақ үшін бәсекеге қабілетті, тұрақты экономикалық негіз қалыптастыру. Бұл бағыттағы жүйелі әрі ғылыми негізделген шешімдер Қазақстанның ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді деп есептеймін.
Нұргүл Маулина,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Бизнес-технологиялар кафедрасының доценті, э.ғ.к.
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазанда жарияланған жолдауы еліміздің стратегиялық дамуының басым бағыттарын айқындайтын маңызды құжат болды.
Жолдауда білім сапасын арттыру, ғылымды қолдау, білікті кадрлар даярлау, инновациялық технологияларды дамыту және жасанды интеллект жүйелерін мемлекеттік басқару мен экономиканың нақты секторына енгізу мәселелері қамтылды. Бұл бағыттар бәсекеге қабілетті цифрлық инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, еңбекқорлық пен кәсібилікті қоғамда дәріптеу маңызды құндылықтар ретінде айқындалды.
Президент жолдауы ел дамуының өзекті мәселелерін шешуге және экономиканың тұрақты өсуіне бағытталған басым міндеттерді белгілейді.
Гүлжан Жанатаева,
шығыстану факультетінің аға оқытушысы
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЦИФРЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты жолдауында жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономика құру қажеттігін атап өтті. Бұл – елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өскелең ұрпаққа жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды бағыт.
Цифрландырудың нәтижесі азаматтардың уақытын үнемдеуден, қызметтердің қолжетімділігінен және өндіріс тиімділігінен көрінуі тиіс. Жасанды интеллект мемлекеттік басқаруда деректерді талдауға, ресурстарды ұтымды жоспарлауға және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына ықпал ете алады.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда білім беру жүйесінің орны ерекше. Жастарды технологияны жауапкершілікпен қолдануға, ақпаратты тексеруге, сыни ойлауға және академиялық адалдықты сақтауға үйрету қажет. Жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларын жетілдіріп, оқытушылардың біліктілігін арттыру және тәжірибелік жобаларды дамыту арқылы бұл іске үлес қоса алады.
Қазақстан үшін қазақ тіліндегі жасанды интеллект құралдарын әзірлеу де маңызды. Мәтін мен сөйлеуді тану, сапалы аударма жасау және білім беру контентін дайындау ұлттық цифрлық ортаның дамуына жол ашады. Бұл бағытта зерттеушілердің, педагогтер мен бағдарламашылардың бірлескен жұмысы қажет.
Цифрлық жаңғыру барысында интернеттің қолжетімділігіне, азаматтардың цифрлық сауатына және дербес деректердің қорғалуына басымдық берілуі тиіс. Қазақстанның технологиялық дамуы білімді, жауапты әрі жаңашыл мамандарға байланысты. Сондықтан жасанды интеллект пен цифрлық инновацияларды дамытудың басты мақсаты – халықтың өмір сапасын жақсарту және елдің тұрақты ілгерілеуіне жағдай жасау.
Еркегүл БЕЙБІТХАН,
ақпараттық технологиялар және жасанды
интеллект факультетінің аға оқытушысы
ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ТЕК ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУМЕН ШЕКТЕЛМЕУІ ТИІС
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдауы жарияланды. Жолдауда көтерілген маңызды бағыттардың бірі ретінде цифрлық трансформация мәселесіне ерекше тоқталғым келеді. Өйткені бұл бағыт еліміздің болашақ дамуы мен технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз етуде айрықша рөл атқарады. Қазіргі таңда жасанды интеллект, блокчейн және үлкен деректерді талдау технологиялары экономиканың және қоғамдық өмірдің түрлі салаларына қарқынды енгізілуде. Сондықтан Қазақстанның заманауи цифрлық мемлекетке айналуы уақыт талабынан туындаған маңызды міндет деп есептеймін.
Жасанды интеллектіге негізделген отандық озық цифрлық технологияларды құруға басымдық беру, өзіміздің интеллектуалды жүйелерімізді, цифрлық платформаларымызды және инновациялық шешімдерімізді әзірлеуге ұмтылуымыз керек. Әсіресе блокчейн технологиясын дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн. Себебі бұл технология деректердің тұтастығын сақтауға, ақпараттық жүйелердің сенімділігін арттыруға және мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Блокчейнді білім беру, денсаулық сақтау, қаржы, өндіріс және мемлекеттік басқару салаларында тиімді қолдануға болады.
Сонымен қатар цифрлық трансформация тек жаңа технологияларды енгізумен шектелмеуі тиіс. Ең бастысы – білікті IT мамандарын даярлау, ғылыми зерттеулерді дамыту, отандық инновациялық жобаларды қолдау және ғылыми нәтижелерді нақты өндіріске енгізу. Бұл ретте жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты нығайту аса маңызды деп санаймын. Жасанды интеллектіге негізделген озық цифрлық технологияларды құру, блокчейн жүйелерін дамыту және отандық ғылыми әлеуетті тиімді пайдалану еліміздің технологиялық тәуелсіздігін нығайтып, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әрқайсымыз үлес қосуымыз керек деп санаймын.
Әсем ШАЯХМЕТОВА,
PhD, Жасанды интеллект және Big Data
кафедрасының қауымдастырылған профессоры
САПАЛЫ ЖОЛ САЛУ – БАСТЫ МІНДЕТТЕРДІҢ БІРІ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты жолдауында инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы елімізді ауқымды құрылыс алаңына айналдыруды көздеп, бұл бастамаға «Халықтық құрылыс» деген атау беруді ұсынды.
Аталған бастаманың маңызды бағыттарының бірі – жол құрылысы мен оның сапасын арттыру. Қазақстанның кең аумағы, күрделі климаттық жағдайлары және халықаралық жүк тасымалының артуы жол жабындарының беріктігіне жоғары талап қояды.
Президент «өте сапалы жолдар қажет» екенін ерекше атап өтті. «ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 2026 жылы 3400 шақырым республикалық маңызы бар жол салынып, қайта жаңартылады. Еліміздегі төрт битум зауытының жылдық өндірістік қуаты 1,6 млн тоннаны құрайды. Бұл ішкі нарық сұранысын қамтамасыз етуге жеткілікті.
Дегенмен жол сапасын жақсарту үшін отандық ғылымның әлеуетін тиімді пайдалану қажет. Әсіресе битумның қасиеттерін жетілдіру, полимерлік модификаторларды қолдану және жаңа құрылыс материалдарын әзірлеу бағытындағы ғылыми зерттеулердің маңызы зор.
Мемлекет басшысы атап өткендей, сапалы жолдар мен заманауи инфрақұрылым Қазақстанның еуразиялық көлік-логистикалық хабқа айналуына негіз болады. Бұл міндетті жүзеге асыруда ғылым, білім және инновациялық технологиялар шешуші рөл атқарады.
Осы орайда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білікті мамандар даярлау және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы еліміздің инфрақұрылымдық дамуына өз үлесін қоса береді.
Ердос Оңғарбаев,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры,
химия ғылымының докторы
ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ АУҚЫМДЫ ҚҰРЫЛЫС
Мемлекет басшысы кезекті жолдауын жариялады. Еліміздің дамудағы жаңа жоспарларын айқындап берді. 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөліп, әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым салу көзделген. Алғашқы кезекте 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны және 50-ге жуық білім, спорт, мәдениет мекемесінің құрылысын бастау: «Ауқымды құрылыс бастамасын белсенді түрде жүзеге асыруды тапсырамын. Халықтық құрылыс бағдарламасы азаматтардың әл-ауқатын арттыратын, кәсіпкерліктің өркендеп дамуына, ұлттық экономиканың жандануына зор ықпал ететін төл тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болмақ. Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуы керек. Құрылыс барысы қатаң бақылауға алынады. Ауыл-аймақтарды дамыту мәселесін әрдайым назарда ұстаймыз.
Қуатты қалалар қуатты аймақтардың, қуатты аймақтар мемлекет тетігін құрайды. Қалалардың қауіпсіз, көрікті болуына мән беру керек. Қала ауқымды дамыса сол өңірдің экономикасы да дамиды. Мемлекеттік көмек шын мұқтаж жандарға ғана берілуі керек», – деді Президент.
Иманбай ЖҰБАЙ,
журналистика факультетінің аға оқытушысы
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ БАРЫСЫНДА ОЛАРДЫҢ НАҚТЫ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ МАҢЫЗДЫ
Мемлекет басшысының жолдауында еліміздің цифрлық дамуы мен жасанды интеллектіні тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылған. Қазіргі таңда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қоғамның барлық саласына еніп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда.
Жолдауда цифрлық экономиканы дамыту және жасанды интеллектіні нақты өмірде қолдану мәселелерінің көтерілуі IT саласының болашағы мен оның қоғам дамуындағы рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Президенттің цифрлық технологияларды дамыту жөніндегі басымдықтары олардың адам өмірін жеңілдетуге, еңбек өнімділігін арттыруға және жаңа табыс көздерін ашуға бағытталуы керектігін көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, смартфонды тиімді жұмыс құралына айналдыру, ауыл тұрғындарына өнімдерін цифрлық платформалар арқылы сатуға мүмкіндік беру және мемлекеттік қызметтерде жасанды интеллектіні пайдалану бастамаларының практикалық маңызы зор.
Сонымен қатар жаңа технологияларды енгізу барысында олардың нақты тиімділігін бағалау маңызды. Пилоттық жобалардың нәтижесін саралап, табысты тәжірибені кеңінен тарату және цифрлық жүйелердің азаматтар мен мамандарға қосымша жүктеме түсірмеуін қамтамасыз ету қажет.
Жоғары білім беру саласында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні тиімді пайдалану білім сапасын арттыруға, оқыту үдерісін жетілдіруге және студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.
Жолдауда көтерілген міндеттерді жүзеге асыру барысында басты назар технологиялардың санына емес, олардың қоғамға әкелетін нақты пайдасына аударылуы қажет. Жасанды интеллектіні тиімді пайдалану үшін цифрлық инфрақұрылыммен қатар, сапалы білім, білікті мамандар және технологияны жауапкершілікпен қолдану мәдениеті маңызды.
Осылайша Президент айқындаған цифрлық даму басымдықтары IT саласын одан әрі дамытуға, заманауи технологияларды қоғам игілігіне тиімді пайдалануға және Қазақстанның цифрлық әлеуетін нығайтуға жол ашады.
Бота МАҚСҰТОВА,
Компьютерлік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы
МЕМЛЕКЕТТІҢ ШЫНАЙЫ БАЙЛЫҒЫ БІЛІМДІ ҰРПАҒЫ, КӘСІБИ МАМАНДАРЫ ЖӘНЕ ДЕНІ САУ ХАЛҚЫМЕН ӨЛШЕНЕДІ
Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады.
Жоғары оқу орнының оқытушысы әрі медицина саласының қызметкері ретінде мені жолдаудағы денсаулық сақтау және білім беру салаларына қатысты бастамалар ерекше қызықтырады. Өйткені мемлекеттің шынайы байлығы оның табиғи ресурстарымен ғана емес, білімді ұрпағы, кәсіби мамандары және дені сау халқымен өлшенеді.
Мемлекет басшысы бірінші кезекте өңірлерде 70-ке жуық денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланғанын атап өтті. Олардың қатарында перзентханалар, ауруханалар, жедел медициналық көмек көрсету станциялары, балаларға арналған оңалту орталықтары және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған спорт залдары бар.
Бұдан бөлек, Президент 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет нысанының құрылысын бастау жоспарланып отырғанын айтты. Ол бұл нысандардың халық үшін аса қажетті екенін атап өтіп, құрылысты жедел бастап, сапалы түрде аяқтап, қысқа мерзімде пайдалануға беру міндетін қойды.
Бүгінгі жолдауда айтылған міндеттердің жүзеге асуы мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігіне байланысты. Билік нақты жағдай жасап, қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етсе, мамандар өз саласында адал әрі сапалы еңбек етуі қажет. Ал білім беру мен денсаулық сақтау саласының өкілдері ретінде біздің міндетіміз – кәсібімізді жетік меңгеріп қана қоймай, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну.
Мерей ӘДІЛҚЫЗЫ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
медицина және денсаулық сақтау факультеті
БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты жолдауында халықтың тұрмысын жақсарту, экономиканы дамыту және жаңа технологияларды тиімді пайдалану мәселелері көтерілді. Осы міндеттерді орындауда білім мен ғылымның орны ерекше. Себебі елдің дамуы білімді, өз ісін жақсы білетін және жауапкершілігі жоғары мамандарға байланысты.
Жоғары оқу орнының оқытушысы ретінде мен үшін басты міндет – студентке сапалы білім беріп, оны өз бетінше ойлануға және алған білімін тәжірибеде қолдануға үйрету. Сондықтан сабақта теорияны нақты өмірден алынған тапсырмалармен байланыстыру маңызды. Математикалық және компьютерлік модельдеу арқылы студенттер өндіріс, көлік қозғалысы, энергияны үнемдеу сияқты мәселелерді шешу жолдарын зерттей алады. Мұндай жұмыстар олардың мамандыққа қызығушылығын арттырып, кәсіби дайындығын жақсартады.
Жолдауда айтылған цифрландыру мен жасанды интеллектіні тиімді қолдану мәселесі білім беру саласына да қатысты. Бұл құралдар сабақты түсінуге, ақпарат іздеуге және зерттеу жүргізуге көмек береді. Дегенмен студент дайын жауапқа сүйеніп қалмай, оның дұрыстығын тексеріп, өз қорытындысын жасай білуі қажет. Сондықтан технологияны қолданумен бірге, сыни ойлау мен академиялық адалдыққа да көңіл бөлген дұрыс.
Менің ойымша, жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыруға қосатын үлесіміз күнделікті жұмысымыздан басталады. Сапалы сабақ өткізу, студенттерді ізденуге баулу және білімін нақты іске қолдануға үйрету – осы бағыттағы маңызды қадамдар. Білімді әрі жауапты жастар даярлау арқылы еліміздің болашағына үлес қосамыз.
Лида САҒЫМБАЕВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
БАНК СЕРВИСІНДЕ ТЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТТІК
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті жолдауында жаңа тарихи кезеңде еліміздің қарқынды дамуына ықпал ететін өзекті міндеттерді атап көрсетті.
Елімізде модернизациялаудың ауқымды жоспары бойынша әлеуметтік салаға, оның ішінде транспорт, логистика мен инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге (соның ішінде 2026-2027 жылдары инфрақұрылымдық жаңғырту жобаларына 1,5 триллион теңге) бөлінетінін айтты.
Президент елімізде цифрлық экономиканы қалыптастыру және оны жаңа деңгейге көтеру туралы тың бастама ұсынды. Елімізде банктік цифрлық сервистер жақсы дамыған. Банк сервисінде Қазақстан әлемдегі дамыған мықты мемлекеттердің алдына шықты. Еліміздің азаматтары банкке бармай-ақ есепшот аша алады, электрондық қызметтерге жүгіне алады. Осыған орай, Мемлекет басшысы елімізде халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жақсартуға бағытталған халыққа арналған нағыз цифрлық экономиканы құруға және жоғары өнімді цифрлық экономиканы дамытуға тың серпін беретін барлық мүмкіндік бар екенін атап көрсетті.
Президенттің бұл жолдауы цифрлық экономикаға көшу арқылы мегаполистің де, ауылдың да тұрғындары бірдей тең мүмкіндікке қол жеткізе алатынын көрсетіп, еліміздің жарқын болашаққа апарар жолының негізгі бағыттарын айқындап берді.
Рахила НАРАЛИЕВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты жолдауын жариялады.
Мемлекет басшысы өз жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, цифрлық экономиканы қалыптастыру, жаңа технологияларды енгізу, халықтың әл-ауқатын арттыру және мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиялық басымдықтары жөніндегі маңызды міндеттерді атап өтті.
Президент жолдауында айқындалған бағыттар білім мен ғылым саласының алдына да жаңа міндеттер қояды. Бүгінгі таңда сапалы білім беру, ғылыми зерттеулерді дамыту, инновациялық технологияларды өндіріске енгізу және бәсекеге қабілетті жас мамандар даярлау – еліміздің тұрақты дамуының маңызды негізі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультеті үшін бұл міндеттердің маңызы ерекше. Ғылыми әлеуетті арттыру, химиялық технологиялар саласындағы зерттеулерді дамыту, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту және білікті мамандар даярлау – факультетіміздің басым бағыттарының бірі.
Еліміздің болашағы – білімді жастардың, ізденімпаз ғалымдардың және өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын әрбір азаматтың қолында.
Білім мен ғылымның дамуы – қуатты Қазақстанның кепілі.
Г.Жақсылықова,
ҚазҰУ химия және химиялық технология факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары
ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында Қазақстанның экономикалық және қаржылық дамуына қатысты маңызды міндеттер айқындалды. Қаржы саласының зерттеушісі ретінде мен үшін жолдаудағы ең өзекті мәселе – жинақталған қаржы ресурстарын экономиканың нақты секторына тиімді бағыттау және ұзақ мерзімді инвестициялық қаржыландыру тетіктерін күшейту. Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесі айтарлықтай орнықты деңгейге жетті. Банктер активінің 75 триллион теңгеден асуы, депозиттердің 52 триллион теңгеге жетуі – қаржы жүйесіне деген сенімнің маңызды көрсеткіштері. Депозиттердің 78 пайызының ұлттық валютада сақталуы да теңгедегі жинақтардың рөлінің артқанын көрсетеді. Алайда қаржы жүйесінің тұрақтылығы түпкі мақсат емес. Ең маңызды міндет – осы қаржы ресурстарының экономикалық өсімге қаншалықты тиімді жұмыс істеп отырғаны. Осы тұрғыдан алғанда, банктердің инвестициялық кредиттеуге белсенді қатысуы, ұзақ мерзімді қаржыландыру тетіктерін дамыту және капитал нарығының мүмкіндіктерін кеңейту ерекше маңызға ие. Қаржы ресурстары өндірісті кеңейтуге, технологиялық жаңғыртуға, еңбек өнімділігін арттыруға және жоғары қосылған құны бар жобаларды іске асыруға бағытталуы қажет. Бюджет саясаты тұрғысында мемлекеттік қаражатты тиімді жоспарлау мен басқару, шығындардың нәтижелілігін арттыру және цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану маңызды. Менің ойымша, бюджет тиімділігін бағалауда «қанша қаражат жұмсалды?» деген сұрақтан «осы қаражат қандай нәтиже берді?» деген қағидатқа көшу қажет. Салық саясаты бойынша тұрақтылық, түсініктілік және бизнесті дамытуға ынталандыру қағидаттары басым болуы тиіс. Кәсіпкер үшін болжамды салықтық орта – инвестициялық белсенділік пен ұзақ мерзімді жоспарлаудың маңызды алғышарты. Жалпы алғанда, жолдаудағы қаржы секторына қатысты негізгі бағыттарды үш ұғыммен түйіндеуге болады: қаржылық тұрақтылық, инвестициялық белсенділік және тиімді қаржыландыру. Қаржы саласының зерттеушісі және жоғары білім беру жүйесінің оқытушысы ретінде мен үшін бұл міндеттердің тағы бір маңызды қыры – заманауи қаржы құралдарын, цифрлық технологияларды және аналитикалық ойлауды меңгерген кәсіби мамандарды даярлау. Бүгінгі студент – ертеңгі қаржы нарығының, банк жүйесінің және нақты сектордың маманы. Меніңше, жолдаудың қаржы саласына қатысты негізгі мәні – қаржы ресурстарын жай ғана жинақтау емес, оларды елдің ұзақ мерзімді экономикалық дамуына жұмыс істейтін тиімді қаржы жүйесіне айналдыру.
Толқын Жұмаділова
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебі
Қаржы және есеп кафедрасы
ҚАЗҰУ-ДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2026 жылғы 28 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауы талқыланды.
Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары Мемлекет басшысының жолдауын тікелей эфирде тыңдап, ел дамуының басым бағыттарымен танысты.
Жолдауды тыңдағаннан кейін факультетте дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиын барысында қатысушылар құжатта белгіленген негізгі міндеттер мен бастамаларды талқылап, олардың білім беру, ғылым, экономика және әлеуметтік салаларды дамытудағы маңызы жөнінде пікір алысты.
Талқылау барысында жоғары оқу орындары мен ғылыми қауымдастықтың ел дамуына үлес қосудағы рөлі атап өтілді. Факультет ұжымы жолдауда айқындалған міндеттерді жүзеге асыруға атсалысуға дайын екендіктерін білдірді.
шығыстану факультетінің аға оқытушысы
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛ-АУҚАТТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
Жолдаудың негізгі мазмұны инфрақұрылымды жаңарту, халық табысын арттыру, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көлік-логистикалық әлеуетті дамыту және экономиканы әртараптандыру міндеттеріне шоғырланған. Оның стратегиялық мәні мемлекеттік инвестицияларды елдің ұзақ мерзімді өндірістік мүмкіндіктерімен және азаматтардың өмір сапасымен байланыстыруға ұмтылуынан көрінеді.
Инфрақұрылымға 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бағыттау бастамасы құрылыс белсенділігін арттырып, өңірлік инфрақұрылымды жақсартуға мүмкіндік береді. Алайда негізгі мәселе – қаражат көлемі емес, оның қайтарымы. Инвестициялардың тиімділігі жаңа өндірістік қуаттардың пайда болуы, еңбек өнімділігінің артуы, логистикалық шығындардың төмендеуі және нысандардың сапалы пайдаланылуы арқылы бағалануға тиіс. Ұлттық қор қаражатын пайдалану кезінде фискалдық тұрақтылық пен ұрпақаралық мүдде сақталуы маңызды.
Ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 110 мың теңгеге көтеру – номиналды түрде 29,4 пайыз өсім. Бұл төмен жалақы алатын азаматтардың табысын қолдауға бағытталған. Дегенмен нақты әлеуметтік нәтиже инфляцияның қарқынына, еңбек өнімділігіне және жұмыспен қамтуға байланысты болады. Сондықтан реформаның тиімділігін нақты жалақы, тұтыну шығындары және халықтың сатып алу қабілеті арқылы өлшеу қажет.
2029 жылға қарай энергетикалық тапшылықты жою, жаңа генерациялық қуаттарды дамыту және көлік дәліздерінің өткізу қабілетін кеңейту экономиканың бәсекеге қабілеттілігі үшін маңызды. Бірақ жарияланған мақсаттар нақты нәтижеге айналуы үшін жобалардың мерзімі, қаржыландыруы, желілік инфрақұрылымы және техникалық орындалуы жүйелі бақылауды қажет етеді. Транзиттік әлеуеттің өсуі де Қазақстанда өңдеу, сақтау және қосылған құн қалыптастыру қызметтері дамыған жағдайда ғана кең экономикалық әсер береді.
Жолдаудың нәтижелілігі мемлекеттік органдардың жауапкершілігіне, бюджет қаражатының ашықтығына және тәуелсіз бақылау тетіктеріне тәуелді. Тапсырмалардың жариялануы олардың орындалғанын білдірмейді; әр бастама нақты мерзіммен, қаржыландырумен және өлшенетін көрсеткіштермен бекітілуге тиіс.
Жолдаудың негізгі сынағы – жарияланған бастамалардың нақты экономикалық және әлеуметтік нәтижеге айналуы. Сараптамалық бағалау үш өлшемге сүйенуі қажет: мемлекеттік шығындардың тиімділігі, халықтың нақты әл-ауқаты және экономиканың жеке инвестиция мен өнімділікке негізделген тұрақты өсімі. Бұл көрсеткіштер бойынша нәтижелер ресми статистика, бюджеттік есептер және тәуелсіз аудит арқылы кейінгі кезеңдерде тексерілуі керек.
Ақын Бақдәулет,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының ассистент-профессоры, PhD
ЖОЛДАУ: ЕЛ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Бүгін, 2026 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдауы жарияланды. Жолдауда көтерілген мәселелер еліміздің алдағы даму бағытымен қатар, әрбір азаматтың тұрмысына, еңбек етуіне, білім алуына және болашаққа деген сеніміне қатысты деп ойлаймын.
Қазіргі әлемдегі өзгерістер кез келген мемлекеттен жылдам әрі байыпты шешім қабылдауды талап етеді. Технологиялардың дамуы, экономикалық байланыстардың өзгеруі, еңбек нарығындағы жаңа талаптар алдымызға күрделі міндеттер қойып отыр. Осындай жағдайда елдің ұзақ мерзімді мақсаттарын айқындап, күнделікті жұмысты сол мақсаттармен байланыстыра білу маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі жолдау қоғамды толғандыратын мәселелерге назар аударып, оларды шешуге ортақ жауапкершілікпен қарауға үндейді деп қабылдаймын.
Жолдаудағы маңызды бағыттардың бірі – жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономиканы қалыптастыру. Меніңше, бұл міндеттің мәнін әрбір адамға беретін мүмкіндігі арқылы бағалау қажет. Жаңа технологиялар азаматтардың уақытын үнемдеуге, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуге және еңбек өнімділігін көтеруге қызмет етуі тиіс. Адам күнделікті өмірінде осы өзгерістердің пайдасын сезінгенде ғана цифрлық дамудың нәтижесі айқын көрінеді.
Сонымен бірге технологиялық жаңару қоғамның жаңа білім мен дағдыларды игеруін талап етеді. Бүгін алған біліммен шектеліп қалмай, үнемі іздену, кәсіби біліктілікті жетілдіру, өзгерістерге бейімделу қажеттілігі артып келеді. Бұл мәселеде жастарға да, еңбек жолында тәжірибе жинақтаған азаматтарға да қолжетімді мүмкіндіктер болғаны маңызды. Әсіресе өңірлердегі тұрғындардың сапалы білімге, интернетке және заманауи қызметтерге қол жеткізуі елдің біркелкі дамуына ықпал етеді.
Мен үшін ел дамуының басты өлшемі – халықтың өмір сапасы. Экономикалық өсімнің нәтижесі отбасының табысынан, тұрақты жұмыстан, сапалы білім мен медициналық көмектен, қауіпсіз әрі жайлы ортадан көрінуі керек. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту, азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту және күнделікті тұрмыста кездесетін мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстардың маңызы зор. Әрбір шешімнің артында адамның өмірі, отбасының жағдайы мен келешекке деген үміті тұрғанын ескерген жөн.
Кәсіпкерліктің дамуы да қоғамның әл-ауқатымен тығыз байланысты. Өз кәсібін ашқан адам жұмыс орындарын құрып, жергілікті экономиканың дамуына үлес қосады. Осы тұрғыдан алғанда, кәсіпкерлерге түсінікті талаптар, тұрақты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жағдай және мемлекеттік органдармен тиімді байланыс қажет деп санаймын. Іскерлік бастаманы қолдау азаматтардың өз еңбегімен табыс табуына, қабілетін жүзеге асыруына жол ашады.
Жолдауда айтылған міндеттерді іске асыруда басқару сапасының орны ерекше. Жоспардың қаншалықты орындалғанын халық нақты өзгерістер арқылы бағалайды. Сондықтан жауапты мекемелердің жұмысы ашық болып, белгіленген міндеттердің орындалу барысы түсінікті жеткізілуі маңызды. Азаматтардың өтінішін тыңдау, орынды ұсыныстарын ескеру және мәселелеріне уақтылы жауап беру қоғамдағы сенімді нығайтады.
Өзгерістердің табысты болуы ортақ жауапкершілікке де байланысты. Мемлекеттік органдар өз міндетін сапалы орындаса, азаматтар заңды құрметтеп, кәсіби қызметіне адал қарап, қоғамдық мәселелерге бейжай қарамаса, елдің дамуына берік негіз қалыптасады. Адал еңбек, білімге ұмтылу, өзара құрмет пен жауапкершілік күнделікті өміріміздегі нақты ұстанымдарға айналуы тиіс деп ойлаймын.
Бүгінгі жолдаудан түйгенім – алдағы міндеттерді жүзеге асыру үшін жүйелі жұмыс пен сабақтастық қажет. Әр бастаманың нәтижесі бағаланып, кездескен қиындықтар ашық талқыланып, оларды шешу жолдары уақтылы қарастырылғаны жөн. Сонда қоғам алға қойылған мақсаттардың орындалуын көріп, өзгерістерге сеніммен қарай алады.
Қазақстанның болашағы туралы сөз қозғағанда, ең алдымен, келер ұрпақтың қандай елде өмір сүретінін ойлаймыз. Олардың сапалы білім алып, лайықты еңбек етуіне, қауіпсіз ортада өсіп, өз мүмкіндігін туған елінде жүзеге асыруына жағдай жасау – баршамызға ортақ міндет.
Менеджмент кафедрасының профессор міндетін атқарушы
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МЕН САЛЫҚ РЕФОРМАСЫ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗІ
Президенттің биылғы жолдауында көтерілген инфрақұрылымдық құрылысты дамыту және салық саясатын жетілдіру мәселелері еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуі үшін маңызды.
«Құру, тағы да құру!» ұстанымы аясында жолдар, әуежайлар, мектептер, ауруханалар, оңалту орталықтары мен ғылыми нысандар салу елдің әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған орталықтар мен білім, ғылым, спорт және шығармашылық инфрақұрылымын дамыту – адам капиталына салынған маңызды инвестиция.
Сонымен қатар салық саясатын жетілдіру, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау, заңнамадағы түсініксіз нормаларды жою және бизнеске түсетін негізсіз жүктемені азайту экономикалық белсенділікті арттыруға ықпал етеді.
Аталған бастамалардың тиімділігі құрылыс сапасымен, қаражаттың ұтымды жұмсалуымен, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігімен және кәсіпкерлер үшін тұрақты құқықтық ортаның қалыптасуымен өлшенеді. Ең бастысы – қолға алынған жобалар нақты нәтижеге айналып, халықтың өмір сапасын жақсартуға және экономиканың тұрақты дамуына қызмет етуі тиіс.
Айжан Асилова,
Қаржы және есеп кафедрасының профессор-зерттеушісі
БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК
Бүгін әскери журналистика сабағы аяқталар тұста студенттер:
— Ағай, Президенттің бүгінгі Жолдауы туралы не айтасыз? Сіздің пікіріңізді білгіміз келеді, — деп сұрады.
Жолдауды тікелей эфирден толық көре алмағанымды айттым. Қазір ақпаратқа қол жеткізу қандай оңай! Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде мұндай мүмкіндік бар. Көп ұзамай Жолдауға қатысты жарияланған материалдарды аудиториядағы экранға шығарып, бірге талдауға кірістік.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы назарымды аударған маңызды ойлардың бірі — келер ұрпаққа білім мен ғылымға негізделген, заңды құрметтейтін, экономикасы қуатты, озық Қазақстан қалдыру міндеті.
Бұл — мемлекеттің болашағына қатысты салмақты тұжырым. Елдің дамуы экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, сол жетістіктердің халық өміріне әкелген игілігімен де бағаланады. Жақсы білім, сапалы қызмет, жаңа технология, еңбек етуге қолайлы жағдай — мұның бәрі қоғамның мүмкіндігін кеңейтеді.
Бүгінде терең білім аламын, ізденемін, кәсіби деңгейімді көтеремін деген жастар үшін мүмкіндік мол. Президенттің білім мен ғылымға негізделген ел қалыптастыру туралы ойы осы мүмкіндіктердің болашақ үшін қаншалықты маңызды екенін аңғартады.
Жолдаудағы заңға құрмет пен қоғамдық жауапкершілік туралы тұжырымның да мәні терең. Әділдік тек заңның мәтінінде емес, оның күнделікті өмірде сақталуынан көрінеді. Журналистің шынайы ақпараты, ұстаздың адал еңбегі, әр азаматтың өз ісіне жауапкершілігі — құқықтық мәдениеттің де негізі.
Президенттің келер ұрпаққа қандай мемлекет қалдыруымыз керектігі туралы ойы, меніңше, Жолдаудың маңызды өзектерінің бірі. Өйткені бүгінгі қабылданған шешімдердің шынайы бағасын ертеңгі ұрпақ береді.
Студенттердің ел өміріндегі маңызды оқиғаға өздері қызығушылық танытып, пікір сұрағаны көңілге қуаныш ұялатты. Білімді қоғамның қалыптасуы осындай саналы қызығушылықтан да басталады.
Нартай Өтеген,
журналистика факультетінің аға оқытушысы
АЭС САЛУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМДЕР ТУРАЛЫ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЖЫЛУЭНЕРГЕТИКА МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Бүгін, 28 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты жолдауын жариялады.
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін заманауи технологияларды дамыту, ғылыми әлеуетті күшейту және білімге негізделген экономика қалыптастырудың маңызы айтылды.
Қазақстан жылына 123 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндіреді. Президенттің пікірінше, өнеркәсіп, құрылыс саласы және агроөнеркәсіптік кешені қарқынды дамып келе жатқан ел үшін, әсіресе экономиканы жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні қоғамдық өмірдің барлық саласына енгізу, соның нәтижесінде деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) салу жоспарларын ескерсек, бұл электр энергиясының көлемі аса жеткіліксіз.
Қазақстанның 2029 жылға қарай тұрақты энергетикалық профицитке қол жеткізу мақсаты «Жылуэнергетика» білім беру бағдарламасының маңыздылығын арттыра түседі. Электр энергиясына деген сұраныстың өсуі жаңа электр станцияларын салуды, қолданыстағы энергетикалық нысандарды жаңғыртуды және энергия тиімділігін арттыруды талап етеді.
Атом электр станцияларын, заманауи жылу электр орталықтарын және жаңартылатын энергия көздерін дамыту жылуэнергетика мамандарының білімі мен тәжірибесіне тікелей байланысты. Әсіресе, жылуфизикалық процестерді талдау, жылу алмасу аппараттарын есептеу, турбиналар мен қазандық қондырғыларының жұмыс режимдерін оңтайландыру, энергия тиімділігін бағалау және автоматтандырылған басқару жүйелерін қолдану қазіргі энергетика саласының маңызды бағыттары болып саналады. Сонымен қатар, энергетика саласын цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу болашақ мамандардан цифрлық модельдеу, энергетикалық жүйелердің жұмысын болжау, жабдықтардың техникалық жағдайын диагностикалау және өндірістік процестерді оңтайландыру дағдыларын меңгеруді талап етеді.
Атом электр станцияларын салуға қатысатын шетелдік серіктестерді Қазақстанда жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға, атом энергетикасы саласындағы озық технологиялар мен кәсіби құзыреттерді игеруге, сондай-ақ отандық мамандарды даярлауға тарту маңызды. Бұл міндеттер «Жылуэнергетика» білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдірумен және оны заманауи энергетика саласының талаптарына сәйкестендірумен тығыз байланысты. Атап айтқанда, студенттердің жылуфизикалық процестерді есептеу, жылуалмасу жабдықтарын жобалау, турбиналық қондырғылардың жұмысын талдау, энергия тиімділігін арттыру және энергетикалық нысандарды автоматтандырылған басқару жүйелерін меңгеруіне басымдық беру қажет.
Президент келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастау және «Мойынқұм» АЭС-інің құрылысын жеделдетуге бағытталған кешенді ынтымақтастық туралы келісімге қол қою қажеттігін атап өтті. Мұндай жобалар жылуэнергетика мамандарының кәсіби даярлығына жаңа талаптар қояды. Сондықтан білім беру бағдарламасы аясында атом электр станцияларының жылуэнергетикалық циклдері, бу генераторлары, турбиналар, конденсаторлар, жылу алмасу аппараттары және энергия өндіру тиімділігін арттыру әдістері бойынша білім мен практикалық дағдыларды дамыту маңызды. Сонымен қатар шетелдік компаниялармен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және озық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу болашақ инженерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Барлық келіссөздерде Қазақстанның ұлттық мүдделерін ескеру қажеттігі туралы Мемлекет басшысының ұстанымы «Жылуэнергетика» білім беру бағдарламасы үшін де маңызды бағдар болып табылады. Өйткені отандық инженерлік кадрларды даярлау, технологиялық білімді ел ішінде игеру және энергетикалық жабдықтарды пайдалану мен қызмет көрсету құзыреттерін қалыптастыру Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді. Демек, білім беру бағдарламасын өндіріс сұранысына бейімдеу және университет пен энергетикалық кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту – білікті мамандар даярлаудың маңызды бағыттары.
Асембаева Мансия,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
жылуфизика және техникалық физика кафедрасының доценті
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ НЕГІЗІ
Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауында білім беру саласындағы өзекті мәселелерге ерекше назар аударылуы – еліміздің болашағы үшін маңызды қадам. Себебі білім беру жүйесінің сапасы тек оқу бағдарламалары мен заманауи технологияларға ғана емес, әр баланың мүмкіндігіне жағдай жасауға, мұғалімнің еңбегін бағалауға және мектептегі өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға тікелей байланысты.
Жолдауда көтерілген инклюзивті білім беру мәселесі ерекше маңызға ие. Әрбір бала өзінің денсаулық жағдайына, жеке ерекшелігіне қарамастан, сапалы білім алуға және қоғамның толыққанды мүшесі болуға құқылы. Сондықтан ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы орта қалыптастыру – тек білім беру ұйымдарының міндеті емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Ол үшін мектеп ғимараттарын бейімдеу, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, арнайы мамандардың санын арттыру және балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жүйесін жетілдіру қажет.
Сонымен қатар балалардың даму ерекшеліктерін ерте кезеңде анықтау мәселесінің де маңызы зор. Уақытылы көрсетілген көмек баланың әлеуетін ашуға, білім алу барысындағы қиындықтарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл бағытта мемлекеттік органдардың, білім беру мекемелерінің, медицина мамандарының және қоғамдық қорлардың бірлесіп жұмыс істеуі нәтижелі болмақ. Инклюзивті білім берудің басты мақсаты – баланы ортаға бейімдеу ғана емес, оның қажеттіліктеріне сай білім беру ортасын қалыптастыру.
Мемлекет басшысы мұғалімдердің жұмыс жүктемесін азайту мәселесін де орынды көтерді. Шынында да, ұстаздың басты міндеті – оқушыға білім беру, оның қабілетін дамыту және тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету. Алайда есеп беру, түрлі цифрлық платформаларға мәлімет енгізу және қайталанатын құжаттарды толтыру мұғалімнің уақытын алып, негізгі жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан цифрландыру ұстазға қосымша міндет жүктейтін құрал емес, оның жұмысын жеңілдететін тиімді жүйе болуы керек.
Мұғалім мәртебесін арттыру тек сөз жүзінде емес, нақты іс-әрекет арқылы көрініс табуы тиіс. Ұстазға құрмет көрсету, оның кәсіби пікіріне құлақ асу және құқықтарын қорғау – білімді қоғам қалыптастырудың маңызды шарттары. Мектеп қабырғасында оқушының мұғалімге дөрекілік көрсетуі немесе күш қолдануы сияқты жағдайларға жол бермеу үшін тәрбие жұмысы жүйелі жүргізілуі қажет. Бұл ретте ата-аналардың жауапкершілігі де ерекше. Балаға әдептілік, сыйластық және жауапкершілік құндылықтарын үйрету отбасынан басталады.
Қорыта айтқанда, Президенттің Жолдауында айтылған бастамалар білім беру саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Оларды жүзеге асыру үшін нақты жоспар, жүйелі бақылау және барлық тараптың бірлескен әрекеті қажет. Инклюзивті орта қалыптастыру, мұғалімнің артық жүктемесін азайту және оның абыройын қорғау – бір-бірімен тығыз байланысты міндеттер. Балаға қолайлы жағдай жасалып, ұстаздың еңбегі бағаланған жерде білім сапасы да артады. Сондықтан білім саласындағы әрбір реформаның түпкі мақсаты адамға, оның құқығына және болашағына қызмет етуі керек.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Физика-техникалық факультет, Ассистент-профессор,
Амренова Асем Уахитовна
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – 2026: ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы Жолдауында көтерілген мәселелердің ішінде мен үшін ерекше назар аударарлық бағыттар – энергетикалық қауіпсіздік, ғылым мен білімнің дамуы және жасанды интеллектіні тиімді пайдалану.
Бүгінде елімізде электр энергиясына сұраныс артып келеді. Жаңа өндіріс орындарының ашылуы, экономиканың цифрландырылуы және деректерді өңдеу орталықтарының дамуы энергетика саласына қосымша талаптар қояды. Сондықтан жаңа электр станцияларын салумен қатар, қолданыстағы энергетикалық нысандарды жаңғырту, энергия тиімділігін арттыру және білікті инженерлер даярлау мәселесін кешенді түрде қарастыру қажет деп есептеймін.
Физика-техникалық факультетінің өкілі ретінде мені әсіресе энергетика саласына қажетті мамандар даярлау мәселесі қызықтырады. Себебі кез келген заманауи технологияның негізінде іргелі ғылыми білім жатыр. Атом электр станцияларының қауіпсіз жұмыс істеуі, жылу энергетикалық қондырғылардың тиімділігі, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану – мұның барлығы физикалық заңдылықтарды терең түсінетін, теориялық білімін тәжірибеде қолдана алатын мамандарды қажет етеді.
Жолдауда жасанды интеллект пен цифрландыруға да ерекше мән берілді. Менің ойымша, бұл технологияларды білім беру мен ғылыми зерттеулерде пайдалану маңызды болғанымен, олар адамның сыни ойлауын, ғылыми ізденісін және кәсіби жауапкершілігін алмастырмауы тиіс. Керісінше, күрделі есептеулерді орындауға, ғылыми деректерді талдауға және зерттеу нәтижелерінің дәлдігін арттыруға көмектесуі қажет.
Президенттің білім беру саласындағы артық жүктемені азайту және ұстаздың негізгі міндетіне басымдық беру туралы пікірі де назар аударуға тұрарлық. Бұл мәселе жоғары білім беру жүйесі үшін де өзекті. Оқытушының уақытын қағазбастылыққа емес, сапалы білім беруге, ғылыми жұмысқа және студентпен тікелей жұмыс істеуге бағыттау маңызды.
Сонымен қатар Жолдауда айтылған заң мен тәртіп, адал еңбек және азаматтық жауапкершілік қағидаттары университет жастары үшін де маңызды деп санаймын. Жоғары оқу орны тек кәсіби маман даярлап қана қоймай, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ғылыми адалдықты сақтайтын және қоғамға пайдасын тигізуге ұмтылатын тұлғаны қалыптастыруы қажет.
Менің ойымша, Жолдауда белгіленген міндеттердің нәтижелілігі оларды іс жүзінде жүзеге асыруға байланысты. Әсіресе ғылым, өндіріс және жоғары білім арасындағы байланысты күшейтуге, студенттердің тәжірибелік даярлығын жетілдіруге және жас ғалымдардың зерттеулерін қолдауға назар аударылғаны маңызды.
Аяжан Оразымбет
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Физика-техникалық факультетінің оқытушысы
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ҒЫЛЫМ МЕН ЭНЕРГЕТИКАНЫҢ ЖАҢА ДАМУ БАҒЫТЫ
2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы еліміздің тұрақты дамуына, экономикалық әлеуетін арттыруға және ғылым мен білімнің қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған маңызды стратегиялық міндеттерді айқындады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, электр энергиясының тапшылығын азайтуға, баламалы энергетикасын дамытуға және жоғары білікті инженерлік-техникалық мамандар даярлауға ерекше назар аударды. Бүгінгі таңда баламалы энергетика – мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігі мен технологиялық дамуының негізгі тіректерінің бірі. Сондықтан энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, энергия ресурстарын тиімді пайдалану, жаңа технологияларды өндіріске енгізу және отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыру аса маңызды. Президент көтерген бұл мәселелер жоғары оқу орындары мен ғылыми қауымдастықтың алдына үлкен жауапкершілік жүктейді. Әсіресе, физика, жылуэнергетика, техникалық физика және инженерлік ғылымдар саласында жүргізілетін зерттеулердің маңызы арта түсуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультеті, Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ғалымдары үшін Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтардың ғылыми және практикалық маңызы зор. Кафедраның қалыптасқан ғылыми мектебі, білікті профессорлық-оқытушылар құрамы және зерттеу әлеуеті еліміздің энергетика саласындағы өзекті мәселелерін шешуге ғылыми тұрғыдан үлес қосуға мүмкіндік береді. Жылу және масса алмасу процестерін зерттеу, энергия тиімділігін арттыру, жану процестерін оңтайландыру, энергетикалық жүйелерді математикалық модельдеу, экологиялық қауіпсіз технологияларды дамыту – кафедра ғалымдарының ғылыми ізденістерімен тығыз байланысты бағыттар.
Президент Жолдауында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру үшін ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту, ғылыми нәтижелерді тәжірибеге енгізу, инновациялық жобаларды дамыту және бәсекеге қабілетті жас мамандар даярлау маңызды. Осы орайда университет ғалымдарының ғылыми әлеуетін тиімді пайдалану, жас зерттеушілерді қолдау, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және энергетика саласындағы қолданбалы зерттеулерді дамыту жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Біз, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ғалымдары, Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген стратегиялық міндеттерді ғылыми зерттеулерімізбен, инновациялық бастамаларымызбен және білікті мамандар даярлау ісімен қолдауға, олардың жүзеге асуына өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайту, ғылымға негізделген технологияларды дамыту және жас ұрпақтың ғылыми әлеуетін арттыру – біздің кәсіби жауапкершілігіміз әрі ортақ мақсатымыз.
Ғылымы дамыған елдің болашағы берік!
Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен технологиялық өркендеуіне қызмет ету – отандық ғалымдардың маңызды міндеті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Физика-техникалық факультеті, жылуфизикасы және техникалық физика кафедрасының доценті, PhD
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы мемлекеттің болашақтағы даму бағыттары мен стратегиялық мақсаттарын белгілейді. Құжатта ел тәуелсіздігі мен егемендігін нығайту, инфрақұрылымдық жүйені жаңарту, өнеркәсіп және энергетика салаларын өркендету, инвестициялық тартымдылықты арттыру, цифрландыру үдерісін жеделдету және халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелері қамтылған. Аталған бағыттарды өзара сабақтастықта жүзеге асырудың маңызы зор. Себебі елдің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен өркендеуі мемлекеттік басқарудың тиімділігіне, экономиканың даму деңгейіне, ғылымның әлеуетіне және білім беру сапасына тәуелді.
Жолдауда жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану мен цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге басымдық берілуі қазіргі заман талаптарына сай келеді. Қазіргі кезеңде ғылыми-техникалық жетістіктер мен инновациялар елдердің жаһандық бәсекелестік жағдайындағы орнын айқындайтын маңызды құрал болып отыр. Осыған байланысты Қазақстан үшін жаңа технологияларды игерумен қатар, ұлттық ғылыми-техникалық базаны жетілдіру, инновациялық бастамаларды ынталандыру және жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы өзара байланысты күшейту маңызды.
Жоғары білім беру жүйесінде қызмет атқаратын маман ретінде университеттердің Жолдауда көрсетілген стратегиялық міндеттерді іске асыруға қосатын үлесін ерекше атап өткім келеді. Жоғары оқу орындары еңбек нарығына қажетті білікті кадрлар даярлаумен шектелмей, ғылыми зерттеулерді дамытуға, жаңа отандық технологияларды жасауға және алынған ғылыми нәтижелерді тәжірибеде қолдануға белсенді атсалысуы тиіс. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын жетілдіру, жас зерттеушілердің бастамаларын қолдау, халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейту және ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыру тетіктерін дамыту қажет. Сонымен бірге инженерлік-техникалық білім беру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлген жөн. Өйткені кәсіби білікті инженерлер мен инновациялық ғылыми шешімдер өнеркәсіптің, энергетиканың және экономиканың басқа да маңызды салаларының технологиялық дамуына негіз болады.
Бұдан бөлек, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру, білім беру мен денсаулық сақтау қызметтерінің сапасы және қолжетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдауды шынайы мұқтаж азаматтарға бағыттау және қоғамның барлық мүшесіне тең мүмкіндіктер ұсыну мәселелері де өзектілігін жоғалтпайды. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға және елдің орнықты дамуына ықпал етеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Электроника және астрофизика кафедрасының доцент м.а.,
PhD А.М.Демесинова
АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ: ҒЫЛЫМ, ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ КАДР ДАЯРЛАУ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған маңызды бастамаларымен ерекшеленеді. Жолдауда энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, атом энергетикасын дамытуға және осы салаға қажетті отандық мамандар даярлауға айрықша назар аударылды.
Президент Балқаш атом электр станциясының құрылысын келесі жылы бастау мүмкіндігін атап өтіп, «Мойынқұм» АЭС жобасы бойынша кешенді ынтымақтастық туралы келісімге қол қою қажеттігін айтты. Бұл бастамалар еліміздің өсіп келе жатқан энергетикалық сұранысын қамтамасыз етуге, өнеркәсіпті дамытуға және экономиканың технологиялық негізін нығайтуға бағытталған.
Атом энергетикасын дамыту – тек электр станцияларын салу мәселесі емес. Бұл – ондаған жылдарға есептелген ғылыми, технологиялық және кадрлық міндет. Сондықтан Мемлекет басшысының шетелдік серіктестерді Қазақстанда жоғары технологиялық өндірістер құруға, ядролық энергетика саласындағы құзыреттерді беруге және отандық мамандарды даярлауға тарту жөніндегі ұстанымы ерекше маңызды. Халықаралық ынтымақтастық ұлттық мүддеге, білім мен тәжірибе алмасуға және еліміздің дербес ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыруға қызмет етуі тиіс.
Бүгінде Қазақстанға ядролық физиктермен қатар реакторлық технологиялар, радиациялық қауіпсіздік, материалтану, автоматтандыру, есептеу модельдеуі, экологиялық мониторинг және радиоактивті қалдықтарды басқару салаларының мамандары қажет. Оларды даярлау ісін қазірден бастап жүйелі түрде күшейтуіміз керек. Ол үшін жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын саланың нақты сұранысымен ұштастырып, студенттердің ғылыми-зерттеу институттарында, зертханаларда және өндіріс орындарында тәжірибеден өтуіне жағдай жасау маңызды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің теориялық және ядролық физика кафедрасы үшін бұл міндеттің мәні зор. Біздің басты мақсатымыз – іргелі білімі терең, заманауи технологияларды меңгерген, кәсіби жауапкершілігі жоғары жас мамандарды даярлауға үлес қосу. Осы бағытта университеттер, ғылыми орталықтар, мемлекеттік органдар және атом саласының кәсіпорындары арасындағы әріптестікті нығайтып, бірлескен білім беру және зерттеу жобаларын дамыту қажет.
Атом энергетикасының табысты дамуы қауіпсіздік мәдениетімен тікелей байланысты. Ядролық және радиациялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарына ықтимал әсерді бағалау және радиоактивті қалдықтарды жауапкершілікпен басқару мәселелері әрдайым басты назарда болуы тиіс. Бұл бағытта тәуелсіз ғылыми сараптама жүргізу, халықаралық стандарттарды сақтау және қоғаммен ашық диалог орнату аса маңызды.
Жоғары білім мен ғылым – еліміздің технологиялық егемендігінің берік негізі. Университеттер тек маман даярлайтын орын ғана емес, жаңа білім қалыптастыратын, ғылыми идеяларды нақты шешімдерге айналдыратын орталық болуы қажет. Ол үшін зертханалық инфрақұрылымды жаңарту, жас ғалымдарды қолдау, іргелі және қолданбалы зерттеулердің сабақтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту қажет.
Іргелі ғылымға салынған инвестиция – болашақ технологияларға, білікті кадрларға және елдің зияткерлік әлеуетіне салынған инвестиция. Ядролық физика, жаңа материалдар, математикалық модельдеу және цифрлық технологиялар салаларындағы зерттеулер атом энергетикасының ғана емес, медицина, өнеркәсіп пен экологияның да дамуына ықпал ете алады.
Президент Жолдауында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру ғылыми қауымдастықтан, жоғары оқу орындарынан және өндіріс саласынан бірлескен әрі жүйелі жұмысты талап етеді. Отандық кадрлардың білімі мен тәжірибесіне сүйенген қауіпсіз атом энергетикасы Қазақстанның тұрақты дамуына және келер ұрпақтың игілігіне қызмет етеді деп сенемін.
Медеу Ержанұлы Әбішев ,
физика-математика ғылымдарының докторы, ҚазҰУ профессоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі
АЛДАҒЫ МІНДЕТ - ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ АУҚЫМДЫ ҚҰРЫЛЫС
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын арнады.
Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкіметтің және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысты.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды. Ел президенті түпкі мақсат – елімізді жаһандық өндіріс тізбегіне қосу, сондай ақ экспорттық саясатымыз да осы мақсатқа сай жүргізілуі керек екенін атап өтті. Үкімет бұл саладағы дамыған елдермен стратегиялық серіктестік орнатуға мүдделі болуына және жаңадан ашылған кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған жергілікті бизнес нысандарына орынсыз кедергі келтірмеу керек екенін ескертті. Инвесторларды тартқан кезде де осы мәселеге мән беріп, әр аймақты, әр саланы мұқият зерделеуді ұсынды. Мемлекет басшысының айтуынша, осындай мәселелер бойынша Үкіметтің үйлестіру рөлін әлдеқайда күшейту қажет, бірақ аймақтардың жекелеген салаға немесе кәсіпорынға тәуелді болып қалмауына баса назар аударуды ұсынды. Сондықтан өңірде негізгі саланы дамыта отырып, оның айналасында және ішінде де толыққанды біртұтас жүйе құру маңызды екенін атап өтті. Атап айтқанда, білім беру, қолданбалы ғылым, логистика, қызмет көрсету салаларын, сабақтас өндірістерді және технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға мән беруді баса айтты. Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» әр аймақта осындай жүйе, яғни қазіргі тілмен айтсақ, экожүйе құруға оң ықпал ететініне сенім білдірді.
Баймуратова И.А.
Әл-Фараби ҚазҰУ, филология факультеті, шетел тілдері кафедрасының ассистент профессоры.
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ МАҢЫЗДЫ ШАРТЫ
Бүгінгі Президент Жолдауында ел экономикасын дамытудың және кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа маңызды қадамдары айтылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды. Бұл – бизнес қоғамдастығы мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтатын аса маңызды шешім.
Президент атап өткеніндей, кәсіпкерлікке қолдан заңсыз тосқауыл жасау – мемлекетке қарсы жасалған қылмыс. Соңғы жылдары кәсіпкерлер түрлі сын-қатерлерді бастанкеріп келеді. Үздіксіз келетін тексерістер бизнестің еркін тыныстауына, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инвестиция құюға кедергі келтіреді. Жаңа мораторий – кәсіпкерлерге қағазбастылықтан арылып, бар назарын өндірісті кеңейтуге, өнім сапасын арттыруға және инновация енгізуге аударуға берілген үлкен мүмкіндік.
Алайда, бұл жауапкершіліктің жоқтығы деген сөз емес. Заң мен тәртіп бәріне ортақ. Басты мақсат – мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты жазалаушы сипаттан сервистік үлгіге көшіру. Бизнесті қыспаққа алу емес, оған әділ жағдай жасау – экономиканың тұрақты өсуінің кепілі.
Егер біз бәсекеге қабілетті нарық құрғымыз келсе, бизнестің тынысын ашып, әрбір бастамаға қолдау көрсетуіміз қажет. Бұл бастама ел экономикасының жаңа қарқын алуына мықты серпін береді.
Руслан Ахмағанбетов,
Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының аға оқытушысы
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫНА АРНАЛҒАН
Қазіргі күрделі геосаяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайда Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы ел тарихындағы бетбұрыс кезеңін айқындауға бағытталған. Халық күткендей, бұл құжат бұрынғы жолдаулардан мазмұны жағынан да, ауқымы жағынан да ерекшеленді. Ол декларативті сипатта емес, ұлт болашағын айқындайтын нақты әрі өткір шешімдерден тұрады. Жолдауда экономика, өнеркәсіп, білім, ғылым, экология және демография т.б. стратегиялық бағыттарды қайта құрудың нақты жолдары көрсетілген. Биылғы Жолдау Тәуелсіздіктің 35 жылдығына және ел Конституциясының жаңа редакциясының күшіне ену кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Жолдаудың басты құндылығы адам капиталы мен халықтың әл-ауқатына бағытталғанында деп білемін. Президент әлемдегі күрделі ахуалды ашық айта отырып, бізді ынтымақ пен тәртіпке шақырды. Әсіресе өңірлердегі мектеп, аурухана, спорт нысандарының тапшылығын егжей-тегжей зерттеп, шешуді тапсыруы азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтады. Болашақ ұрпаққа қуатты, дамыған әрі заң үстемдік ететін мемлекет қалдыру ортақ мақсатымыз деп келтірді.
Жолдауда біздің ең үлкен жанды жеріміз ұстаздардың қағазбастылығы мен артық жүктеме туралы ашық айтқаны көңілімізден шықты. Шын мәнінде, дәстүрлі қағаз есептерді азайтқанымызбен, оның орнын түрлі цифрлық платформаларға мәлімет енгізу сияқты жаңа «электронды қағазбастылық» басып кеткен еді. Мемлекет басшысының бұл басы артық жұмыстарды доғару туралы талабы мұғалімге ең басты міндеті сапалы сабақ беруге уақыт пен мүмкіндік сыйлайды. Сондай-ақ мектептердегі мұғалімге көрсетілетін дөрекіліктер мен қысымдарға қатысты айтқан сөзі ұстаз мәртебесін заң жүзінде ғана емес, іс жүзінде де қорғаудың нақты кепілі деп білеміз. Сонымен қатар, жаңа тарихи кезеңде білім беру жүйесін жаңғырту үшін алдымен мұғалімнің позициясын нығайту қажет екенін Мемлекет басшысы дәл басып көрсетті. Реформалардың тиімділігі мұғалімге түсетін салмақпен өлшенбеуі керек, яғни әрбір өзгеріс педагогтың стресін азайтуға бағытталуы тиіс. Президенттің мұғалімдерді пайдасыз тексерістерден, бітпейтін цифрлық есептерден және өз міндетіне жатпайтын шаруалардан босату туралы Үкіметке берген тапсырмасы білім сапасын арттырудың төте жолы. Ұстаздың қоғамдағы абыройын қорғау ісіне тек мектеп қана емес, отбасы мен ата-ана да ортақ жауапты болуы керек деген тұжырым заманауи қоғамдық сананы өзгертуге серпін береді.
Халықтың ойында күрделі болған білім беру инфрақұрылымына ерекше назар аударылуы ұстаздар қауымы үшін үлкен қолдау деп білеміз. Мемлекет басшысы өңірлердегі мектеп тапшылығы мәселесін нақты зерттеп, шешуді міндеттеді. Жаңа тарихи кезеңде біз тек ғимараттар санын арттырып қана қоймай, заманауи білім беру мазмұнына, оның ішінде цифрландыру мен оқыту сапасына баса мән беруіміз керек екенін баса назар аударды. Мектептердің жаппай бой көтеруі болашақ бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеуге құйылған ең тиімді инвестиция болып табылады.
Жаһандық алмағайып заманда біздің басты күшіміз – бірлікте. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, басты мақсат – әділетті қоғам құру және ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру. Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, ал бабалар аманаты болған кең байтақ жерімізді өркендету – перзенттік борышымыз. Президент Жолдауындағы мақсаттарға бірге қол жеткізіп, ел дамуына атсалысайық!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті,
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры м.а.,
педагогика ғылымдарының кандидаты Абай Дүйсенбаев
САЯСИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАЛАР: ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
Бүгінгі Президент Жолдауын, ең алдымен, Қазақстанның саяси жүйесіндегі өзгерістердің жалғасы ретінде қарастыру қажет. Менің ойымша, үш мәселеге ерекше назар аударған жөн. Біріншіден, институттық қайта құру. Жолдаудың бір палаталы Құрылтайда алғаш рет жариялануы жаңа конституциялық жүйе аясындағы саяси өзгерістердің келесі кезеңін білдіреді. Алайда бұл өзгерістердің тиімділігі Құрылтай өкілеттіктерінің нақты мазмұны мен атқарушы билікті бақылау тетіктеріне байланысты болады. Екіншіден, стратегиялық жоспарлау. Ел дамуының ұзақ мерзімді бағдарын әзірлеу туралы тапсырма халықаралық тұрақсыздық жағдайында мемлекеттік саясаттың сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге ұмтылысты көрсетеді. Үшіншіден, саяси жауапкершілік. Негізгі мәселе – жаңа институттар мен жарияланған реформалардың биліктің есептілігін, мемлекеттік басқару сапасын және қабылданған шешімдердің орындалуын қаншалықты қамтамасыз ететінінде. Жалпы алғанда, Жолдау мемлекеттің жаңа тарихи және геосаяси жағдайларға бейімделуге ұмтылысын көрсетеді. Алайда саяси жаңғырудың тұрақтылығы институттардың өзгеруімен ғана емес, олардың іс жүзінде қаншалықты тиімді жұмыс істейтінімен де өлшенеді.
Философия кафедрасының доцент-зерттеушісі,
Нұрлан Әкімбайұлы Мүминов
ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген маңызды мәселелердің бірі – қоғамдық сананы жаңғырту және қалыптасқан ойлау жүйесін өзгерту қажеттілігі.
Жолдау туралы дикурста пікір білдірудің күрделілігі оның перспективтілігі мен консеквионализміне байланысты екендігінің интенционалдылығымен шартталады. Біз ноуменалдылықтан алшақтап, прагматистік бетбұрыстарға бағытталуымыз стратегия болашағының шартының мазмұнын құрайды.
Президент атап өткеніндей, елдің дамуы тек экономикалық реформалар мен технологиялық жаңаруға ғана емес, ең алдымен, адамдардың дүниетанымы мен қоғамдық санасының өзгеруіне байланысты. Бұл тұжырымның терең философиялық мәні бар. Өйткені кез келген қоғамдық өзгерістің негізінде адамның ойлау мәдениеті, құндылықтық бағдарлары мен азаматтық жауапкершілігі жатыр.
Бүгінгі цифрлық дәуірде жасанды интеллект пен жаңа технологияларды енгізу қоғам дамуының маңызды шартына айналды. Алайда технологиялық жетістіктер адамның санасы мен ойлау мәдениетіндегі сапалық өзгерістермен ұштасқанда ғана шынайы нәтижесін береді. Сондықтан қоғамдық сананы жаңғырту – жаңашылдыққа ашық болу, сыни ойлау қабілетін дамыту, білім мен еңбекке құрметпен қарау, жеке жауапкершілікті сезіну деген сөз.
Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім мен ғылымның міндеті тек кәсіби мамандар даярлаумен шектелмейді. Университеттер қоғамның интеллектуалдық және рухани жаңғыруына ықпал ететін, дербес ойлайтын, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, заман талабына бейімделе алатын тұлғаны қалыптастыруы тиіс.
Сананы жаңғыртудың феноменологилық редукциясы өткенді қайталаудан тұрмайды, эквиваленттердің құрылымының негізгі мәдени-әлеуметтік мәртебесінің консолидациясы арқылы ашылады.
Қоғамның шынайы жаңғыруы адамның санасынан басталады. Ал саналы азамат – дамыған мемлекеттің басты құндылығы.
Берік Аташ, ф.ғ.д.,
философия кафедрасының доценті
ЖОЛДАУ ТАЛАБЫ – БІЛІМ МЕН ИННОВАЦИЯ ИНТЕГРАЦИЯСЫ
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айқындалған міндеттер отандық білім беру жүйесі мен ғылым саласын түбегейлі жаңғыртудың жаңа кезеңін бастап берді. Бүгінгі таңда білім мен ғылым мемлекеттің басты қозғаушы күші, ал зияткерлік капитал ұлттың ең басты байлығы болып табылады. Сондықтан Жолдауда ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру, жоғары оқу орындарының әлеуетін күшейту және жасанды интеллект сияқты озық технологияларды оқу үдерісіне біріктіру мәселелерінің көтерілуі өте орынды әрі уақыт талабына сай шешім екені даусыз.
Бұл стратегиялық бағыт еліміздің академиялық қоғамдастығының алдына ауқымды міндеттер қояды. Ендігі кезекте тек теориялық білім беріп қана қоймай, студенттер мен жас ғалымдардың зерттеушілік дағдыларын дамыту, оларды отандық ғылымның іргелі жобаларына тарту маңызды. Жолдауда айтылған қолдау шаралары ғылыми зертханаларды заманауи құралдармен жабдықтауға, оқытушылар мен ғалымдардың кәсіби деңгейін халықаралық стандарттарға сай көтеруге үлкен мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Жолдаудағы тұрақты даму қағидалары білім мазмұнын жаңартуды талап етеді. Заманауи білім беру бағдарламалары экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жасыл технологияларды меңгеруге және инновациялық ойлау жүйесін дамытуға бағытталуы тиіс. Қорыта айтқанда ғылым мен білімнің терең интеграциясы елдің технологиялық дербестігін қамтамасыз етіп, жаңа заман сын-қатерлеріне төтеп бере алатын бәсекеге қабілетті, зияткер ұрпақты қалыптастырудың басты кепілі болмақ.
М. Жамбылқызы,
PhD, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Филология факультеті
Түркітану және тіл теориясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАР МЕН САПАЛЫ БІЛІМ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ТІРЕГІ
Президент жолдауы және оқытушының кәсіби көкжиегі: елдің стратегиялық даму бағыттарын түсіну – сапалы білім берудің негізі. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында экономикалық даму, энергетикалық қауіпсіздік, цифрландыру, жасанды интеллект және ғылымның маңыздылығы атап өтілді.
Елдің стратегиялық басымдықтарын түсіну – сапалы білім берудің маңызды негізі. Заманауи оқытушының міндеті тек білім берумен шектелмей, студенттердің сыни ойлауын, зерттеушілік қабілетін дамытып, алған білімін қоғам мен өндірістің қажеттіліктерімен байланыстыруға бағытталуы тиіс.
Б.Сауденбекова,
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының аға оқытушысы, PhD
ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ – ЕЛДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында экономиканы жаңғырту, энергетикалық қауіпсіздік, цифрландыру, жасанды интеллект және ғылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бүгінде жоғары білімнің басты мақсаты – тек теориялық білім беру емес, ғылыми ойлайтын, инновациялық технологияларды меңгерген және алған білімін тәжірибеде қолдана алатын білікті мамандар даярлау.
Әсіресе химия, катализ және мұнайхимия салаларында өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық қауіпсіз технологияларды дамыту маңызды.
Ғылым мен білімнің сабақтастығы, жас зерттеушілерді қолдау және инновациялық ізденіс – еліміздің тұрақты дамуының кепілі.
Қ.Амантайұлы,
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының оқытушысы
ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢ: ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТЫ РЕФОРМАЛАР
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды бастамаларды ұсынды.
Президент экономиканы жаңғырту, халықтың әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды дамыту және мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ реформаларды созбалаңға салмай, нақты нәтижеге қол жеткізудің маңыздылығына тоқталды.
Жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік мәселелерге ерекше назар аударылды. Жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақыны 100 мың теңгеге дейін көтеру жоспарлануда. Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік көмекті шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттау және салық жүктемесін әділ бөлу мәселелері көтерілді.
Президент 2027 жылды Ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды. Осы кезеңде жаңа атом электр станциясының құрылысын бастау, жолдардың сапасын жақсарту және инфрақұрылымдық жобаларды жандандыру жоспарланып отыр.
Инфляцияны тежеу, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті дамыту негізгі міндеттердің бірі ретінде белгіленді. Шағын бизнеске жүргізілетін тексерулерге үш жылдық мораторий енгізу бастамасы да көтерілді.
Мемлекет басшысы цифрландыруды экономикалық өсудің маңызды құралы ретінде атап өтті. Жаңа технологияларды кеңінен енгізу арқылы азаматтардың табыс табу мүмкіндіктерін арттыру және мемлекеттік қызметтердің тиімділігін күшейту қажеттігі айтылды.
Жолдаудың басты бағыты – нақты нәтижеге қол жеткізу.
Ұсынылған бастамалар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және еліміздің инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған.
Жаңа тарихи кезең – жауапкершілік, жүйелі реформалар және нақты істер кезеңі.
Гүлжан Бадавамова,
Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының доценті, х.ғ.к.
ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ
Президент жолдауындағы ғылым, техника және цифрлық даму мәселелеріне елдің болашағы тұрғысынан қарау қажет. Бүгінгі әлемде мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі табиғи байлығымен ғана емес, ғылыми әлеуетімен, технологиялық дербестігімен және адами капиталының сапасымен өлшенеді.
Ғылым нәтиже беруге, технология елдің қуатын арттыруға тиіс. Ғылыми жаңалық зертханада немесе ғылыми мақала бетінде қалып қоймай, өндіріске, экономикаға, медицинаға, білімге қызмет етуі керек. Университеттер мен ғылыми орталықтардың кәсіпорындармен байланысын нығайтып, отандық зерттеулерді нақты өнім мен технологияға айналдыру – уақыт талабы.
Цифрландыру мен жасанды интеллект те осы міндетке қызмет етуі қажет. Технологияны сырттан сатып алу – дамудың бір жолы, бірақ оны өзіміз жасап, жетілдіріп, экспорттай алу әлдеқайда биік деңгей. Қазақстан үшін технологияны тұтынушы ғана емес, жаңа шешімдер өндіретін елге айналу стратегиялық маңызға ие.
Мұның бәрі білім сапасына келіп тіреледі. Ғалымды, инженерді, бағдарламашыны, жаңашыл ұстазды даярламай, технологиялық серпіліс жасау қиын. Сондықтан білім беру жүйесі дайын ақпаратты меңгертумен шектелмей, сыни ойлауға, зерттеуге, жаңалық ашуға және дербес шешім қабылдауға баулуы керек.
Тағы бір маңызды мәселе – цифрлық дамудың адамға қызмет етуі. Жаңа технология мемлекеттік қызметті жеңілдетіп, еңбек өнімділігін арттырып, уақыт пен ресурсты үнемдеуге мүмкіндік беруі тиіс. Әйтпесе цифрландыру сыртқы жаңарумен шектеліп, оның экономикалық және әлеуметтік қайтарымы төмен болуы мүмкін.
Басты мәселе – технологияның бар-жоғында емес, оны жасайтын білімнің, қолданатын біліктің және нәтижеге жеткізетін жүйенің болуында.
Қазақстанның ғылыми-технологиялық болашағы зерттеушіге жасалған жағдайға, ғылымға бөлінген қаржының тиімділігіне, университеттердің әлеуетіне және жаңашыл бастамалардың қолдау табуына байланысты.
Нұрхалық Абдырақын,
ҚазҰУ шығыстану факультетінің
аға оқытушысы, PhD
DIGITAL QAZAQSTAN: ЦИФРЛЫҚ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның цифрлық экономиканы құруға міндетті екенін айрықша атап өтті. Бұл – уақыт талабы ғана емес, елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігінің шарты. Біріншіден, цифрлық экономиканың іргетасы қаланып жатыр. Президент атап өткендей, суперкомпьютерлер іске қосылды, Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық магистраль тартылды, деректерді өңдеу орталықтары салынуда.
Бұл – Digital Qazaqstan стратегиясының инфрақұрылымдық негізі. Алайда инфрақұрылым – мақсат емес, құрал. Оның экономикалық қайтарымы нақты секторлардағы өнімділік өсімімен өлшенуі тиіс. Екіншіден, Президенттің «цифрландыру қолданыстағы үдерістерді автоматтандырумен алмастырылмауы керек» деген ескертпесі өте орынды. Шынайы цифрлық трансформация ескі бизнес-үдерістерді электронды форматқа көшіру емес, басқару моделін, қызмет көрсету тәсілін және шешім қабылдау тетігін түбегейлі өзгертуді білдіреді. Үшіншіден, қаржы саласының зерттеушісі ретінде бағдарламалық өнімдерді сатып алудың тиімділігі туралы мәселеге ерекше назар аударғым келеді.
Кез келген цифрлық жобаға инвестициялық жоба ретінде қарау қажет: шығын мен пайданы алдын ала бағалау, нәтиже көрсеткіштерін белгілеу және іске асырылғаннан кейін тиімділікті тәуелсіз талдау. Практикалық пайдасы түсініксіз қымбат жүйелерді сатып алу бюджет қаражатын тиімсіз жұмсауға әкеледі. Төртіншіден, цифрлық экономика – ең алдымен, адам капиталы.
Технологияны сатып алуға болады, ал оны тиімді қолдана білетін мамандарды тек сапалы білім беру жүйесі ғана даярлай алады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары ретінде біз цифрлық трансформацияның экономикалық тиімділігін бағалау, цифрлық қаржы және деректерге негізделген басқару бағыттарында зерттеулер жүргізіп, жаңа технологиялық үрдіске сай мамандар даярлауға үлес қосуға дайынбыз. Сөзден іске көшу – цифрлық Қазақстанның басты шарты.
Лаура Қуанова,
Экономика және бизнес жоғары мектебінің доцент-зерттеушісі, PhD
ШӘКІРТ ТӘРБИЕСІНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУҒА ЖІГЕРЛЕНДІРЕДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында ұстаз мәртебесіне ерекше назар аударуы – білім мен ұрпақ болашағына көрсетілген қамқорлықтың айқын көрінісі. Президенттің мұғалімнің абырой-беделін қорғау, артық жүктемесін азайту жөніндегі ұстанымы ұстаздар қауымына қолдау әрі сенім береді. Ел болашағын тәрбиелейтін педагогтің еңбегін бағалау – қоғамның өркендеуіне бастайтын маңызды қадам.
Президент білім саласындағы өзгерістер мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге тиіс екенін орынды атап өтті. Түрлі платформалардағы қайталанатын есептерді азайтып, ұстазға сапалы сабақ өткізуге, әр баланың қабілетін ашуға уақыт беру қажет. Сонымен қатар мұғалімге құрметсіздік көрсетуге жол бермей, оқу орындарындағы мәселелерді әділ шешу маңызды. Осы бағыттағы тапсырмалар педагогтің кәсіби беделін нығайтып, мектеп пен отбасының ортақ жауапкершілігін арттыруға негіз болады.
Ұстаз ретінде Мемлекет басшысының мұғалім еңбегіне құрметпен қарап, оның қоғамдағы орнын, дәрежесін нығайтуға мән беруін жоғары бағалаймын. Осындай қолдау ұстаздарды ізденіске, шығармашылыққа және шәкірт тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға жігерлендіреді.
Жолдауда белгіленген міндеттердің жүзеге асуы педагогтің күнделікті жұмысынан көрініс тауып, білім сапасының артуына ықпал етеді деп сенемін. Ұстазы қадірлі елдің ұрпағы білімді, болашағы берік болады.
Ысматолла ТҮМЕНБАЙ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің оқытушысы
ХАЛЫҚТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКА – ЖАҢА МҮМКІНДІК БАСТАУЫ
Қазір цифрлық технологиялар қоғам өмірінің барлық саласына еніп, адамдардың жұмыс істеуіне, білім алуына және күнделікті мәселелерін шешуіне жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Осындай жағдайда Қазақстанның цифрлық экономика құруға басымдық беруі – заман талабынан туындаған маңызды қадам. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдауында еліміздің технологиялық әлеуетін арттырумен қатар, жаңа мүмкіндіктерді халық игілігіне пайдаланудың маңызын атап өтті. Суперкомпьютерлердің іске қосылуы, деректерді өңдеу орталықтарының салынуы және цифрлық инфрақұрылымның дамуы осы бағыттағы алғашқы нәтижелердің бірі. Дегенмен цифрландырудың тиімділігі жаңа технологияларды енгізумен ғана емес, олардың қоғамға нақты пайда әкелуімен өлшенуі тиіс.
Мемлекет басшысы цифрландыру ісі қолданыстағы үдерістерді автоматтандырумен немесе қымбат бағдарламалық өнімдерді сатып алумен шектелмеуі керектігін атап көрсетті. Шынында да, технологияны қолданудың басты мақсаты – нақты мәселелерді шешу және адамдардың мүмкіндіктерін кеңейту. Бүгінде азаматтар банк қызметтерін пайдаланып, тауар сатып алып, түрлі қызметтерге смартфон арқылы тапсырыс бере алады. Ендігі міндет – осы мүмкіндіктерді одан әрі дамытып, интернетті тек ақпарат пен көңіл көтеру құралы емес, еңбек ету мен табыс табудың тиімді ортасына айналдыру. Жасанды интеллект пен цифрлық платформалар адамның жұмысын жеңілдетіп, жаңа идеяларды жүзеге асыруына жол аша алады. Менің ойымша, цифрлық жаңғырудың басты нәтижесі – технологияның адамдар өміріне нақты пайда әкелуі.
Халықтық цифрлық экономиканы қалыптастыруда ауыл мен қала тұрғындарының мүмкіндіктерін теңестірудің маңызы зор. Қазіргі таңда адамның табыс табуы мен кәсіби дамуы оның тұрғылықты жеріне де байланысты. Ал цифрлық платформалар бұл шектеулерді азайтуға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, халықтық цифрлық экономиканы қалыптастыру мен ауқымды құрылыс бастамалары Қазақстанның болашағына бағытталған маңызды қадам. Жаңа технологиялар азаматтардың жұмыс істеуіне және табыс табуына мүмкіндік берсе, заманауи инфрақұрылым олардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді. Меніңше, кез келген жаңғырудың басты мақсаты – жаңа мүмкіндіктерді халықтың игілігіне айналдыру.
Құралай Амангелді,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Қазақстан тарихы кафедрасының
PhD докторанты
ЖАҢА СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРДЫ АЙҚЫНДАЙТЫН ҚҰНДЫ БАСЫМДЫҚТАР
Президенттің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты жолдауы еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын айта кеткен жөн.
Жолдаудың негізгі басымдықтары – экономиканы дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, инфляцияны төмендету және білім мен ғылымды дамыту болып табылады.
Менің ойымша, бұл бағыттардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Әсіресе экономиканы цифрландыру мен отандық өндірісті дамыту маңызды. Себебі елдің тұрақты өсуі тек табиғи ресурстарға емес, заманауи технологияларға, білімді мамандарға және тиімді басқаруға негізделуі тиіс.
Қаржы-банк секторындағы басты міндет – қаржы ресурстарын экономиканың нақты секторына тиімді бағыттау. Бұл үшін банктердің инвестициялық кредит беруін кеңейту, ұзақ мерзімді қаржыландыруды дамыту, капитал нарығын жетілдіру және қаржы қызметтерін цифрландыру қажет.
Сонымен қатар мемлекеттік бюджетті тиімді басқару, салық жүйесін жетілдіру, инфляцияны төмендету және қаржы нарығының тұрақтылығын сақтау маңызды.
Менің пікірімше, ең өзекті мәселе – банктердің қаражатын экономиканың нақты дамуына жұмылдыру. Банктер тек тұтынушылық кредит берумен шектелмей, өндіріс орындарын, шағын және орта бизнесті, инновациялық жобаларды белсенді қаржыландыруы керек. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, отандық өндірісті ұлғайтуға және елдің импортқа тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қаржы саласына енгізуді қолдаймын. Олар мемлекеттік шығындардың ашықтығын арттырып, қаржылық тәуекелдерді азайтуға және шешім қабылдау сапасын жақсартуға ықпал етеді. Дегенмен цифрландырумен қатар, ақпараттық қауіпсіздік пен азаматтардың жеке деректерін қорғауға да ерекше көңіл бөлінуі қажет.
Жалпы, Президент жолдауында белгіленген бағыттарды оң бағалаймын. Менің ойымша, оның негізгі құндылығы – экономикалық өсімді халықтың нақты өмір сапасымен байланыстыруында.
Біріншіден, инвестиция мен кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға болады. Екіншіден, инфляцияны төмендету халықтың сатып алу қабілетін сақтауға көмектеседі. Үшіншіден, білім, ғылым және жасанды интеллектіні дамыту Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Алайда мен үшін маңыздысы – жоспарланған міндеттердің қағаз жүзінде қалмай, нақты нәтижелермен көрініс табуы. Қаржының тиімді жұмсалуы, мемлекеттік органдардың жауапкершілігі және қабылданған шешімдердің ашықтығы тұрақты бақылауда болуы керек.
Қорытындылай келе, жолдауды Қазақстанның болашақ дамуына бағытталған маңызды стратегиялық бағдар деп санаймын. Оның табысты жүзеге асуы экономикалық реформалардың сапасына, қаржы ресурстарының тиімді пайдаланылуына және мемлекет, бизнес пен қоғамның бірлескен жұмысына байланысты. Ең бастысы – экономикалық даму әрбір азаматтың тұрмысынан, табысынан және өмір сүру сапасынан көрініс табуы тиіс.
Меруерт Дәрібаева,
Қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті жолдауы жарияланды. Президент өз сөзінде еліміздің жаңа тарихи кезеңдегі даму бағыттарын айқындап, алдымызға ауқымды міндеттер қойды.
Жолдаудағы ең өзекті бағыттардың бірі – «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мәселесі.
Кез келген мемлекеттің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуі, ең алдымен, заңның үстемдігі мен қоғамдық тәртіпке тікелей байланысты. Заң алдында бәрінің тең болуы және құқықтық мәдениеттің жоғары болуы – дамыған қоғамның басты белгісі. Мемлекет басшысы атап өткендей, заңсыздық пен тәртіпсіздік орын алған жерде ешқандай реформа жүзеге аспайды және экономикалық ілгерілеу де болмайды.
Білім ордасында болашақ мамандарды, ел тірегі болар жастарды тәрбиелеп отырғандықтан, біз студенттер бойында құқықтық сана мен жауапкершілікті қалыптастыруға ерекше мән беруіміз керек. Әрбір азамат өз құқығын біліп қана қоймай, өзгелердің құқығын құрметтеуді, заң талаптарын бұлжытпай орындауды күнделікті әдетке айналдыруы тиіс.
Әділетті Қазақстанды құру жолында заң мен тәртіптің сақталуына, қоғамда құқықтық мәдениеттің артуына өз үлесімізді қосу – ортақ міндетіміз.
Шынар Қанафьева,
шығыстану факультеті
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доцент міндетін атқарушы, PhD
ЦИФРЛЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ ЖАҢА МІНДЕТТЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР
2026 жылдың 28 қазан күні Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты жыл сайынғы халыққа жолдауын үндеді.
Жолдау – Қазақстан Республикасы Президентінің Құрылтайға, Үкіметке және бүкіл Қазақстан халқына арнаған ресми үндеуі, стратегиялық маңызы бар заңды құжат. Жолдауда берілетін тапсырмалар, анықталатын бағыттар ел экономикасының дамуына, ел іргесінің нығаюына және мемлекеттіктің күшеюіне бірден-бір ықпалы бар.
Жолдауда ел экономикасын цифрландыру, жасанды интеллект және үлкен күре жолдар (елдер мен қалаларды біріктіретін) мен ауылдық жерлердегі (ауыл мен ауылды біріктіретін) жолдарды жөндеу сынды келелі, халықтың жанына батып жүрген мәселелерді көтере отырып, жалпы елдегі логистикалық инфрақұрылымды дамыту қажеттілігін, маңыздылығын аша отырып нақты тапсырмалар берілді. Яғни биылғы жолдау арқылы 2027 жыл «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жарияланды. Осыған орай, құрылыстарда таза суды пайдалануды шектеу, қайта тазартылған суларды пайдалану мәселелері, ауызсу мәселелері жақсы айтылды. Бұл деген мемлекеттегі әрбір тұрғынның тұрмыс-тіршілігіне, еңбекпен айналысуына, кәсіп жасауына, білім алуына және сол арқылы жарқын болашағына нық сеніммен қарауына үлкен септігін тигізері сөзсіз. Олай болса, мемлекеттің де болашағы, елдің ертеңі айқын деуге болады. Әр адамның іскерлік бастамасы қолдау тапса, ол еңбек ете отырып табыс табуға, іскерлік қабілеттерін жүзеге асыруға, жетілдіруге жол ашады. Сайып келгенде, кәсіпкерлер экономикадағы белсенді халық құрамын арттырады және сол арқылы салық төлеушілер қатары көбейеді, ол деген – ел бюджетінің өз уақытында толуына үлкен мүмкіндіктер болады деген сөз. Сол үшін де жолдауда Президенттің 2027 жылдың 1 қаңтарынан шағын және орта бизнеске мораторий жариялауы осы мақсатта деп білемін. Еңбекті адал істеу, білімді кеңейту мен тереңдетуге ұмтылу, іскерлік ортада, тіпті қоғамда өзара құрмет пен жауапкершілік таныту бәріміздің күнделікті өмірімізде белгілі бір ұстанымға айналуы керек және де адамдар арасындағы мәдениеттің, экономикалық мәдениеттің қалыптасып, дамуына жақсы тиек болар еді.
Мемлекеттің азаматшасы ретінде азаматтық позицияны ұстануым арқылы еңбек етіп жатқан сферада – жоғары білім беру саласында мамандарды даярлауда осы жауапкершілікті ұстана отырып, жолдаудағы міндеттер мен талаптарды сақтауым керек.
Жолдаудағы үндеу әрбір қоғам мүшесіне жету үшін мемлекет, бизнес, ғылыми қауымдастық және білім беру ұйымдары өзара бірлесе әрекет етуі керек, сол арқылы еліміздің ұзақ мерзімді, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпін беріледі деп сенемін.
Гүлия Иляшова,
Экономика кафедрасының доцент м.а., PhD
ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жыл сайынғы жолдауын жариялады. Мемлекеттің даму жолын айғақтап, әлеуметтік, экономикалық мәселелердің одан ары даму жолына жаңаша бастамалар жасау үшін құрылтай депутаттарына тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар ол ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеруді, 2027 жылы ауқымды құрылыс жұмыстарын бастауды және Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлуді тапсырды. Сондай ақ Мемлекет басшысы инфляция, әлеуметтік көмек, ауруханалар құрылысы, салық жүйесі және жол сапасына қатысты пікір білдірді.
Мемлекет басшысы бұл әлеуеттің жай ғана шоттарда жатып құнсызданбауы керектігін, оны барлық өңірдегі инфрақұрылымды, жолдарды, мектептер мен ауруханаларды ауқымды түрде жаңартуға жұмсау қажеттігін мәлімдеді. Президент 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады. Басты ұстаным мынада: әлемді жасанды интеллект жаулап жатқанда, Қазақстан өмір сүру үшін нақты, мықты негіз қалайды.
Құрылыс жұмыстары ірі мегаполистерден бастап, шалғайдағы ауылдарға дейінгі барлық өңірді қамтиды.
Жаңа жолдар салынып, вокзалдар мен әуежайлар жаңартылады. Ауруханалар, спорт кешендері, кітапханалар мен шығармашылық үйлері бой көтереді. Тұрғын үй құрылысы, ауылдарға газ бен таза ауызсу тарту жұмыстары жалғасады.
Президент инфрақұрылым салу жұмысы елдің барлық аймағын қамтуға тиіс. Бұл ретте мәселе жекелеген құрылыс жобаларымен шектелмей, өңірлердегі әлеуметтік нысандарға деген қажеттілікті кешенді түрде анықтауға басымдық берілуі керектігіне тоқталды.
«Бұған дейін де айттым: Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс. Мәселе жекелеген жобаларға қатысты болып отырған жоқ. Жалпы, барлық аймақта жаппай құрылысты бастап, жандандыру қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жолдауда Мемлекет басшысы бірінші кезекте облыстардың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілігін жан-жақты зерттеп, талдау жұмысын тез арада толық аяқтауды тапсырды.
Президенттің сөзінше, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және азаматтарды қажетті қызметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп атап көрсетті.
Ерлан КІРШІБАЕВ,
биология ғылымының кандидаты,
қауымдастырылған профессор
ТАБИҒИ БАЙЛЫҚ ПЕН САПАЛЫ БІЛІМ – ТҰРАҚТЫ ДАМУ ТІРЕГІ
Президентіміз Қ.Тоқаевтың дәстүрлі жолдауы еліміздің болашағына ортақ жауапкершілікпен қарауға елімізді шақыратын маңызды құжат. Президент жолдауында көтерілген екі мәселеге тоқталғым келеді.
Соның бірі – еліміздің ұлттық байлығын ұтымды пайдалану. Бұл стратегиялық табиғи қорының бірі болып табылатын еліміздің жер байлығын, сонымен бірге су мен жер ресурстарын тиімді пайдалану қажеттілігін көрсетеді. Ал биология саласындағы еліміздің жануарлар мен өсімдіктердің алуантүрлілігін сақтау және ауылшаруашылық өнімдерінің түсімін арттыруға арналған ғылыми еңбектеріміз осы бағыттағы еліміздің экономикасын көтеруге қосатын үлесіміз болып табылады. Мысалы, ауыл шаруашылығында құрғақшылыққа төзімді сорттарды шығару, суару мерзімін өсімдіктің қажеттілігіне қарай белгілеу және топырақтың ылғал сақтау қабілетін арттыру суды ұтымды пайдалануға және келешек ұрпақ үшін табиғи қорлардың сақталуына мүмкіндік береді.
Екінші, университет оқытушысы ретінде жолдаудағы білім беруді жаңғырту міндеттері аясында жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу жұмыстарына назарым ауды. Жасанды интеллектіні тиімді қолдану биологиялық пән тақырыптарына сай және студенттердің жеке қабілеттерін ескеруді талап етеді. Бұл педагогтің өз саласынан білімінің, цифрлық құзыретінің жоғары болуына сұраныс тудырады. Өйткені мұндай жұмыстар оқу мазмұнының сапасын жақсартып қоймай, жасанды интеллект ұсынған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай білуді қажет етеді. Жасанды интеллектіні қолдану білім алушылардың өздігінен дербес ойлауын және шығармашылық ізденісін дамытуы қажет. Алайда оқыту сапасының артуы технологияны енгізумен ғана шектелмеу керек. Мұнда академиялық адалдық пен этикалық қағидаларды сақтай отырып студенттерге білім беру маңызды.
Б.ЖҰМАБАЕВА,
биология және биотехнология факультеті
Молекулалық биология және генетика
кафедрасының доценті
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІНЕ НАЗАР АУДАРЫЛДЫ
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты жолдауын жариялады. Онда елдің алдағы даму бағыттары, цифрландыру, білім беру, денсаулық сақтау және ғылымның рөліне қатысты маңызды мәселелер көтерілді. Ғалым әрі университет оқытушысы ретінде мен үшін бұл бастамалардың нақты нәтижеге ұласуы ерекше маңызды. Жолдауда цифрлық технологиялардың тиімділігіне назар аударылған. Бұл мәселе ғылым мен білім саласына да тікелей қатысты. Ақпараттық жүйелер көбейгенімен, оқытушының жұмысы жеңілдемесе, мұндай өзгерістің пайдасы шамалы. Цифрландыру артық есептілікті азайтып, ұстаздың студентпен жұмыс істеуіне, ал ғалымның зерттеу жүргізуіне көбірек уақыт қалдыруы тиіс. Жасанды интеллект пен заманауи есептеу технологиялары биофизика, биомедицина және нейроғылымда жаңа мүмкіндіктер ашуда. Олар күрделі биологиялық үдерістерді модельдеуге, тәжірибелік деректерді талдауға және аурулардың даму механизмдерін зерттеуге көмектеседі. Алайда ешбір технология сапалы экспериментті, ғылыми әдістемені және зерттеушінің сыни ойлауын алмастыра алмайды. Медициналық және ғылыми инфрақұрылымды дамыту да аса маңызды. Заманауи зертханалар мен жаңа құрал-жабдықтар қажет, бірақ олардың болуы ғылыми нәтиженің кепілі емес. Ол үшін білікті мамандар, жүйелі зерттеу және университеттер мен медициналық ұйымдардың өзара байланысы керек. Ғылыми жаңалықтың құндылығы оның дәлелділігімен және қоғамға тигізетін пайдасымен өлшенуі тиіс. Жолдауда ғылыми орталықтарды елдің ұзақ мерзімді даму басымдықтарын айқындауға тарту мәселесі көтерілді. Бұл орынды қадам деп санаймын. Ғалымдар стратегиялық шешімдерді ғылыми тұрғыдан негіздеуге белсенді қатысуы қажет. Сонымен бірге іргелі зерттеулерді ұмытпауымыз керек: бүгін бірден нәтиже бермеген ғылыми ізденіс ертең маңызды жаңалыққа жол ашуы мүмкін. Ғылымның болашағы жас зерттеушілердің дайындығына да байланысты. Студенттер мен докторанттарға дайын білім берумен шектелмей, дербес ойлау, тәжірибе жүргізу, нәтижеге сын көзбен қарау және академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру қажет. Меніңше, жолдаудағы міндеттердің орындалуын есептердің санымен емес, білімді түлектермен, сапалы ғылыми нәтижелермен және тәжірибеге енген отандық әзірлемелермен бағалаған жөн. Ғылымды дамыту – тек мемлекеттің ғана емес, әрбір зерттеушінің де жауапкершілігі.
Бақытжан ҚАЙРАТ,
Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасы
меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және
халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD
ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖОБАЛАР ДА АУҚЫМДЫ
Мемлект басшысының айтуы бойынша, Халықаралық валюта қорының болжамында біздің елдің биылғы жалпы ішкі өнімі 400 миллиард долларды құрайды екен. Бұл әлемдегі 200-дей мемлекеттің ішінде 47-орын;
алпауыт елдермен 5+1 форматында кезігіп жүрген Орталық Азиядағы елдерде жиынтық ішкі өніммен қосқанда, оның 60 пайыздан астамы.
Үлкен қаржы және үлкен жетістік, үлкен қуат.
Президент келер жылды ауқымда құрылыс жылы деп жариялады. «Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуы керек» деді. Ол дегеніңіз – көпсалалы еңбек. Ал еңбек ету – бақыт. Зауыт-фабрикалар, емханалар, мектептер, тұрғын үйлер, жолдар, көпірлер, қолайлы инфрақұрылыммен қоса; оның ішінде балаларды оңалту орталығы, шығармашылық орталықтары, спорт залдары, кітапханалар, әлеуметтік бағыттағы білім саласы сияқты гуманитарлық бағыттағы жобалар да ауқымды көрінеді.
Ауқымды ішкі өнім. Бұл біздің елдің мықты қарқынмен әрекет етуіне мүмкіндік береді.
Ауқымды жолдаудың бір тұсында жаңа Азаматтық кодекс қабылдап, адамдардың меншік құқығын, еңбек ету құқығын барынша қорғауды тапсырды. Бұл жерде кедергілер мен жемқорлықты жою керегін ескертті.
Қолыңыздағы телефон уақытыңызды жоғалтатын ойыншық емес. Ол сіздің мүмкіндігіңіз бен қуатты құралыңыз болуы керегін де қадап ескертті.
Біздің буын болашаққа ауқымды жобалар емес, жоспарлардың орындалған нәтижесін қалдыруымыз – ұрпаққа экономикасы мықты, геосаяси жағынан әлеуетті мемлекет қалдыруымыз керек дегенді нықтады.
Жолдау және жолдаудағы жомарт жобалар тыңдап отырған бізді сергітіп тастады. Әрі күш-қуат берді, рухымызға серпін берді.
Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ,
журналистика факультетінің аға оқытушысы
«АДАЛ АЗАМАТ» – ӘДІЛЕТТІ ӘРІ ӨРКЕНИЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕГІЗІ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауында ел дамуының стратегиялық басымдықтары, қоғамдық сананы жаңғырту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, білім мен ғылымды дамыту мәселелері кеңінен көрініс тапты.
Мемлекет басшысы кез келген реформаның нәтижелі болуы үшін заңды жетілдіру мен саяси институттарды нығайту жеткіліксіз екенін, ең алдымен, қоғамдық сана жаңғыруы қажет екенін атап өтті. Осы ретте «Адал азамат» идеологиясын қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырудың маңызы ерекше.
Отаншылдық – елге деген сүйіспеншілікті сөзбен ғана емес, нақты іспен дәлелдеу. Заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, адал еңбек ету және мемлекет игілігіне үлес қосу – әрбір азаматтың міндеті. Заң үстемдігі мен жауапкершілік мәдениеті қалыптасқан қоғам ғана тұрақты дамудың берік негізін қалайды.
Президент жолдауында білім мен ғылымның, инновациялар мен жасанды интеллектінің қазіргі заманғы даму үдерісіндегі рөліне де айрықша назар аударылды. Бүгінде мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі адами капиталдың сапасына, ғылыми әлеуетіне және жаңа технологияларды тиімді меңгеруіне тікелей байланысты. Сондықтан білімді ұрпақ тәрбиелеу, ғылымды қолдау және білікті мамандар даярлау – ел болашағы үшін маңызды міндеттер.
Әділетті әрі өркениетті Қазақстанды қалыптастыру – мемлекет пен қоғамның ортақ мақсаты. Бұл жолда әр азаматтың адалдығы, кәсібилігі, жауапкершілігі мен ел тағдырына деген жанашырлығы ерекше мәнге ие.
Біздің басты міндетіміз – заң мен тәртіпті құрметтейтін, білім мен ғылымды бағалайтын, адал еңбекті ту еткен және ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын қоғам қалыптастыру.
Жұлдыз ҮМБЕТБАЕВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының доцент м.а., PhD докторы
УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ЖАҢА МИССИЯСЫ: БІЛІМ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ӨНДІРІС
Президенттің биылғы жолдауында инфрақұрылымды дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні өркендету басым бағыттар ретінде айқындалды. Бұл міндеттерді жүзеге асыру көп жағдайда инженерлік білім беру сапасына және еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлауға байланысты.
Бүгінде университеттер экономикалық өзгерістердің белсенді қатысушыларына айналып отыр. Олар тек білім беретін орын ғана емес, сонымен қатар қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізетін, технологиялық әзірлемелер жасайтын және өнеркәсіп саласымен ынтымақтастық орнататын маңызды орталық болып табылады. Студенттердің практикалық даярлығына, жобалық оқытуға, пәнаралық құзыреттіліктерді қалыптастыруға және жасанды интеллектіні сауатты пайдалануға ерекше мән берілуде. Болашақ инженерлер қолданыстағы технологияларды меңгеріп қана қоймай, экономика қажеттіліктеріне сай келетін өздерінің инновациялық шешімдерін де әзірлей білуі тиіс. Сонымен қатар басқарушылық қабілеттердің де маңызы зор. Атап айтқанда: командада жұмыс істей білу, жобаларды басқару, тәуекелдерді бағалау, сондай-ақ экономикалық, экологиялық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, тиімді шешімдер қабылдау дағдылары қажет.
Заманауи университет қызметінің нәтижесі тек диплом алған мамандармен ғана өлшенбейді. Оның басты жетістігі – экономиканың нақты секторында сұранысқа ие ғылыми білім, жаңа технологиялар мен инженерлік шешімдерді қалыптастыру.
Қайнаубек Тоштай,
химия және химиялық технология факультетінің зерттеуші-профессоры
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында көтерілген «Заң мен тәртіп» қағидатын білім беру саласымен тығыз байланыстырамын. Менің ойымша, заңға құрмет пен тәртіп мәдениеті ең алдымен әр адамның жеке жауапкершілігінен, күнделікті іс-әрекетінен және өзгеге деген құрметінен басталады. Білім беру саласында еңбек ете отырып, жастарға сапалы білім берумен қатар, олардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудың маңыздылығын ерекше атап өткім келеді.
Әр адамның өз міндетін адал атқаруы, өзгенің құқығын құрметтеуі және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі. Академиялық адалдықты сақтау, білім алушыларға тең мүмкіндік беру және әділетті орта қалыптастыру – осы ұстанымның білім беру саласындағы нақты көрінісі. Жастардың бойында осындай құндылықтарды қалыптастыру арқылы біз құқықтық мәдениеті жоғары, саналы әрі жауапты азаматтардың тәрбиеленуіне үлес қоса аламыз деп есептеймін. Сондықтан Президент жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру әрқайсымыздың жеке ұстанымымыз бен күнделікті еңбегімізден басталуы тиіс.
Халел Агнур,
Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының меңгерушісі,
ассистент-профессор м.а.
ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕК ТЕОРИЯМЕН ШЕКТЕЛМЕУІ ҚАЖЕТ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған мәселелердің ішінде мен үшін білім мен ғылымды дамыту, жаңа технологияларды тиімді пайдалану және еліміздің табиғи ресурстарын терең зерттеу тақырыптары ерекше маңызды болды.
Картография және геоинформатика саласында жұмыс істейтін маман ретінде еліміздің дамуын кеңістіктік деректерсіз, заманауи карталарсыз және нақты ғылыми зерттеулерсіз елестету қиын. Бүгінде карта тек белгілі бір аумақты көрсететін құрал емес. Ол – табиғи ресурстарды бағалауға, жерді тиімді пайдалануға, қоршаған ортадағы өзгерістерді бақылауға және өңірлердің даму бағытын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды ақпарат көзі.
Президенттің геологиялық барлау жұмыстарын жаңғырту, жер қойнауы туралы мәліметтердің қолжетімділігін арттыру және цифрлық экономиканы дамыту жөніндегі міндеттері біздің сала үшін де өзекті. Қашықтан зондтау деректерін, геоақпараттық жүйелерді, жасанды интеллект пен заманауи картографиялық әдістерді ұштастыру арқылы көптеген үдерісті тереңірек зерттеп, нақты шешімдер қабылдауға негіз қалыптастыруға болады.
Менің ойымша, ғылымның құндылығы тек зерттеу жүргізумен немесе ғылыми нәтиже алумен шектелмеуі керек. Ғылыми жұмыстар өндірісте, табиғи ресурстарды басқаруда, ауыл шаруашылығында және өңірлерді жоспарлауда нақты қолданыс тапқанда ғана олардың практикалық маңызы арта түседі.
Университетте еңбек етіп, ғылыми ізденісті қатар алып жүрген маман ретінде тағы бір маңызды жайтты атап өткім келеді: заманауи білім беру тек теориямен шектелмеуі қажет. Студенттер жаңа технологиялармен жұмыс істеп, нақты мәселелерді шешуге қатысып, өз білімінің қоғамға қалай пайда әкелетінін түсінуі керек. Ол үшін ғылым, жоғары білім және өндіріс арасындағы байланысты нығайту маңызды.
Елдің болашағы туралы сөз болғанда, біз көбіне үлкен мақсаттарды айтамыз. Алайда сол мақсаттарға жету күнделікті еңбектен, өз ісіңе жауапкершілікпен қараудан және үнемі ізденуден басталады деп ойлаймын. Қандай салада жұмыс істесек те, кәсібилігімізді арттырып, білімімізді жаңартып, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосу – ортақ міндетіміз.
Ғылымға негізделген шешімдер, сапалы білім және технологияны тиімді пайдалану – Қазақстанның тұрақты дамуына жол ашатын маңызды бағыттар.
Мөлдір БАҚЫТ,
география және табиғатты пайдалану факультеті
Картография және геоинформатика
кафедрасының аға оқытушысы
Басқа жаңалықтар