ТДМ № 4: «Стресс және оны жеңу жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өтті — ҚазҰУ

ТДМ № 4: «Стресс және оны жеңу жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өтті

25 қыркүйек 2026
ТДМ № 4: «Стресс және оны жеңу жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Стресс және оны жеңу жолдары» тақырыбында студенттердің психологиялық сауаттылығын арттыруға, эмоциялық өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға және күйзелісті жағдайларды еңсерудің тиімді тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған семинар-тренинг өтті. Іс-шара оқу жүктемесінің жоғары болуы және күнделікті өмірде кездесетін қиындықтар жағдайында білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын сақтау мәселелеріне арналды.

Семинар-тренинг барысында стресстің пайда болуының негізгі себептері, оның психологиялық және физиологиялық белгілері, сондай-ақ ұзаққа созылған эмоциялық шиеленістің адамның көңіл күйіне, зейін шоғырландыру қабілетіне және оқу үдерісіне әсері қарастырылды. Стресстік жағдайларға жеке реакциялардың ерекшеліктеріне, эмоциялық шаршаудың алғашқы белгілерін дер кезінде анықтауға және ішкі ресурстарды уақытылы қалпына келтірудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Семинар-тренингтің практикалық бөлімі эмоциялық шиеленісті төмендетудің және стресске төзімділікті арттырудың қолжетімді әдістерін меңгеруге арналды. Күнделікті өмірде қолдануға болатын тыныс алу техникалары, босаңсу тәсілдері, зейінді басқа бағытқа аудару және өзін-өзі реттеу әдістері қарастырылды. Сонымен қатар оқу жүктемесін тиімді жоспарлау, демалыс режимін сақтау және қиындықтарды еңсерудің оңтайлы стратегияларын дамыту мәселелеріне жеке көңіл бөлінді.

Семинар-тренинг студенттердің өз эмоциялық жағдайына саналы көзқарасын қалыптастыруға, психологиялық тұрақтылығын дамытуға және стрессті өз бетінше басқару дағдыларын нығайтуға ықпал етеді. ҚазҰУ Психологиялық қызметі білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын қолдауға және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық әрі ағартушылық іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда.