АЙҚЫН апта
5.08.2010
ЖАҢА УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ КӨП
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жұмысының маңызды бағыттарының бірі – ШЫҰ мүшелерінің білім беру саласындағы реформа мәселелері бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасуы қарастырылған интеграциялық үдерістерді қолдау мен дамыту, мемлекеттік үлгідегі білім беру құжаттарының эквивалентін орындау мен мойындау механизмдерін құру. Оқу орындары арасындағы арнайы келісім аясында дамып отырған білім беру саласындағы ынтымақтастық.
Білім саласында қойылған міндеттерді шешуде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан Шанхай Ынтымақтастық ұйымы университеті құрылды. Білім ордасының негізгі мақсаты – ШЫҰ барлық елдерінде бес қажетті мамандықтар «Аймақтану», «Энергетика», «Экология», «Нанотехнология» және «Ақпараттық технологиялар» бойынша мамандардың жаңа ұрпағын дайындау болып табылады.
Біздің университет Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университеті экология, нанотехнология, аймақтану бағыты бойынша базалық жоғарғы оқу орны ретінде танылды.
Биылғы 26 сәуірде Мәскеу қаласында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университетін құруда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің жоғарғы оқу орындарымен серіктестігі жөнінде Меморандумға қол қойған (Қазақстан Республикасы, Қытай Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы); Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен серіктес – осы мемлекеттірдің жоғарғы оқу орындары арасында («Экология», «Агроэкология», «нанотехнологиялар» және «Аймақтану») бағыттар бойынша магистрлік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі көпжақты және екіжақты келісім шарттар қабылданды.
Көпжақты және екіжақты келісімдер қабылдауда серіктес-жоғарғы оқу орындары 2002 жылдың 7 маусымынан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Хартиясына сүйенді, 2006 жылы 15 маусымынан білім беру саласындағы серіктестіктері жөніндегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісім ережелерін, Астана қаласында 2008 жылдың 24 қазан айында ШЫҰ мүше мемлекеттердің білім министрліктері бекіткен ШЫҰ университетінің болуы мен құру тұжырымдамасы және оны іске асырудағы іс-шаралар жоспарын басшылыққа алды.
ШЫҰУ бағдарламаларын іске асыруда білім ордалары арасындағы жоғары оқу орындарыаралық серіктестік мыналарды қамтамасыз етуі тиіс: ШЫҰУ бірлескен білім беру бағдарламасын жоғары сапада жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатындағы ШЫҰУ басты жоғарғы оқу орындарының үздік әдістемелік, кадрлық, зертханалық және басқа ресурстарының интеграциясын; интегрирленген оқу жоспарына сәйкес жеке магистранттардың білім беру траекторияларын құру мүмкіндігін; білім беру жөніндегі сәйкес құжаттарда (сертификаттарда) көрсетілетін басқа шет елдер жоғарғы оқу орындарында қосымша білімдер, біліктер мен дағдыларды (басты жоғарғы оқу орнының негізгі академиялық бағдарламасында таңдалған оқу жоспарында қарастырылмаған) қабылдау нәтижесінде магистранттарға бірегей біліктіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік беруін, ғылыми және өндірістік ұйымдарда., ШЫҰУ серіктес – жоғарғы оқу орындарының жетекші кафедраларында/бөлімшелерінде (жетекші мамандарда) еңбек тәжірибесінен арқылы өз мамандықтарын көтеруге жоғарғы оқу орындарының қызметкерлері мен оқытушыларына мүмкіншіліктер беруі керек.
ШЫҰ-ға мүше – мемлекеттердің көпжақты форматтағы жоғарғы оқу орындарының инновациялық білім жобаларын активтендіру және табысты жүзеге асыру, бағдарламаларды жоспарлайтын, іске енгізетін және жүзеге асыратын әл-Фараби атындағы қазҰУ-де Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университеті оқу орталығы да құрылды. Алдағы оқу жылында ШЫҰ университетінде магистранттарды бірінші рет қабылдау жүзеге асырылады. Келісілген бағдарламалар бойынша магистранттарды оқыту мен қабылдау жөніндегі мағлұматтар www.kaznu.kz сайтында орналасқан.
Гүлнәр БАЛАҚАЕВА, Академиялық мәселелер жөніндегі дпартамент директоры, физика-математика ғылымдарының докторы.
Жанна ТӨРЕҒОЖИНА, Жалпы химия және экология кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, доцент.