ҚазҰУ-да «Күзгі бал-2010» байқауы өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетінде «Алтын күз» атты мерекелік байқауы өтті. Шараны биология факультетінің Студенттер маслихаты ұйымдастырды. Осындай қызықты да әсерлі кештің өтуіне ұйытқы болған 1-курс студенттері өздерін оқуда да өнерде де озатты екендіктерін дәлелдеді. Мерекелік сайысқа қатысқан әр жұптың өзіндік ерекшеліктері бар. Сайыста барлық жұптың алды болған, жүлделі орынның иегерлері күзгі балдың ханзадасы мен ханшайымы атанған Бәлі Найзабек пен Самал Аблезованың жұбы ұлттық нақыштағы киімдерімен, ұлттық «Қаражорға» биімен көрермен көңілінен шыға білді. Заманауи би, креативті таланттарымен әділқазылар алқасын жаулап алған Ержан Мұхатаев пен Клава Македонның жұбы екінші орынды иеленді. Үшінші орынды иеленген Рахымжан Сахабаев пен Нұрлы Сыдықованың жұбы сыпайылығымен, жарасымдылығымен жанкүйерлер жүрегін баурап алды. Қалған алты жұб әр түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Студенттер алдағы уақытта да университетте аталмыш байқаудың жылдан-жылға ұласатындығына сенім білдіріп отыр.
Жастар комитеті