2010-2011 оқу жылының қараша айынан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті виртуалды олимпиада өткізуді жоспарлап отыр. Олимпиада ай сайын, қараша айынан наурыз айы аралығында өтетін болады. Сәуір айының 27-ші жұлдызында, 5 ай бойы жақсы нәтижелерге қол жеткізген оқушылар, механика-математика факультетінде 30-шы сәуірде өтетін соңғы турға қатысатын болады. Турдың нәтижесі бойынша жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары беріледі.
Әр ай сайынғы виртуалды олимпиада өткізу ережесі :
Қараша айының 20-сында осы сайтта (http://www.kaznu.kz/ru/3844/) және maths.kz сайтында әр айға арналған 5-10 есептер қойылады. Есепті шығару үшін оқушыларға бір апта уақыт беріледі. Бір аптаның ішінде оқушылар біздің төменде көрсетілген электронды хат сандығымызға есептердің шешімдерін жібереді. Әр айдың 27-сінен кейін ешқандай да есептердің жауаптары қарастырылмайды! Келесі айларда да виртуалды олимпиада осылай өтеді. Соңынан, 5 ай бойы жақсы нәтижелерге қол жеткізген оқушылар, механика-математика факультетінде 30-шы сәуірде өтетін соңғы турға қатысатын болады. Турдың нәтижесі бойынша жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары беріледі.
Виртуалдық олимпиаданы ұйымдастырушылар мен жауаптылар:
Сералин Г.А., Мұстафа М., Абешов К.
Galym.Seralin@kaznu.kz, Manat.Mustafa@kaznu.kz