"Казинформ" национальное информационное агенство
Шетелдік студенттер Мұқағалидің 80 жылдығын атап өтті
АЛМАТЫ. 22 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінің тыңдаушылары ақиық ақын М.Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына орай,
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты жыр кешін ұйымдастырды.
Кеш дайындық факультетінің тыңдаушысы Жазигүл Қанаштың ақын өмірі мен шығармашылығына арналған баяндамасымен ашылды. Шара барысында ҚР Президенті бағдарламасымен университетімізде білім алып жатқан Ауғанстан Ислам Республикасынан келген тыңдаушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан сынға түсті. Қазақ жеріне келгендеріне 4-ай ғана болған, тілді енді ғана меңгерген ауған жастары ақын өлеңдерін тебірене жырлап көрермендерді тәнті етті. Жарысқа қатысқан 13 тыңдаушының ішінен Харун Корризадах бірінші орынды, Сайд Ахмад Хусайн мен Мохаммад Найм Мохамади екінші орынды, Абдулла Ахмади мен Мохаммад Риза Ризай үшінші орынды иеленді. Кеш соңы факультетте білім алып жатқан қазақ диаспорасы өкілдерінің, филология, журналистика факультетінің, Абай атындағы ҚазҰПУ-дан келген жас ақындардың Мұқағалиға арналған өлеңдерін оқуға жалғасты.
Жеңімпаздарды дайындық факультетінің деканы Ж.Молдағалиева, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі профессор Қ.Аққошқарова «Қазақ әдебиеті» газетінің тілшісі Әлібек Байбол, «Парасат» клубының жетекшісі Ж. Ибраимова мен С Нүсіпбаева, клубтың модераторы Д. Тұрсынқұлов марапаттаттап, сыйлықтар тапсырды.