«Нұр Астана»

22 февраля, 2011

Олимпиададан атың озса, оқуға түсесің

Бүгінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның барлық мектептерінде түрлі пәндер бойынша «Әл-Фараби олимпиадасы» атты білім сайысын дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Жүлделі орындарға ие болған оқушылар ҚазҰУ-дің білім грантына конкурсыз-ақ ие болды.

Соңғы жылдары «Әл-Фараби олимпиадасына» еліміздің түкпір-түкпірінен 30 мыңнан аса талапкер оқушы қатысып, оның 8700-ден астамы жүлдеге қол жеткізген екен. Биылғы жылы ұйымдастыру комитеті 14 мыңнан астам талапкердің өтінішін қабылдап үлгерген. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда екң есеге артық. Демек, ұйымдастырылып отырған олимпиаданың діттеген мақсатына жетіп отырғанын байқатады. Бүгінде олимпиадаға қатысу үшін тіркелу жер-жерлерде жүріп жатыр.Олимпиада еліміздің өңірлерінде 26 ақпаннан басталмақ.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты халыққа арналған биылғы Жолдауында ел болашағы үшін білімнің маңызды екенін айырықша атап өтіп, оған қатысты біршама қадау-қадау ойын айтқаны белгілі. Ендеше, еліміздің іргесінің нық болуына үлес қосатын болашақ мамандарымыз қапы қалмай, биыл да «Әл-Фараби олимпиадасында» білімнің үздік үлгісін көрсетеді деп сенеміз.

Перизат ҮРКІМБАЕВА,

химия ғылымдарының кандидаты,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті