Казахский национальный университет имени аль-Фараби и общественный фонд «TILEU-QABAQ» 3 декабря 2020 года организуют в онлайн формате республиканскую научно-практическую конференцию: «Место Ер Едиге в истории Золотой Орды», приуроченную к 750-летию образования Золотой Орды.

21 ноября, 2020

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «TILEU-QABAQ» қоғамдық қоры 2020 жылы 3 желтоқсанда Алтын Орданың құрылуына 750 жыл толуына орай «Ер Едігенің Алтын Орда тарихындағы орны» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияда Ер Едігенің тарихи рөлі, сондай-ақ басқа да тұлғалардың қызметі мен Алтын Орда тарихына қосқан үлесі қарастырылып, тақырыпқа қатысты қазіргі кездегі концептуалдық көзқарастар талқыланады.

Конференция жұмысы пәнаралық синтез негізінде Алтын Ордадағы саяси қарым-қатынастар мен ондағы жекелеген тұлғалардың қызметін қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихына қосқан үлесі аспектісінде қарастыруға арналған.Сонымен қатар Еуразия құрлығындағы саяси, мәдени және әлеуметтік тарихты зерттеуге байланысты жүргізілген археологиялық ізденістердің негізінде жасалған тың тұжырымдар мен ғылыми жаңалықтар сарапталады.

 

Конференцияның жұмыс бағыттары:

-         Алтын Орда дәуіріндегі тарихи тұлғалар және Ер Едіге;

-         Заманауи зерттеулердегі Алтын Орда тарихының өзекті мәселелері;

-         Халық ауыз әдебиетіндегі Ер Едігенің тарихи болмысы.

Конференцияның өткізілу тілдері – қазақ және орыс.

Конференцияға отандық жетекші тарихшы, археолог, филолог, шығыстанушы, қоғамтанушы ғалымдар мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысады.

Конференция материалдарын рәсімдеу талаптары қосымшада беріледі.

 

Конференцияға қосылу Zoom

https://us02web.zoom.us/j/85968892387?pwd=RzhoTEFCZVlIRTVROG9IZUdwTEZoZz09

Конференция идентификаторы: 859 6889 2387 

Кіру коды: 351123 

 

 

ҚҰРМЕТПЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ!

 

Қосымша 1

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

 

Конференция бағдарламасына кіргізіп, жинағын дайындау үшін 2020 ЖЫЛДЫҢ

26 ҚАРАШАСЫНА ДЕЙІН толтырылған тіркелу формасын, 7-10 бетке дейінгі көлемдегі Microsoft Оffice Word (2003, 2007) арқылы терілген мақалаларыңызды«конференцияға» деген айдармен электрондынұсқасын (материал кері қайтарылмайды) ұйымдастыру алқасына жіберу қажет.

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Бас оқу ғимараты 3, каб. 4-4, Қазақстан тарихы кафедрасы. Тел.: +7 (727)3773338 (вн. 12-86), 87078737923, e-mail: kafedra.kaz@gmail.com

Әр файлда тек бір мақала болуы керек, файлдың атауына автордың тегі жазылуы қажет (Мысалы: Sadykova Ainur_ conference) 

 

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар: 

  •  шрифті Times New Roman, (12 pt); интервал – 1, жиектері: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, сол – 3 см, оң – 1 см, абзац– 0,6 см.;
  •   жоғарғы жағында баяндама тақырыбы, 1 интервалдан кейін автордың аты-жөні, жұмыс орны, қаласы, тағы 1 интервалдан кейін мәтін
  •  суреттер (ақ-қара түсті) 300 dpi –ден кем емес JPEG, JPG форматында сканерленген болуы шарт
  •  Сілтеме тік төртбұрышты жақшамен мәтіннің соңында берілуі тиіс.

 

Жинаққа ұсынылатын материалдарыңыз қатаң редакцияланған, талапқа сай болуы тиіс. Баяндама мәтіні мен мазмұнына автор жауап береді. Мақаланы қабылдау, жариялау туралы шешімді Ұйымдастыру алқасы қабылдап, 3 күн мерзімнің ішінде электронды адреске жауаптарын жібереді. Конференция жинағы ұйымдастырушылар қаржысына шығарылады.

 

Конференцияға қатысушылардың жолы, қонақ үйі, тамағы конференцияға қатысушылардың тарапынан төленеді.

 

ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ

Тегі ______________________________________________________________

Аты______________________________________________________________

Әкесінің аты (толық)________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, лауазымы__________________________________________

Жұмыс орны (елі, ұйымның толық атауы, кафедрасы)____________________

Байланыс телефондары, E-mail_______________________________________

Секция____________________________________________________________

Баяндама тақырыбы_________________________________________________

Мен:

¨     Секция отырысында баяндама жасаймын;

¨     Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысамын;

¨ Сырттай қатысамын.

 

Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби кітапханасы, 409 зал. Басталуы: сағ.10.00.