«ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі
19.05.2011 / 19:06
«Алматы апортының жаңаруы» атауымен ағаштар отырғызылмақ
АЛМАТЫ. 19 мамыр. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Ағымдағы жылғы 21 мамырда Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының жанында «Алматы апортының жаңаруы» атауымен ағаш отырғызу іс-шарасы өткізіледі.
Бұл игі іс-шараны өткізуге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстанның Британдық түлектер клубы, PosadiDerevo.kz, Қазақстан мен Қырғызстандағы Британдық Кеңестің директоры Лина Милошевич ханым, Зальцбург университетінің вице-ректоры Джозеф Стробл мырза, сонымен қатар «Ринго» тобы, Азамат Мәдіғұлов, Мәдина Сәдуақасова, VJ Диас Әзімжанов және т.б. Қазақстан эстрада жұлдыздары мұрындық болып отыр. Акция соңында ағаштарды күтушілерге бақылау сертификат-міндеті табысталып, барлық қатысушыларға сыйлықтар беріледі.
Шараны ұйымдастырушылар бұл игі іс Алматы апортының жаңаруын, тұрақты генофондын құруын, қаланы әрлендіру мен көгалдандыру мәселелерін шешу жолдарына қоғамның назарын аудартады деген сенімде.