Квалифицированный журналистFarabi University

Квалифицированный журналист

19 марта, 2021

Қазіргі таңда Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы көптеген мардымды шараларды өткізіп келеді. Әсіресе, журналистика саласының өзектілігі турасында біршама шаралар өткізілді. Аталмыш саланың қай кезде де маңызы зор. Жаһандану дәуірлеу заманында ақпараттар ағымын жедел түрде сараптап, талдап, оқырман қауымға ықшамдап жеткізу - журналистің біліктілігіне байланысты. Журналистің қай салада да ақпараты болуы тиіс.  

Әдебиет журналистің жазу машығын қалыптастыруына зор әсерін тигізеді. Әр журналистің ойлау жүйесінің кеңдігіне, пайым, парасатының тереңдігіне елеулі әсер ететін әдебиеттің қай кезде де маңыздылығы жоғалмайды. Ағылшынның ұлы ақыны Уильям Блейктің "Мемлекеттің ең негізгі ұстыны - әдебиет пен ғылым" деп айтқан қанатты сөзі аталмыш пайымға негіз болатыны сөзсіз. Жер бетінде 7174 тіл бар. Төрт мыңға жуық ұлт бар. 256 мемлекет бар. Қаншама тіл болса, соншама сол тілде өлең бар, мысал бар, ертегі, аңыз бар. Қаншама мемлекет болса, соншама ақпараттар толқыны бар. Бұл, әлбетте, журналистің үнемі ізденуін, сандаған ақпараттарды сараптауын қажет етеді. 

Сондықтан, 2021 жылың 21 наурыз айында "Білікті журналист" атты тақырыпта онлайн пікір талас өтеді. Аталмыш шараны с.ғ.д., профессор Г. Сұлтанбаева ұйымдастырды. Профессордың жыл сайын өткізетін Жазғы және Қысқы мектептерінде әлемдік дәрежедегі аса маңызды, өзекті, көкейкесті мәселелер талқыланып, оның шешу жолдары қарастырылады. Аталмыш шараға қатысамын деушілерге онлайн есік ашық!

 

Материал авторы: Елғондинова Аружан