ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде сенатор, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есімнің “Социализм – күнә мен кінә туралы роман” атты кітабының тұсаукесері болды.
Кітаптың тұсаукесер рәсімінде филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы құттықтау сөз сөйлеп, романның философиялық проза ретінде жазылғандығын айтты. Жаңа кітаптың құндылығына тоқталған сенатор, филолгия ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов романның осы заманға сай жазылғандығын тілге тиек етті. “Атамұра” баспа корпорациясының президенті Рымғали Құл-Мұхеммед жаңаны бағалау үшін ескіні білу керектігін, бұл шығармаларда Кеңес үкіметінің оңы да, солы да дұрыс баяндалатындығын айтты. Сенатор Сәрсенбай Еңсегенова болса кітаптың автордың өмірбаяндық сюжеттерімен үйлесім тапқандығын, шығарма сананы өзгертетін күш деп жоғары бағалады