"Айқын" республиканская общественно-политическая газета
БТА Банкі «БТА-дан шәкіртақы» қайырымдылық жобасының аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен ынтымақтастық жөнінде келісімшартқа қол қойды.
Құжатқа Банк тарапынан басқарма төрағасы Әнуар Сәйденов, ЖОО тарапынан ректор Ғалымқайыр Мұтанов қол қойды. Жобаның негізгі мақсаты - Қазақстанның жоғары оқу орындарының дарынды студенттеріне ай сайын шәкіртақы төлеу, сондай-ақ БТА Банкінің «Әмбебап факультеті» білім беруге арналған кредиттеу бағдарламасы бойынша жеңілдіктер ұсыну болып отыр.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен жасасқан ынтымақтастық келісімшарты «БТА-дан шәкіртақы» жобасы аясында үшінші рет жүзеге асты. Осы секілді келісім Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен және 31 мамырда Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік технология және инжиниринг университетімен жасалды. Аталмыш жобаға еліміздің әрбір аймағынан 29 қазақстандық ЖОО-ы қатысады деп жоспарланып отыр.
БТА Банкінің басқарма төрағасы Әнуар Сәйденов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен жасасқан ынтымақтастыққа қол қою шарасында: «Біз «БТА-дан шәкіртақы» жобасы тиімді түрде жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымыз және оның ары қарай дамуына үмітіміз зор. Қазақстандық жоғары оқу орындары жобаға қатыса отырып, отбасылық әлеуметтік жағдайындағы қаржылық мүмкіндіктермен шектелген дарынды және қабілетті студенттерге нақты материалдық ынталандыруды ғана емес, сонымен қатар қаражаттың жетіспеушілігінен несиеге оқуға міндетті болып отырған студенттерге көмектеседі деген сенімдеміз» деді ол.
«БТА-дан шәкіртақы» қайырымдылық жобасы БТА Банкінің бастамасы бойынша 2011 жылдың мамыр айынан бастап әзірленіп, жүзеге асып жатыр. Аталмыш жоба халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарының студенттеріне арналған. Шәкіртақы көлемі - айына 20 000 теңге немесе оқу жылына 200 000 теңгені құрайды. Шәкіртақы БТА Банкінің төлем карточкасына аударылу арқылы ай сайын төленетін болады. Шәкіртақы ЖОО-ның таңдауы бойынша бір номинантқа екі семестр барысында немесе екі номинатқа әр семестр сайын бір-бірден төленуі мүмкін.
Әлеуметтік жауапкершілікті алдыңғы қатарға немесе жоғары бағалайтын Қаржы институты ретінде БТА Банкі сапалы жоғары білімді халықтың барлық топтары үшін қол жетімді ету үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын айта кету керек. Мәселен, «БТА-дан шәкіртақы» жобасының қатысушысы бола алмайтын студенттерге банк оқу ақысын төлеу үшін «Әмбебап факультеті» бағдарламасы бойынша оқу кредитін пайдалануды ұсынады. Бұл бағдарлама білім беруді кредиттеу нарығында оны бәсекеге төзімділігін арттыратын бірқатар артықшылықтарға ие.
«Әмбебап факультеті» бағдарламасы бойынша, ең төменгі пайыздық мөлшерлеме жылдық 8 пайызды құрайды. Бұдан басқа, негізгі қарызды төлеуде жеңілдікті мерзім қарастырылған. Бұл - студент БТА Банкінің білім беру кредитінің бағдарламасы негізінде несие бойынша білім алудағы пайыздарды ғана өтейді. Негізгі қарызды өтеу ЖОО-ны бітіргеннен кейін 6 айдан соң басталады.
Б.МҰРАТҰЛЫ