«Батыл бол, сәттілікке жақын бол!»

29 мая, 2021

«Батыл бол, сәттілікке жақын бол!». Кураторлық сағатта екінші семестрді қалай қарқынды бастау керек екені туралы ой бөлістік.  «Бап шаппайды, бақ шабады» дегенді бабаларымыз бекер айтпаған. Әлеуметтанушылардың дерегі бойынша ел арасында жұлдызы жанып туатындар 13 пайызды құрайды. Өмір адамға бір рет қана беріледі және оны қызықты, мағыналы, сәтті етіп өткізу – әркімнің өз қолында. Уысымыздағы бақыттан айырылып қалмау үшін қиындықпен күресуден, сәттілік үшін сынға түсуден шаршамау керек.  Сондықтан студенттерімізге оқуда да үздік болсын деген тілекпен, батыл бол, сәттілікке жақын бол дейміз!