«ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі

25 августа, 2011

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ талапкерлер мен магистранттар үшін оқу ақысында жеңілдік пен төмендетудің кеңейтілген жаңа жүйесін енгізді - Гүлнәр Балақаева

АЛМАТЫ. 24 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа оқу жылында ақылы бөлімдегі үздік оқитындарға - 20 пайыз, ал үлгерімі жақсы студенттерге 15 пайыз жеңілдік беріледі. Бұл бүгін Алматыдағы жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамының дәстүрлі тамыз кеңесінде айтылды.

«Оқу орны басшылығы талапкерлер мен магистранттар үшін ақылы бөлімдегілер үшін оқу ақысында жеңілдік пен төмендетудің кеңейтілген жаңа жүйесін енгізді. Аз қамтамасыз етілген талапкерлерге магистратураға ақылы бөлімге түсерде үздік дипломы барларға бірден 20 пайыз жеңілдік беріледі", - дейді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқу жұмысы жөніндегі проректоры Гүлнәр Балақаева. Оның айтуынша, бүкіл оқу кезеңіне бірден ақы төлеген жағдайда қосымша 5-10 пайыз жеңілдік жасалады. Сондай-ақ жетім және мүгедек балалар мен ата-анасыз мүгедектерге оқу ақысын төлеуде 25 пайыз жеңілдік қарастырылған.