Ұлттық зерттеу университетіне айналады
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ректорат мәжілісінде кафедра меңгерушісі лауазымына тағайындау байқауының нәтижесі жарияланды. Байқауға 120-дан астам үміткер қатысты. Нәтижесінде, бұрынғы 99 кафедраның орнына ірілендірілген 63 кафедра жасақталды. Орташа жас мөлшері 53 жасқа сай келеді.
Ректорат мәжілісінде байқау нәтижесі жарияланып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры мен кафедра меңгерушілері жұмыс келісім-шартына қол қойды. Өз кезегінде ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов жаңа оқу жылында жаңа қызметке тағайындалған кафедра меңгерушілерін құттықтап, қызметінен босатылған бұрынғы кафедра меңгерушілерінің табысты атқарған еңбектеріне алғыс айтып, «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
Кезегімен сөз алған Ректорат мәжілісінің мүшелері университет саннан сапаға көшкенін тілге тиек етті. Университет тариханда бірінші рет кафедра меңгерушісі ретінде келісімшартқа қол қойған мамандар бұл құжат кафедра меңгерушісінің құқықтық, саяси-моральдік мәртебесін көтеретіндігін айтты.