«Ана тілі» Ұлт газеті

15 сентября, 2011

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS топ-университеттер рейтингінде 200 орынға жоғарылады.

Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес, ҚазҰУ үздік секіріс жасап, дүние жүзі деңгейіндегі университеттер көрсеткіші бойынша бір жыл ішінде әлемдік топ-университеттер рейтингінде 200 орынға жоғарылап, 401-450 дәрежеге енді. Бұл ретте ҚазҰУ әлемдік үздік университеттердің ортаңғы бөлігіне жақындаған Орталық Азиядағы тұңғыш университет болып табылады.

QS рейтингі әлемнің 700 үздік университеті арасында жүргізіледі. Қазақстан ЖОО көшбасшысы ҚазҰУ бірінші рет бұл рейтинг жүйесіне 2009 жылы қатысып, 601-650 шептен орын алған болатын. Осы орайда, білім және ғылым саласы бойынша Қазақстан тәуелсіз агенттігі жүргізген жоғары оқу орындары арасындағы бас рейтингіде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміз бойынша бірінші орында екендігін айта кеткен жөн.