Ата заңымызға халықтық үнімізді қосайық!
Жаңа Қазақстанды құруды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев конституциядан бастауы әділеттіліктің басты, жүйелі қадамы деп ойлаймын.
Конституция— Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.Сондай-ақ, мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу біз үшін таңсық дүние емес еді. Ата заң бұған дейін де талай рет өзгерген. Бірақ, ешкім қарапайым халықтың пікірін сұраған жоқ. Парламент қарауына ұсынып, депутаттардың «бір ауыздан» мақұлдауымен өзгерте салатын. Ал оның нәтижесі бүгінгікертартпа дамуымыздың шынайы бет пердесін көрсетіп берді.
Сондықтан да Ата заңға қатысты маңызды өзгертулер мен толықтырулар халық пікірінің ескерілуі негізінде референдум арқылы қабылданып, шешім шығарылып жатса ол шынайы демократияның белгісі. Осы орайда Ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев « Менің мақсатым – халқыма мейлінше еркіндік беру, демократия мен заң үстемдігін күшейту» -деп айтқаны өте орынды. Сонымен, алдағы Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік модельді кешенді өзгертуге бағытталатынын аңғартады.Яғни, ол: біріншіден, саяси жүйені терең демократияландыру; екіншіден, супер-президенттік басқару нысанынан күшті парламенті бар президенттік республикаға біріңғай көшу; үшіншіден, президенттік өкілеттіктерді шектеу, Парламенттің қос палатасының қызметін қайта қарау және Мәжілістің ролін күшейту, Конституциялық сот құру бағытында мемлекеттік билік тармақтарының тоқтатылуы мен тепе-теңдігі жүйесін одан әрі жетілдіру; төртіншіден, сайлау жүйесін демократияландыру - аралас пропорционалды - мажоритарлы модельге көшу және партияларды тіркеу процесін одан әрі ырықтандыру; бесіншіден, мәслихаттардың ролі мен дербестігін арттыруға бағытталатындығын көрсетеді.
Қорытындылай келгенде Конституциямыздың 33 бабына түзетулер енгізіледі екен. Бұл дегеніміз – тарихи сәт. Референдумға қатысып, Отанымыздың жарқын болашағына үн қосу баршамыздың азаматтық борышымыз деп санаймын!
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Экономика және бизнес жоғары мектебі
аға оқытушы Кулиев И.У.