Жаңа Қазақстанға жаңа қадам.

27 мая, 2022

           Елімізде конституциялық реформа бойынша референдум 5 маусымға жоспарланып отыр. Бұл референдум азаматтардың маңызды мәселе бойынша өз көзқарастарын еркін білдіруіне мүмкіндік береді. 

             Биліктің қайнар көзі халық екендігін, ал шешімдер тек белгіленген рәсімдер мен нормаларға сәйкес қабылданатындығын айқындап отыр. 

         Қәзіргі таңда елімізде болып жатқан саяси реформалардың басты тетігі ретінде конституциялық өзгерістерді Президенттің өзі қолдап отыр. Бұл жерде Мемлекет басшысы халық тарапынан туындайтын барлық мәселені ескеріп отырғанын атап өту керек. Бүгінгі таңда Президент өзінің саяси реформаларына қатысты жаңа бағдарламасын ұсынды. Оның негізі – қоғам тарапынан туындайтын мәселелерді қалтарыста қалдырмау. 

          Референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа моделіне көшу жүзеге асырылады, бұдан әрі халықтың ұсыныс пікірлерін тыңдап, ескеруге жол ашылып отыр. 

         Демек, 5 маусымға жоспарланған референдум - "Жаңа Қазақстанды бірге құрайық" идеясын іске асыру жолы, «Жаңа Қазақстанды» құруға бағытталған қадамның жарқын көрінісі.

         Референдумға қатысып, белсенділік таныту әр азаматтың міндеті деп есептеймін.

          Мурабилдаева Риза Алимахуновна

           "Экономика" кафедрасының оқытушысы