Халықтық басқару – жарқын болашақтың кепілі

27 мая, 2022

Референдум – бұл мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауда халықтық дауысқа салу. Сондықтан референдумды өткізуді ұйымдастыру, ең алдымен мемлекетте  демократияның бар екендігінің көрінісі.  Шұғыл, төтенше мәселелер дауысқа салынбайтындықтан референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады. 

Қазақстан Республикасы тарихында  алғашқы Референдум 1995 жылы өткізіліп, халық бірауыздан Ата Заңды қабылдады. 1995ж. қабылданған Ата заңға қазіргі уақытқа дейін бірнеше рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Тек  2022ж  Ата заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді республикалық референдумға шығару арқылы қабылдау осы алдағы 5-маусымға жоспарланып отырғаны барлығымызға белгілі.

2022 жылдың 5-маусым күніне жоспарланып отырған республикалық референдумға «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал шығарылады. Осы жерде ескере кететін жайт, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу  туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. 

Ата Заңға енгізілгелі отырған өзгерістер Парламентті, мәслихаттарды, жергілікті билікті күшейтуге бағытталған. Демек, белгілі бір шұғыл жағдайларда өз бетінше жұмысын жалғастыруға қабілетті боладыОсының арқасында Президент болып қандай тұлға сайланса да, оның биліктің барлық тармағына билік жүргізуіне жол берілмейді. Осы арқылы биліктің қандай деңгейіне болмасын сайланған тұлға өз қызметіне жоғары жауапкершілікпен қарап, қажетті жағдайларда нақты шешімдер қабылдауға құзіретті болады. 

Референдумға белсенді қатысу мемлекеттің әр азаматының міндеті, өйткені бұл жерде мемлекеттік басқару жүйесіне елеулі өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Демек, сіз референдумға қатысу арқылы мемлекеттің жарқын болашағын құруға өз үлесіңізді қосасыз. 

 

Аязбаева Гулнур Бултековна

Экономика кафедрасының аға оқытушысы 

Экономика және бизнес жоғары мектебі