«Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі жетістіктері»
«Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі жетістіктері» атты мерекелік тәрбиелік ашық сабақ барысы.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай 2011 жылғы 4 қазанда Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің қатысуымен Халықаралық қатынастар факультетінде «Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі жетістіктері» атты мерекелік тәрбиелік ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақтың мақсаты – ұлағатты мерей тойды құттықтау әрі осы іс-шара арқылы студент-жастарымызға Қазақстанның тәуелсіздікке жету тарихын ұғындырып, бүгінгі тәуелсіздікке оңай келмегендігін, осы біз ғұмыр кешіп отырған жарқын мемлекетіміздің егемендігі мен бірлігін нығайта түсу міндетін түсіндіру.
«Тәуелсіз Қазақстан : өткені мен бүгінгі жетістіктері» атты салтанатты жиын әнұран айтудан басталып, студенттердің жалынды құттықтау сөздерімен жалғасты. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр.
Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағытты іс-әрекетті жалғастыру керек.
Қазіргі жас ұрпақ заңғар Қазақстанымыздың атағын жер бетіне жар салар перзенттері, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын азаматтары болуы үшін «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналықты жадымызда ұстайық!
Қорытындылай келе, «Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі жетістіктері» атты мерекелік тәрбиелік ашық сабақ өте қызықты әрі мәнді өтті.
Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент