"Ел тәуелсіздігіне 20 жыл"

25 ноября, 2011

2011 жылғы 22 қарашада Тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің қатысуымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Журналистика факультетінің, Баспа ісі және дизайн кафедрасының эдвайзері К.К. Мергенбаеваның ұйымдастыруымен "Ел тәуелсіздігіне 20 жыл" атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шара мақсаты студенттерді отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне дегенсүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, студенттерді патриоттық рухта тәрбиелеу. Тәрбие сағатында ҚР 1991-2011 жылға дейінгі тарихынан үзінділер бейнеленген слайдтар, фотосуреттер, үнтаспа, студенттерің өз шығармашылығынан стенд-газет, плакаттар көрсетілді. Кеш соңында 104–топтың орындауында «Менің елім» әні орындалады. Іс-шараға студенттер барынша дайындалып, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылардың 100 пайызы іс-шара тақырыбында патриоттық сезіммен, ән айтып, би билеп, өлең оқып тамаша куратор сағатын өткізді. Осы кешті ұйымдастырған студенттер мен куратор-эдвайзерге алғысымызды білдіреміз.

Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент