30 декабря, 2011

29 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар және шығыстану факультеттеріне арналған жаңа оқу ғимараттарының салтанатты түрде ашылуы болды.

Бұл іс-шараға университет ректоры, академик Ғалым Мұтанов, Алматы қаласының әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов және шетелдік компаниялар мен мәдени орталықтар, ҚР-дағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктер жетекшілері, ғалымдар мен оқытушылар және факультет студенттері қатысты. Оқу ғимараттарының салтанатты ашылуында ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов: «Жақында ғана ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өттік, ұлы тойдың жалғасы ретінде университет оқытушылары мен студенттері жақсы көңіл күйде жаңа ғимаратқа еніп отыр. Үлкен бір ғимаратта екі факультеттің орналасып бір кластерлік жүйеге еніп отыр десек болады», - деген пікірімен бөлісіп, сондай-ақ жиналған қауымды жаңа жылмен құттықтады. ҚР Білім және ғылым министрілігінң қолдауымен 1974 ж. құрылған 5-қабатты ғимаратқа 1,2 млрд. теңгеге қайта жөндеу жұмыстары жасалды. Толығымен: жұмсақ шатыр, су және жылу жүйесі, ауа алмастыру, кондиционер, телекоммуникациялық желі орнатылған, аумақ жақсы жабдықталған, ғимарат алдының барлығы жаңартылған. Ғимараттың жалпы көлемі 19 мың кв. м. Ғимарат іші кең аудитория, дәріс залдары мен жұмсақ жиһаз және компьютерлік жабдықтармен, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етілген. Онда дипломатиялық қызмет кабинеті, американдық, НАТО, Еуропа зерттеу орталықтары да жасалған. Осы орайда жаңа ғимараттың ашылуына арнайы келген қалалық әкім орынбасары Серік Сейдуманов: «Мұндай ғимаратты ашу үлкен мәртебе. Бұл ғимараттардың өзінен-ақ ҚазҰУ білім мен ғылымның алтын діңгегі екендігін айқындап тұр. Екі факультет қатар орналасқан жерде бәсекеге қабілеттілік те дами түседі деп сенемін. Осындай жағдайы жоғары оқу ордасында білім алып жатқан студенттер дипломатиялық қызметте өрлеп, елімізді шетелдерге мойындата берсін деген тілек айтамын», - деді.

ҚазҰУ ұжымы елбасының тапсырмасымен алда тұрған әлемдік деңгейдегі заманауи зерттеу университетіне айналу процесін қарастырып жатыр. Жаңа оқу жылында университет жаңа модельмен іске кірісті. Ол университеттегі барлық қызмет түріне қатысты болды. Факультеттер кластерлік тұрғыда құрылып, кафедралар кеңейтілген. Басқарудың ең мықты әдістері енгізілген. Жақсы нәтижеге қол жеткізу мақсатында жаңа оқу бағдарламаларының барлық сатыларында бакалавриат, магистратура және PhD докторантурада сапалы білім беруде үлкен істер атқарылып жатыр. Қос диплом оқыту бағдарламасы, ағылшын тілінде оқу сондай-ақ, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы белсенді дамуда. Материалды және ғылыми-зерттеу базалары нығайып, ғылымды, инновация мен білімді дамыту жағдай жасалынып отыр. Бірінші рет рейтингтік бағалау арқылы оқытушылардың еңбек ақысына үстем ақы төлеу енгізіліп, қызметкерлер мен студенттерге әлеуметтік пакет қарастырылған.

Халықаралық қатынастар факультеті ҚазҰУ-да 1995 жылы ашылған. Жыл сайын 1,5 мыңнан астам студент маманданса, соның ішінде 100 шақтысы шетелдік студенттер. Факультет ҚР Сыртқы істер министрлігімен тығыз байланыста, халықаралық мекемелермен және ұйымдармен, шетелдік елшіліктермен, өкілдіктермен және компаниялармен, мәдени орталықтармен, қорлармен тығыз әріптестік орнатқан.

Шығыстану факультеті университетте 1989 жылы құрылған. Факультет шығыс тілдерін меңгерген жоғарыбілікті мамандарды даярлайды. Факультеттің серіктестері қатарында ҚР-дағы шығыс елдерінің елшіліктері, Қытай, О.Корея, Түркия, Иран, Үндістан, Жапония, Египет және т.б. елдердің ірі университеттері, бар. Факультеттің оқытушылары мен студенттері үнемі шетелдік ғылыми және тілдік тағылымдамадан өтіп тұрады. 800-ден астам студент шығыстану, аймақтану, шетел филологиясы, аударма ісі, түркітану мамандықтары бойынша білім алады.