2012 жылы наурыз айының 30-жұлдызында Шығыстану факультетінде
«Қазақстан және Шығыс елдері: тарих пен бүгінгі күн»
XIII жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті
2012 жылы Қазақстан Республикасы шығыс әлімімен арадағы орнатылған дипломатиялық қатынастардың 20 жылдығын атап өтеді. Осы орайда аталмыш жылдары орын алған саяси, экономикалық және мәдени процестерді сараптау, жан-жақты қарастыру және оған баға беру өте маңызды болып табылады. Шығыстану ғылымындағы өзекті мәселелер мен басқа да көптеген мәселелерді жас ғалымдар дәстүрлі Юдин оқулары шеңберінде қарастырады.
Биылғы 2012 жылы да осы мақсатта наурыз айының 30-жұлдызында ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Жас ғалымдар кеңесі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен көрнекті шығыстанушы ғалым Вениамин Петрович Юдинді еске алуға арналған және Қазақстан Республикасының шығыс әлімімен арадағы орнатылған дипломатиялық қатынастардың 20 жылдығының құрметіне арналған «Қазақстан және Шығыс елдері: тарих пен бүгінгі күн» атты XIII жас ғалымдар ғылыми оқуы өткізілді.
Сонымен қатар, конференция шеңберінде шығыстанушы-ғалым Дина Нұркенқызы Вильковскииді (Нұртазинаны) еске алуға арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Ғылыми оқу барысында төмендегідей тақырыптар талқыланды:
Ø Қазақстанның шығыс әлеміндегі елдермен арадағы саяси-экономикалық және этникалық байланыстары.
Ø Тәуелсіз Қазақстанның Шығыс елдерімен өзара қарым-қатынастары: дипломатия, саясат, экономика.
Ø Қазақстанның шығыс елдерімен арадағы мәдени-өркениеттік өзара қарым-қатынастары: өткені мен бүгіні.
Ø Еуразиядағы шығыстану мектептерінің өзара қарым-қатынастары мәселелері, жаңа қазақстандық исламтану ғылымы.
Конференцияның пленарлық мәжілісін ашқан М.Қ. Әбусейітова ханым
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық тарихында еліміздің Шығыс елдерімен орнатқан дипломатиялық байланыстарының маңыздылығын айрықша атй отырып, мемлекеттің сыртқы саясатындағы осы бағыттағы басымдықтарын да айқындап өтті. Шығыс елдерімен дипломатиялық байланыстарымыздың орнауында, оның дамып, өркендеуіне шығыстану ғылымы мен шығыстанушылардың қосқан зор үлесін де айрықша атаған ғалым, осы орайда көрнекті шығыстанушы ғалым Вениамин Петрович Юдиннің еңбектерінің маңыздылығына ерекше тоқталып өтті.
Өз кезегінде Юдин оқуларының құрметті қонағы болған В.П. Юдиннің
жұбайы Ю.Г. Баранова да сонау соғыс жылдарынан бергі ғалымның жасаған еңбектері мен ғылыми зерттеулері туралы сыр толғап, сөз соңында студенттерге кітап қасиеті, оны қаншалықты қастерлеу қажеттігі туралы да ұлағатты сөз, өнегелі әңгіме айтты.
Конференция жұмысы жоғарыда аталған 4 бағытта жұмыс жасады.
Әрбір секция жұмысы бойынша қорытынды жасалып, модераторлар әрқайсысы жетекшілік еткен ұжым жұмысында үздік ғылыми баяндама жасаған жас ғалымдарды марапаттады.
1-секция жұмысы бойынша марапатталғандар:
1. Қалқаманов Асқар Бегижанович – Алматыдағы Әскери институттың 4 курс курсанты;
2. Толымбетова Ботагөз – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті арабтану және ирантану кафедрасының 3 курс студенті;
2-секцияда марапатталғандар:
1. Айсаева Наргиза – Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, халықаралық қатынастар факультетінің 4 курс студенті;
2. Нажмуддин Нематулла - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті арабтану және ирантану кафедрасының 4 курс студенті;
3. Есболова Эльвира Мамаевна - ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының кіші ғылыми қызметкері;
3-секцияда марапатталғандар:
1. Қасабекова Еңлік Құралғазықызы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті арабтану және ирантану кафедрасының аға оқытушысы;
2. Қоңқабаева Назым Нұрболатовна - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті арабтану және ирантану кафедрасының 1 курс магистранты;
3. Әбдіқадырова жанар Болатқызы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті арабтану және ирантану кафедрасының 1 курс магистранты;
Жалпы конференция жұмысына қатсқандар саны -55, олардың ішінде
Шығыстану факультеті бойынша – 31. Конференция материалдары жеке жинақ ретінде жарық көреді деп жоспарланған.
Конференция шеңберінде Орталық ғылыми кітапхананың қорындағы ҚР мен Шығыс елдері тарихы, дипломатиялық байланыстары бойынша ғылыми еңбектер мен В.П. Юдиннің жеке ғылыми еңбектері бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Конференция жұмысының жоспары бойынша 15.00-де шығыстанушы-ғалым Дина Нұркенқызы Вильковскийді (Нұртазинаны) еске алуға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Ғалымды еске алуға келген қонақтар Дина Нұркенқызының ҚазҰУ-да, Шығыстану институтында еңбек еткен кездері мен ғалымның отандық шығыстану ғылымы мен еуразиялық шығыстану мектебі арасындағы ғылыми байланыстың қалыптасуына қосқан үлесін, ғылыми-шығармашылық жетістіктерімен қатар оның адамгершілік қасиеттерін де үлкен толғаныспен тебірене еске алды.