Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы курсанттарының әскери ант қабылдау шарасы кезінде осылай айтылды. Әскери кафедра бастығы, полковник Олег Степаненконың сөзіне қарағанда, бұл курсанттар Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнының 70-ші түлектері. Оларға сәт-сапар айтқан ҚР Генералдар кеңесінің төрағасы, генерал-майор Рүстем Қайдаров: «Білім нәрімен сусындаған университеттеріңді қайда болсаңдар да ұмытпаңдар. Барынша әділ, адал болыңдар. Генералдар атынан сендерге де генерал болуды тілеймін»,- деген жүрекжарды тілегін жеткізді. Салтанатты шара кезінде қонақтар аэроұтқыр әскери жауынгер-десанттарының ұрыс дайындықтарының, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты курсанттарының саптық дайындықтарынан қойылымдар көрсетілді. Сондай-ақ ҚазҰУ курсанттар вальсін, Алматы гарнизоны бірлескен әскери оркестрлері плац-концерттерін тамашалады.