2012 жылы 16 қараша күні ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің мәжіліс залында әр елден келген өкілдерді таныстыру мақсатында «Дос болайық бәріміз!» атты факультетаралық студенттік кеш өткізілді. Осы кешке әлемнің әр мемлекеттерінен келген шетелдік студенттер, шетелден келген қазақ азаматтары, сонымен қатар шығыстану және халықаралық қатынастар факультетінің студенттері белсене қатысты.
Кеште әр елден келген студенттер өз елдерінің мәдениеті мен дәстүрі туралы әңгімелеп, өз Отандары және өздері оқитын оқу орындары туралы айтып өтті. Кештің мақсаты әртүрлі ұлт өкілдерінің арасында достық, ұлтаралық ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу болды. Аталған кешке әр елдің елшіліктерінен және біздің университеттен қонақтар шақырылды. Келген қонақтардың аталған шара туралы пікірлері жоғары дәрежеде болды.
Дайындық факультеті