Құрметті әріптестер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Біліктілікті арттыру институтының Лингвистикалық құзыреттілік орталығы, мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 28 ақпан -1 наурыз аралығында өтетін "Мемлекеттік тілді оқытудағы инновация: жаңа үрдістер және модульдік технология" тақырыбындағы республикалық семинарға шақырады.
Семинар университеттің білікті оқытушы-профессорларының жетекшілігімен өткізіледі, шеберлік класы, дөңгелек үстел өткізіледі.
Оқу ақысы: 15000 теңге
Тыңдаушылардың қажеттілігіне қарай БАИ жатақханасынан орын беріледі (жатақхана төлемақысы тыңдаушылар есебінен).
Семинарды тиімді ұйымдастыру және өткізуге байланысты Сіздердің алдын ала ұсыныс берулеріңізді сұраймыз.
Тыңдаушыларды семинарға қабылдау үшін келесі құжаттар талап етіледі:
- ұсыныс (3-қосымша);
- жеке төл құжат (көшірмесі)
- келісім-шарт 2-дана (4-қосымша);
- оқу ақысын төлегені туралы түбіртек немесе төлем тапсырысының көшірмесі;
Курсты аяқтаған тыңдаушыларға сертификат беріледі (арнайы үлгідегі).
Реквизиттері: РКМ «Әл-Фараби ат. ҚазҰУ» СТН – 600400040043, КЖС KZ29319А010004148977, БСК ABKZKZKX, KБE 16 БСМ 990140001154, Алматы қ-сы «БТА Банк» АҚ, мекен-жайы: Алматы қ-сы., әл-Фараби д-лы 71.
Біздің мекен жайымыз: 050062, Алматы қаласы, 1-ықшам ауданы, 36 үй, 2 қабат, 214 бөлме, Біліктілікті арттыру институтының (БАИ) Лингвистикалық құзыреттілік орталығы Телефакс: 8 (727) 277-48-34, 8 (727) 277-49-52 e.mail: ipk.kaznu@mail.ru
БАИ директоры Шайкенов Б.А.
Орын.: Нәлібаева С.