«Қарқара» сауда орталығындағы бильярд клубында болған іс-шара студенттер мен ұстаздардың қарым-қатынасын нығайтып, әсіресе оң-солын енді танып жатқан бірінші және екінші курстардың рухани-танымдық ой-өрісін дамыту мақсатында өткізілді. Доданың тікелей демеушісі болған факультет деканы Гүлмира Қазыбек.
Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің «Декан Кубогы» үшін болған бильярд ойынындағы турнирде 3 орынды студент Дінмұхамед Аязбеков иеленсе, 2 орынды оқытушы Самал Дәрібаев қолға алды. Ал, спорттың дәл осы түрінен екінші рет чемпион болған жас ұстаз Нұрбек Түсіпхан 1 орынға шығып, «Декан Кубогын» жеңіп алды. Сонымен қатар, бірнеше ойыншылар түрлі номинациялар бойынша марапатталып, естелікке суретке түсіп, көңілді тарасты.
Другие новости
26 ноября, 2024
26 ноября, 2024
26 ноября, 2024