«Өмір үшін ықпалдасу» халықаралық конференциясындағы сөзі

23 сентября, 2022

Құрметті конференцияға қатысушылар,

әріптестер, білім алушы жастар!

Бүгін ҚазҰУ қалашығында Төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауымен арнайы тактикалық оқу-жаттығулар өтті.

«Өмір үшін ықпалдасу» халықаралық конференциясында осы төтенше жағдайлар кезіндегі әртүрлі ұйымдардың, мекемелердің бірлесе жұмыс істеу мәселелері талқыланады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жолдауында:

«Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл айқын нәрсе. 

Біз қаңтар оқиғасынан сабақ алып, қоғамдық қауіпсіздікті едәуір күшейту қажеттігін түсіндік.

Біз алдағы реформалардың бағыт-бағдарын айқындап алдық.

Енді мемлекетімізді және қоғамның барлық саласын жаңғырта түсуге тиіспіз», – деп атап өтті.

Адам өміріне қауіп төндіретін төтенше жағдайлардың алдын алу,  табиғи, техногендік апаттар кезінде шұғыл іс-әрекеттер жасау қоғам үшін аса маңызды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтіп жатқан арнайы оқу-жаттығу іс-шараларына «Апаттар медицинасы орталығы», Республикалық жедел құтқару жасағы, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Қызыл Жарты Ай қоғамы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жедел-құтқару жасағы, медицина факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

 

 

Уважаемые участники конференции,

коллеги и студенты!

Цель сегодняшней конференции – взаимодействие и объединение усилий структур гражданской обороны, МЧС, различных общественных объединений в вопросах профилактики и предупреждения последствий при чрезвычайных ситуациях.

Самым главным для всех нас является безопасность граждан, общества и государства.

 Поэтому требуется системно усилить работу по предотвращению и минимизации последствий природных и техногенных катастроф. 

Известно, что чрезвычайные ситуации могут иметь разрушительные последствия для общества, экономики и устойчивого развития страны.

Недавно несколько регионов Казахстана охватили лесные пожары.

Как известно, первый час после катастрофы – самое важное время для спасения жизней, когда нужно предпринять быстрые, скоординированные и эффективные действия. Поэтому сегодняшнее мероприятие – международная научно-практическая конференция «Интеграция ради жизни» – имеет важное, стратегическое и практическое значение.

 Сегодня мы обсудим вопросы взаимодействия министерств, местных исполнительных органов и НПО при ЧС природного характера.

 

Уважаемые участники конференции!

Сегодня проводили тактико-специальные учения на территории КазНУ им. Аль-Фараби с привлечением медицинских организаций города Алматы.

Благодарим за поддержку Министерство по ЧС и министра Ильина Юрия Викторовича, акимат г. Алматы, Национальную медицинскую ассоциацию за содействие в организации и проведении важного мероприятия.

Мы надеемся, что КазНУ имени Аль-Фараби станет конструктивной площадкой для обмена опытом и в ближайшем времени базой консультативно-координационного центра по вопросам ЧС для образовательных организаций не только г. Алматы, но всей республики.

 

Құрметті конференцияға қатысушылар!

Төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған бүгінгі жаттығулар мен халықаралық конференция баршамыз үшін үлкен тәжірибе алмасу алаңы болатынына сенімдімін.

Конференция жұмысына табыс тілеймін!