1-қыркүйек күні Жастар Ұйымдары Комитеті және I LOVE IS COFFEE кофеханасының ұйымдастыруымен бірінші курс студенттеріне арналған "TANYS BOL" кеші өтті. Кештің басты мақсаты - студенттердің өзара танысуы. Студенттер әртүрлі ойындар арқылы танысып, көңілді уақыт өткізді. I LOVE IS COFFEE-дан тегін кофе мен лимонадтар таратылып, кеште ең белсенді болған студенттерге сертификаттар ұсынылды. Студенттер ҚАЗҰУ атмосферасын сезініп, көңілді студенттік өмірге бір қадам жасады.

Басқа жаңалықтар
27 ақпан, 2026
20 ақпан, 2026