«TANYS BOL»

1 қыркүйек, 2023

1-қыркүйек күні  Жастар Ұйымдары Комитеті және I LOVE IS COFFEE кофеханасының ұйымдастыруымен бірінші курс студенттеріне арналған "TANYS BOL" кеші өтті. Кештің басты мақсаты - студенттердің өзара танысуы. Студенттер әртүрлі ойындар арқылы танысып, көңілді уақыт өткізді. I LOVE IS COFFEE-дан тегін кофе мен лимонадтар таратылып, кеште ең белсенді болған студенттерге сертификаттар ұсынылды. Студенттер ҚАЗҰУ атмосферасын сезініп, көңілді студенттік өмірге бір қадам жасады.