Сараптамалық бағалау-бағдарламалық аккредиттеу кезеңдерінің бірі: 11-17 мамыр аралығында IAAR сараптамалық комиссиясының сапары өтті

18 мамыр, 2023

11-13 мамыр және 15-17 мамыр аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім беру бағдарламаларының (ББ) сапасын бағалайтын сараптау комиссиясының сыртқы сапары өтті. Бұл кезең білім беру сапасын арттыруға және жоғары оқу орнының белгіленген стандарттарға сәйкестігін растауға бағытталған бағдарламалық аккредиттеу процесінің бөлігі болып табылады.

Осы міндет үшін арнайы шақырылған сарапшылар келесі факультеттердің 28 білім беру бағдарламаларына мұқият тексеру жүргізді: Журналистика, Медицина және денсаулық сақтау, Филология, Заң, Физика-техникалық, Халықаралық қатынастар, География және табиғатты пайдалану және Механикалық-математикалық. Сапар барысында сараптама комиссиясы ЖОО проректорларымен құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, ББ аккредиттелетін декандармен, кафедра меңгерушілерімен және ББ үйлестірушілерімен, профессор - оқытушылар құрамымен, білім алушылармен, сондай-ақ жұмыс берушілермен кездесулер өткізді. 
Сонымен қатар, сарапшылар жабдықтардың сапасын, қажетті ресурстардың болуын, сондай-ақ студенттердің жұмыс берушілермен және тәлімгерлермен іс жүзінде өзара іс-қимылын бағалай алатын ББ тәжірибелік базаларына барды.