Профессор М.Әлімбековтің 70 жылдығына арналған конференциядағы сөзі

18 января, 2024

Құрметті конференцияға қатысушылар!

Құрметті әріптестер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қош келдіңіздер!

Жыл басында «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық, саяси, құқықтық мәселелерге ерекше назар аударды.

Президент ұстанған әділетті Қазақстан қоғамының басты тірегі – заң үстемдігі.

2022 жылы Президенттің бастамасымен Конституциямызға заман талабына сай өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Бүкілхалықтық референдум арқылы мемлекетіміздің саяси дамуының түбегейлі жаңа бағыты айқындалды.

Бүгінде конституциялық реформаларды іске асыру, қоғамды демократияландыру, адам құқықтарын қорғау мәселелеріне ғылыми көзқарас қалыптастыру маңызды.

Бұл бағытта университетіміздің оқытушы-ғалымдарына, құқықтық білім алып отырған жастарымызға артылар жауапкершілік мол.

Биыл университетіміз 90 жылдық белеске көтеріліп отыр.

15 қаңтарда мерейтойлық жылдың ашылу салтанатын өткіздік.

Оқу орнымыздың даму тарихы біздің білікті оқытушы-ғалымдарымыздың еңбегімен тікелей байланысты.

ҚазҰУ-да құқықтанушы-заңгерлердің үлкен мектебі қалыптасқан.

Осы мектептің белді өкілдерінің бірі – мемлекет және қоғам қайраткері, заң ғылымының докторы, профессор Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбеков.

Мұсабек Тұрғынбекұлының 70 жылдық мерейтойы университетіміздің 90 жылдың торқалы тойымен қатар келіп отыр.

Құрметті профессорымызды мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Мұсабек Тұрғынбекұлы – ҚазҰУ-дың заң факультетінің түлегі.

Еліміздегі сот жүйесі мен құқықтық білімнің тәжірибелі маманы, қайраткер тұлға.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында сот  төрағасы болды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы қызметін абыроймен атқарды.

Еліміздегі құқықтық реформаларды іске асыруға, жаңа заңдардың қабылдануына  үлес қосты.

Мұсабек Тұрғынбекұлының іргелі зерттеулері, тың әдістемелері қазіргі соттардың тәжірибесіне енгізілді.

Минск қаласында ЕурАзЭҚ Халықаралық сотының төрағасы міндетін де жауапкершілікпен атқарды.

Мұсабек Тұрғынбекұлы университетіміздің Қоғамдық-консультативтік кеңесінің мүшесі.

ҚазҰУ профессоры ретінде ізбасар шәкірттер тәрбиелеп, заң-құқық саласында мазмұнды еңбектер жазды.

Көптеген ғылым кандидаттары мен РhD докторларға жетекшілік жасады.

Шәкірттері заң-құқық саласы бойынша Қазақстанмен қатар, шет мемлекеттерде де жемісті еңбек етуде.

 

Уважаемые коллеги!

Подготовка юристов в нашем университете осуществляется на протяжении 70 лет.

За эти годы на юридическом факультете сформирована целостная образовательно-научная школа.

Выпущено более 30 тысяч специалистов.

В настоящее время по направлению «Право» реализуется порядка 20 образовательных программ.

Все программы в бакалавриате, магистратуре и докторантуре прошли международную аккредитацию.

Несмотря на имеющиеся достижения, мы нацелены на дальнейшую модернизацию юридического образования с учетом современных требований.

Сегодня, как исследовательский университет мы особое внимание уделяем развитию  юридической науки.

Внедряем многоуровневую систему подготовки юридических кадров.

Совершенствуем профессиональные программы магистратуры и докторантуры по примеру зарубежных стран.

В работе сегоднящней конференции принимают участие известные политические деятели и ученые.

Все уважаемые гости и коллеги пришли поздравить профессора Мусабека Тургынбекулы с юбилеем.

Юбилей ученого совпал с юбилеем нашего университета и это благородный знак.

Мусабека Тургынбекулы внес весомый вклад в развитии юридического образования и науки.

Он сформировал не одно поколение специалистов с юридическим образованием.

Уважаемому Мусабек Тургынбекулы желаю крепкого здоровья, благополучия в семье и успехов в работе!

 

Құрметті әріптестер!

Бүгінгі жиында сот жүйесін дамыту, құқықтық білімді жетілдіру мәселелері бойынша жаңа ұсыныстар айтылуы тиіс.

Профессор Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбековтің ғылыми еңбек жолына арналған конференция жұмысына табыс тілеймін!