- Басты бет
- Мұражай
- 2024 жылдың 22-26 қаңтар күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Музейінде «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының» «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» тақырыбында өтетін жылжымалы көрменің ашылуына дайындық жұмыстары жүргізілді
2024 жылдың 22-26 қаңтар күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Музейінде «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының» «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» тақырыбында өтетін жылжымалы көрменің ашылуына дайындық жұмыстары жүргізілді

Музей қызметкерлері арнайы іссапармен келген «Отырар» музейінің «Қор сақтау» ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Шоқай Ералы Төлендіұлы мен «Археология» ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Пәрменқұл Сәбит Тұрлыбекұлымен бірге барлығы 170 данадан тұратын 80 аталымды археологиялық жәдігерлерді орналастырып, музей экспозицияларын жасап шықты
Көрме – «Ұлы Жібек жолы және Отырар Х-ХІ ғғ», «Отырар Қарахан дәуірінде», «ХІV- ХV ғғ. Темір дәуіріндегі Отырар», «ХVІ-ХVІІІ ғғ. Отырар Қазақ хандығы тұсында», «Отырардағы жазба мәдениетінің пайда болуы» тақырыптарын қамтыған. Көрмеде «Отырар» музей-қорығы қоры жинағындағы археологиялық жәдігерлер – керамикалық бұйымдар, нумизматикалық материалдар, шыныдан жасалған заттар, сирек кездесетін жәдігерлер, ескерткіштерге қатысты аэрофотолар мен карталар ұсынылатын болады
Арнайы Отырар экспозицияларына музей атриумындағы әл-Фараби кешені толық босатылып, тақырыптық банер, қонақтарға шақыртулар, бағдарламалар, сайт мәтіндері жасалынып салтанатты ашылу рәсіміне дайындық жұмыстары жүргізілді.
Көрменің салтанатты ашылуы 26 қаңтар күні сағ 11.00 де болады. Келіңіздер, көріңіздер!
Басқа жаңалықтар

