2024 жылдың 22-26 қаңтар күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Музейінде «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының» «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» тақырыбында өтетін жылжымалы көрменің ашылуына дайындық жұмыстары жүргізілді

26 қаңтар, 2024

Музей қызметкерлері арнайы іссапармен келген «Отырар» музейінің  «Қор сақтау» ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Шоқай Ералы Төлендіұлы мен «Археология» ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Пәрменқұл Сәбит Тұрлыбекұлымен бірге барлығы 170 данадан тұратын 80 аталымды археологиялық жәдігерлерді орналастырып, музей экспозицияларын жасап шықты

Көрме  – «Ұлы Жібек жолы және Отырар Х-ХІ ғғ», «Отырар Қарахан дәуірінде», «ХІV- ХV ғғ. Темір дәуіріндегі Отырар», «ХVІ-ХVІІІ ғғ. Отырар Қазақ хандығы тұсында», «Отырардағы жазба мәдениетінің пайда болуы»  тақырыптарын қамтыған. Көрмеде «Отырар» музей-қорығы қоры жинағындағы археологиялық  жәдігерлер – керамикалық бұйымдар, нумизматикалық материалдар, шыныдан жасалған заттар, сирек кездесетін жәдігерлер, ескерткіштерге қатысты аэрофотолар мен карталар  ұсынылатын болады

Арнайы Отырар экспозицияларына музей атриумындағы әл-Фараби кешені толық босатылып, тақырыптық банер, қонақтарға шақыртулар, бағдарламалар, сайт мәтіндері жасалынып салтанатты ашылу рәсіміне дайындық жұмыстары жүргізілді.

Көрменің салтанатты ашылуы 26 қаңтар күні сағ 11.00 де болады. Келіңіздер, көріңіздер!