Жарас Омарұлы Ибрашевтің 95 жылдығына арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

23 февраля, 2024

Құрметті зиялы қауым!

Құрметті әріптестер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қош келдіңіздер!

Университет ғылым-білімді дамытуға елеулі үлес қосқан, өзінің ғылыми мектебін қалыптастырған көрнекті ұстаз-ғалымдарын мақтан етеді.

Бүгінгі конференция белгілі тарихшы, өнегелі ұстаз-ғалым, профессор Жарас Омарұлы Ибрашевтың 95 жылдығына арналып отыр.

90 жылдық тарихы бар университетіміздің дамуында өзіндік орны бар тұлғалы ғалым артынан мол ғылыми еңбектер қалдырды.

 

Уважаемые гости университета!

Уважаемые коллеги!

Ибрашев Жарас Омарулы – выпускник нашего университета.

Окончил исторический факультет, работал ассистентом кафедры всеобщей истории.

Работал вторым секретарем Алматинского горкома комсомола, секретарем комитета комсомола в КазНУ.

Был старшим преподавателем, заведующим кафедрой в университете.

Провел фундаментальные исследования в исторической науке.

Написал более 100 научных исследовательских статей, 5 монографий.

Глубоко исследовал вопросы международных отношений, европейской интеграции, национальной дипломатии.

Под его научным руководством защитили диссертации такие известные дипломаты и государственные деятели, как Касым-Жомарт Токаев­ – Президент Республики Казахстан, Аскар Мусинов и другие.

Будучи французоведом Ибраш Омарулы возглавил научную школу исследователей европейских и евразийских проблем.

В 1992 году основал в КазНУ кафедру международных отношений и внешней политики Казахстана.

В 1995 году стоял у истоков создания факультета международных отношений.

Благодаря этому в Казахстане сформировалась большая школа квалифицированных дипломатов.

 

Құрметті әріптестер!

Профессор Жарас Ибрашев 35 ғылым кандидаты мен 10 ғылым докторын дайындап, ізбасар шәкірттер тәрбиеледі.

Ғалымның табысты еңбегінің арқасында бүгінде ҚазҰУ-да дипломаттар, халықаралық қатынастар саласындағы білікті мамандар даярланады.

Қазіргі таңда ғалымның шәкірттері Сыртқы істер министрлігінде, елшіліктерде,  халықаралық ұйымдарда, жоғары оқу орындарында, ғылыми ұйымдарда жұмыс істейді.

Профессор Жарас Ибрашевтың ғылыми мұрасын жаңаша талдау – бүгінгі жас ғалымдардың міндеті.

Бүгінгі шара дипломатия, халықаралық құқық, әлемдік экономика  мәселелерін талдайтын пікірталас алаңына айналады деп сенемін.

Конференция жұмысына табыс тілеймін.