Digital Farabi II форумындағы сөзі

23 февраля, 2024

Құрметті университет қонақтары, әріптестер!

Құрметті білім алушы жастар!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтіп жатқан Digital Farabi халықаралық форумына қош келдіңіздер!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарына 2025 жылға қарай кемінде 100 мың жоғары білікті IT-мамандар даярлау міндетін қойған болатын.

Президент сонымен қатар жасанды интеллект технологиясын дамытуды тапсырды.

Бұл ретте университеттерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.

Биыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толды.

2022 жылы ҚазҰУ-ға Үкімет қаулысымен «зерттеу университеті» мәртебесі берілді.

Осы мәртебеге сай, университет IT-технологияларды дамытып, зерттеу жұмыстарына басымдық беруде.

ҚазҰУ алдағы уақытта Орталық Азиядағы алғашқы Индустрия 4.0 модельдік фабрикасын құруды жоспарлап отыр.

Қазір университетте ҚХР үкіметімен келісілген Silicon Valley моделі бойынша IT-тех­нопарк құру жөніндегі бірлескен жоба қолға алынуда.

ҚазҰУ Tech Garden «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорымен бірлесіп өнеркәсіптік робототехника және роботтандыру саласындағы жаңа стартаптарға қолдау көрсетеді.  

Сонымен қатар университетте қытайлық әріптестердің қолдауымен суперкомпьютермен қамтамасыз ету жөніндегі үкіметаралық жоба жүзеге асырылады.

 

Уважаемые коллеги, гости и участники форума!

Приветствую вас на цифровом форуме КазНУ имени Аль-Фараби.

Данный форум собрал ведущих специалистов в области цифровых технологий.

 Эксперты обсудят будущее искусственного интеллекта.

Данное направление Президент Касым-Жомарт Токаев выделил как один из основных приоритетов нашего государства.

Мир уже живет в эпоху искусственного интеллекта.

Как подчеркнул Глава государства, основные задачи, поставленные перед нами – это минимизация «цифрового неравенства» и продвижение «цифровой агломерации».

Это особенно актуально в географически крупном государстве, каким является Казахстан.

Нам важно учитывать это при развитии и интеграции новых технологий во все сферы жизни – от экономики и безопасности до медицины и образования.

Мы призываем к общим усилиям, к сотрудничеству инженеров, IT-специалистов, экономистов и политиков для создания прекрасного будущего для наших последующих поколений.

Это совместное усилие необходимо для успешной реализации стратегий, основанных на данных, и для эффективного использования возможностей искусственного интеллекта.

Новые технологии должны стать инструментом благополучия для всех граждан нашей страны и для всего мира.

Впереди нас ждет захватывающее обсуждение и обмен мнениями.

Я уверен, что итоги нашей работы будут способствовать развитию и процветанию нашего общества.

 

Құрметті форумға қатысушылар!

Форум жұмысы биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Жиынға студенттермен қатар, ІТ саласының білікті мамандары, тәжірибелі ғалымдар, бизнес өкілдері мен инвесторлар қатысуда.

Шараның мақсаты – ІТ мамандарын даярлаудағы сапаны арттыру, жаңа технологиялық трендтерді талдау.

Форум студенттердің IT-технологиялар саласында тәжірибе жинақтап, стартап жобаларын дамытуға жол ашады деп сенемін.

Форум жұмысына табыс тілеймін.