Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың 8 Наурыз мерекесіндегі құттықтау сөзі

7 марта, 2024

Құрметті әйелдер қауымы, студент қыздар!

Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Көктемнің көрікті мерекесі сіздерді жақсылық пен қуанышқа, ырыс-берекеге бөлесін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткендей,«Бүгінде әйелдер қауымының отбасындағы, қоғам өміріндегі және мемлекетті жан-жақты дамыту ісіндегі рөлі орасан зор. 

Мемлекет гендерлік теңдікті сақтауға, әйелдер құқығын қорғауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға әрдайым баса мән береді.

 Аналарымыз бен аруларымыздың алаңсыз өмірі – ұлтымыздың жарқын болашағының кепілі».

Сондықтан біз бүгінгі салтанатты жиынды «Жаңа Қазақстан және гендерлік теңдік» деп атап отырмыз.

 

Құрметті әйел азаматтар!

Біріккен Ұлттар Ұйымының  стратегиялық даму жоспарында гендерлік теңдікті іске асыру негізгі міндеттеме  болып табылады.

Ұйым тұрақты даму саласындағы бұл міндеттерге 2030 жылға дейін қол жеткізуді көздеп отыр.

Наша страна продвигается к гендерному равенству в соответствии с международными показателями.

Реализация гендерного равенства является основным обязательством ООН.

Расширение прав и возможностей женщин и гендерное равенство жизненно важны для достижения повестки дня в области устойчивого развития на период до 2030 года.

Она предусматривает мир всеобщего уважения прав человека и достоинства человеческой личности, в котором каждая женщина и девочка пользуются полным гендерным равенством.

Где все юридические, социальные и экономические барьеры на пути их расширения были устранены.

Стратегия по обеспечению гендерного равенства направлена на поддержку государственных учреждений в проведении политики нового поколения.

Она реализуется посредством шести решений по вопросам:      бедности и неравенства; управления; устойчивости; окружающей среды; энергии; и гендерного равенства.

Акцент делается на поощрении мер, которые открывают женщинам больше возможностей участвовать в принятии решений.

Быть более конкурентоспособными на рынке труда, занимать руководящие должности в частном секторе и объединяться против гендерного насилия.

 

Құрметті әріптестер!

Өздеріңіз білетіндей, мемлекет гендерлік теңдік пен әйелдер құқығына айрықша көңіл бөледі.

Кеше ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрылғанына 25 жыл толды.

Осы комиссия гендерлік тендікті қамтамасыз ету, отбасы институтын нығайту және ана мен баланы қорғау ісінде ерекше рөл атқарып келеді.

Қазақстан Президенті өз құттықтауын жолдап, «Біз әйелдердің қоғамдағы мәртебесін көтеру жене отбасы құндылықтарын дәріптеу үшін жүйелі шараларды жалғастырамыз» деп атап өтті.

Біздің университетімізде 2012 жылдан бері «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әйелдерінің одағы» қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді.

Бұл одақтың төрағасы – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымының докторы, профессор, филология факультетінің деканы Баян Өмірбекқызы Жолдасбекова.

«ҚазҰУ әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігі әйелдердің қоғамдағы мәртебесін, олардың университеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өміріндегі рөлін арттыруға жәрдемдеседі.

Қазіргі кезде білім беру саласында, оның ішінде ҚазҰУ-да әйел-ұстаздардың, әйел-ғалымдардың үлесі басым.

Бүгінгі күні ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлық құрамында 1640 қыз-келіншек жұмыс атқарады.  

Олар жалпы ғалымдар санының 65 пайызын құрайды.

Оның ішінде  348 ғылым докторы, 527 ғылым кандидаты, 340 PhD докторы, 1 ҚР ҰҒА академигі және Қазақстан Жоғары мектебі Ұлттық ғылым академиясының 3 корреспондент-мүшесі бар.

 

Құрметті арулар!

Әйел-Ана – отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы.

Ер-азаматтар сіздерді әрдайым құрмет тұтамыз, жақсы көреміз.

Сіздерді мадақтап қаншама ән жазылды, ақындар жыр арнады.

Мен бүгін бір-екі қалжың айтып берсем деп тұрмын.

«Егер еркек «киетінім болмай тұр» десе, таза киімдерінің таусылғаны. Егер әйел «киетінім болмай тұр» десе, жаңа киімдерінің болмағаны».

Әйелі ұрысқанда күйеуі сағатына қарай береді екен, «қайсысы бірінші тоқтайды екен» деп.

«Әйелдер үндемейтін, көп сөйлемейтін еркектерді жақсы көреді екен. Өйткені олар тым-тырыс отырғанда «мені тыңдап отыр» деп ойлайды. 

«Көптеген ерлер үй жинағанда әйелдеріне күн сайын көмектеседі. Мәселен, олар пол жуып жатқанда, екі аяғын көтеріп отырады».

«Кез келген әйел адамдарда тек отыруға ғана ыңғайлы бір туфли болады».

«Әйелдерді сөйлетудің мың түрлі тәсілі бар, бірақ сөйлетпеудің ешқандай тәсілі жоқ».

«Аз сөз – алтын. Бірақ бұл алтынды әйелдер ешқашан мойындаған емес».

«Әйелдер отыз жасқа дейін жасарады, отыздан кейін ғана жақсарады...»

«Дүниеде екі адаммен айтысудың, сөз таласудың қажетi жоқ. Бiрiншісі – iшiп алған мас адаммен, екiншiсi – әйел адаммен».

«Әйелдер парадокс секілді: олар еркектерге алдымен өмір сыйлайды, сосын өмір сүруге мүмкіндік бермейді».

«Әйелдер «50% жеңілдік» деген жазуды көрсе болды, милары да 50% жұмысын тоқтатады».

 

Құрметті арулар!

Ал шын мәнінде әлемнің сегізінші кереметі – ол әйелдер!

Сондықтан мерекелеріңіз құтты болсын, үйлеріңізден қуаныш кетпесін!

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!