ІII халықаралық Фараби форумының жабылу рәсіміндегі сөзі

11 апреля, 2024

Құрметті  әріптестер!

Құрметті ғалымдар, білім алушы жастар!

          Сіздерді Ораза айт мерекесімен, алда келе жатқан Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

          Кез келген мемлекеттің өркендеп, дамуында ғылым аса маңызды рөл атқарады.

          Бүгінде елімізде ғылымға, жаңа технологияларға ерекше назар аударыла бастады.

          Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте:

          «Қай заманды алып қарасақ та, дамудың басты кілті – бұл ғылым.        

          Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі.   

          Әсіресе қазіргі озық технология дәуірінде ғылымсыз алға басу мүмкін емес.

          Ғылымды дамыту – мемлекет саясатындағы ең маңызды бағыттың бірі», – деп атап өткен болатын.

          Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өзінің зерттеу мәртебесіне сай, ғылымға басымдық беріп келеді.

          Ғылыми зерттеулер жаңа технологияларды іске асыруға, экономиканы дамытуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге зор ықпалын тигізуде.

          Бұл бағытта зерттеу университеттеріне, ғалымдарға үлкен жауапкершілік жүктелуде.

          Елімізде білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029  жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген.

          Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми қызметі осы тұжырымдама аясында іске асырылады.

          Биыл университетіміздің құрылғанына 90 жыл толды.

          Мерейлі жылды біз ғылыми жетістіктерімізбен қарсы алып, жаңа ғылыми орталықтар ашып отырмыз.

 

Уважаемые коллеги, ученые и студенты!

 

Сегодня завершает свою работу ІІІ международный Фараби-форум.

Проведена плодотворная и содержательная работа.

В этом году в рамках Фараби-форума были проведены 4 международные научно-практические конференции;

2 круглых стола, международная научная конференция студентов и молодых ученых «Фараби әлемі»;

традиционный конкурс «Лучший молодой ученый КазНУ им. Аль-Фараби»;

конкурс инновационных проектов и студенческих бизнес-инкубаторов.

В работе форума приняли участие ученые и студенческая молодежь из ближнего и дальнего зарубежья:

Индонезии, России, Кореи, Китая, Узбекистана, Кыргызстана и других вузов Казахстана.

Благодарю всех участников за активное участие в работе форума и поддержку в его организации.

Сегодня мы будем награждать авторов лучших студенческих инновационных проектов.

Так же отметим работы победителей международной научной конференции студентов и молодых ученых «Фараби әлемі».

КазНУ проводит множество мероприятий по всем 17 Целям устойчивого развития (ЦУР).

Мы как исследовательский вуз уделяем особое внимание развитию университетской науки.

Сегондя, в канун Дня работников науки мы открыли современую обсерваторию «Фараби».

Новая обсерватория оборудована учебным телескопом с профессиональной оптической схемой.

Здесь бутдут проводится практические занятия для студентов, научные исследования молодых ученых.

Открытие обсерватории «Фараби» – значимая событие в развитии университета.

Новое пространство станет не только местом для научных открытий, но стимулом для будущих поколений ученых.

 

Құрметті оқытушы-профессорлар, жас ғалымдар!

 

Қазіргі уақытта еліміз су тасқынынан зардап шегуде.

Университетте арнайы гуманитарлық көмек пункті ашылып, азық-түлік пен қажетті заттар жиналуда.

Табиғи апаттардың алдын алу мәселесінде нақты ғылыми талдаулар жасалуы керек.

Ғылым ең алдымен адамзат игілігіне қызмет етеді.

Өткен жылдың соңында географ-ғалымдарымыз Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінен 3,8 млрд теңгенің мегагрантын ұтып алған болатын.

Бұл жоба Батыс Қазақстан өңіріндегі экологиялық мәселелерді зерттеуге арналған.

ҚазҰУ «Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану» ғылыми орталығының ғалымдары батыс өңірлеріне арнайы іссапармен баруды жоспарлап отыр.

Олар су тасқыны болған аймақтарда мультиспектрлік камералармен жабдықталған дрондар арқылы мониторинг жүргізетін болады.

Университет ғалымдары жаңа Қазақстанның ғылымын дамытуға елеулі үлес қосады деп сенемін.

Баршаңызды Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймын!