«Сот төрелігін жүзеге асырудың конституциялық қағидаттары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясындағы сөзі

10 мая, 2024

Құрметті Қайрат Әбдіразақұлы!

Қадірлі қонақтар, әріптестер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қош келдіңіздер!

Бүгінгі «Сот төрелігін жүзеге асырудың конституциялық қағидаттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында заң-құқық, сот, прокуратура саласының мамандары, білікті заңгерлер, құқықтанушы ғалымдар бас қосып отыр.

Сондай-ақ ТМД елдерінің Жоғарғы сот өкілдері арнайы шақырылды, бірқатар шетелдік сарапшылар онлайн қатысып отыр. 

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференция мемлекет қайраткері Қайрат Әбдіразақұлы Мәмидің 70 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Қайрат Әбдіразақұлы – тәуелсіз Қазақстанның сот, құқық қорғау саласында өзіндік орны бар тұлғалы азамат, мемлекет және қоғам қайраткері.

Университетіміздің 1981 жылғы түлегі.

Сол уақыттан бері табысты еңбек етіп, отандық сот жүйесінің реформаторы атанды.

Заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының бас прокуроры қызметтерін атқарды.

Қайрат Әбдіразақұлының жетекшілігімен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР конституциялық заңы дайындалды, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы», «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» заңдары қабылданды.

«Аралық соттар туралы», «Прокуратура туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» заңдары әзірленді.

 Нормативтік қаулылар, сот жүйесін қалыптастыру стратегиялары бекітілді.

Қазақстандық сот саласының өзін-өзі материалдық тұрғыда қамтамасыз етуіне жол ашты.

Сот жүйесі қызметкерлерінің еркін жұмыс істеуіне, кәсіби тұрғыда мол тәжірибе жинақтауына жағдай жасады.

Қайрат Әбдіразақұлының іскерлік тәжірибесі, іргелі зерттеулері, тың әдістемелері қазіргі соттардың тәжірибесіне енгізілген.

Қазіргі таңда өзі оқыған университеттің дамуына үлес қосып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Директорлар кеңесін және университет түлектерінің қауымдастығын басқарып келеді.

 

Уважаемые участники и гости конференции!

 Сегодняшняя конференция проводится в рамках 90-летия нашего университета и имеет важное научное значение.

На конференции будут рассмотрены новые правовые инициативы Главы государства, обсуждение принципов «Справедливый Казахстан», «Честный гражданин».

А так же вопросы касающиеся обеспечения верховенства Конституции РК, модернизации судебной системы.

Актуальные вопросы проведения конституционной реформы, реализации принципа справедливости.

Конференцию проводить КазНУ им. Аль-Фараби совместно с Конституционным судом РК, Верховным судом РК и Генеральной прокуратурой РК.

Хочу подчеркнуть, что многие наши выпускники работают в высших органах власти.

 Они активно принимают участие в определении высшей государственной политики во многих сферах жизни общества.

И особенно в судебной и правоохранительной сфере.

Это налагает особую ответственность на наш университет как главную кузницу квалифицированных кадров.

Особо отмечу, что данная конференция посвящается 70-летию известного государственного и политического деятеля Республики Казахстан, доктора юридических наук, профессора, выпускника нашего университета Кайрату Абдразаковичу Мами.

Кайрат Абдразакович в политической карьере достиг самых высших должностей.

Много лет работал в судебной системе.

Он был одним из инициаторов и организаторов судебной реформы нашей страны.

Его научные труды посвящены проблемам реализации конституционной законности и совершенствованию судебной власти в Республике Казахстан.

Как председатель Сената Парламента принимал участие в разработке законодательных актов по укреплению и усовершенствованию деятельности судов.

Как генеральный прокурор страны Кайрат Абдразакович принимал меры по выявлению и устранению любых нарушений законности.

Осуществлял высший надзор за соблюдением законности в Казахстане.

 Как председатель Конституционного Совета Кайрат Абдразакович эффективно руководил деятельностью данного органа.

 Научные труды и государственная деятельность Кайрата Абдразаковича Мами известны широко за рубежом.

Он внес большой вклад в развитие и совершенствование судебной системы РК, укрепление законности в стране.

 

Құрметті конференцияға қатысушылар!

Қайрат Әбдіразақұлы мемлекеттік қызметпен қатар, құқықтық білім саласының дамуына үлкен еңбек сіңірген көрнекті ғалым.

Заң ғылымының докторы, профессор ретінде ізбасар шәкірттер тәрбиелеп, заң-құқық саласында мазмұнды еңбектер жазды.

 Көптеген ғылым кандидаттары мен РhD докторларға жетекшілік жасады.

Бүгінде шәкірттері заң-құқық саласы бойынша Қазақстанмен қатар, шет мемлекеттерде жемісті еңбек етуде.

Қайрат Әбдіразақұлы 70 жылдық белеске өз елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде үлкен жетістіктермен, абыройлы табыстармен, айрықша сый-құрметпен жетті.

Соның ішінде түркі әлеміне айрықша еңбек сіңірді.

Екі ел арасындағы саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелердің дамуына үлес қосты.

Сондықтан ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының медалін тапсыруға рұқсат етіңіздер...