«Тең құқықтар мен мүмкіндіктер»Farabi University

«Тең құқықтар мен мүмкіндіктер»

7 қазан, 2024

2024 жылдың 7 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының 1 курс студенттері «Гендерлік теңдік» тақырыбы бойынша «Тең құқықтар мен мүмкіндіктер» атты іс-шара өткізді. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 5-мақсаты аясында өтті.

        Өздерінің сөздерінде студенттер барлық жыныстар үшін білім алу, денсаулық сақтау және жұмысқа орналасуға тең қолжетімділіктің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, олар әйелдер кездесетін барьерлер мен дискриминацияны талқылады. Іс-шара аясында студенттер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қоғамдағы гендерлік теңдік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар берді. Ерекше назар әйелдердің бизнеске қатысуы, тең еңбек ақы төлеу және гендерлік зорлық-зомбылықты жою мәселелеріне аударылды.

        Іс-шараның негізгі идеясы - осындай конференциялардың қоғамның ой-пікірін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын және барлық деңгейлерде іс-әрекетке шақыратынын айналадағыларға жеткізу болды. Іс-шараның қорытынды аккорды барлық қатысушылардың шешм қабылдап, гендерлік теңдікке және азаматтардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерін алға жылжытуға деген адалдығын растауы болды. «Тең құқықтар мен мүмкіндіктер» іс-шарасы гендерлік теңдік жолындағы маңызды қадамға айналды және студенттерден жақсы пікірлер алып, олардың көбісі осындай бастамаларға белсенді қатысуды жалғастыруға ниет білдірді.

Шетел филологиясы және аударма кафед кафедрасының аға оқытушысы

А. С. Аушенова