2024 жылғы 11 қазанда Биология және биотехнология факультеті, биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының оқытушысы Сырайыл С. 6В05108-Биомедицина мамандығының 1 курс студенттерімен «Біз темекі шегуге қарсымыз» тақырыбында іс шара өткізілді.
Студенттер темекінің химиялық құрамын, никотинге тәуелділіктің қалай пайда болатынын, темекінің денесін қалай бұзатынын, темекіні тастаудың маңыздылығын көрсететін презентациялар мен бейнематериалдар дайындады.
Өткізілген іс-шара «салауатты өмір салты және салауаттылық» ТДМ іске асыру мақсатында қоғамға пайдалы болу және азаматтардың әл-ауқатын қалыптастыру үшін салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдану, темекіні пайдалану мен темекі шегу әдетінің қаншалықты зиянды екендігі туралы жастардың түсінігін қалыптастыру өте маңызды екенін көрсетті.
Басқа жаңалықтар


