Камера! Мотор! Якутия өнері.

2024 жылдың 18 желтоқсанында филология факультетінің «Орыс тілі мен мәдениеті» орталығында "Камера! Мотор! Якутия!" деректі фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Фильмнің режиссері – деректі туындыларымен танымал Наталья Кадырова. Фильмді көрсетудегі мақсат - якут киносының феноменін зерттеу, оның аймақтық өнердің дамуына ықпалы мен Якутияның мәдени мұрасын зерттеу болды. Фильмнің негізгі қыры халық аңыздары мен дәстүрлеріне негізделген сюжеттің ерекшелігі еді. Сапалы фильм жасау үшін аз ресурс пайдалану. Мысал ретінде табиғи сахналық көріністер, шынайылықты компьютерлік арнайы эффектілермен алмастырған «Тыгын Дархан» туындысы берілген. Әрине, актерлік ойын мен визуалды стиль де жоқ емес.
Көрермен-студенттер аймақтық кинематографияның ерекшелігін, жасаушылардың ынтасы мен қызығушылығын, ұлттық болмысын ерекше атап өтті.
Фильмнің тәрбиелік мәні зор: ол көрермендерді Якутия мәдениеті мен дәстүрімен таныстырады.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – Алматы қаласындағы Россотрудничество, «Орыс тілі мен мәдениеті» орталығы
Жетекшісі: С. Бегалиева