ҚазҰУ-дың 90 жылдығы жоғары деңгейде өтті

2024 жылдың соңында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, шетелдік қонақтар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, білім ордасының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Көрмеден соң іс-шара салтанатты жиынға ұласты. Жиналғандарға еліміздегі көшбасшы жоғары оқу орны туралы «Farabi – 90» тарихи-деректі фильм көрсетілді. Фильмде 1934 жылы ашылған білім ордасының бүгінге дейінгі жетістіктері мен тарихи оқиғалары туралы қапарат берілді.
Деректі фильмден соң концерттік бағдарлама басталды. Концертті ҚазҰУ студенттерінен құралған хор «Жасай бер, ҚазҰУ-ым» әнімен ашты. Вокалистері: Фариза Ещанова, Бекзат Абитов, Сұлтан Бекзат, Жеңісқанова Сабина. Бағдарлама еліміздің атақты өнер жұлдыздарының музыкалық номерлерімен жалғасты.
Салтанатты жиында ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев оқу ордасының ғылыми-зерттеу, инновациялық қызметінің нәтижелері мен жетістігіне тоқталды.
Мерейтойлық шарада Ерлан Қарин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жолдаған құттықтау хатын оқып, ҚаЗҰУдың белсенді қызметкерлері мен оқутышы-профессорларды, студенттерді марапаттады.