«Цифрландыру дәуіріндегі гуманитарлық ғылымдар: жасанды интеллект мүмкіндіктері мен шектеулері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияFarabi University

«Цифрландыру дәуіріндегі гуманитарлық ғылымдар: жасанды интеллект мүмкіндіктері мен шектеулері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

5 ақпан, 2025

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Сіздерді «Цифрландыру дәуіріндегі гуманитарлық ғылымдар: жасанды интеллект мүмкіндіктері мен шектеулері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз. Конференция Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ғылыми және білім беру қызметінің 40 жылдығына арналады.

Өтетін күні: 2025 жылғы 28 сәуір.
Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы (Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71/27), 4-қабат, 409-конференц-залы.
Пленарлық отырыстың басталуы: 10:00.

Конференцияның мақсаты: цифрлық трансформация жағдайында ғылыми және білім беру диалогын дамытуға ықпал ету, жасанды интеллекттің гуманитарлық ғылымдардағы жаңа мүмкіндіктері мен қиындықтарын талқылау, сондай-ақ заманауи технологияларды ғылыми және білім беру тәжірибесіне енгізу бойынша тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу. Конференция ғалымдар, оқытушылар, зерттеушілер және тәжірибешілер арасында тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ цифрландыру дәуіріндегі ғылым мен білімнің өзекті мәселелерін шешудің жаңа тәсілдерін табуға бағытталған.

Конференцияның негізгі бағыттары:
• Жасанды интеллект және гуманитарлық ғылымдар: жаңа бағыттар мен перспективалар;
• Тіл білімі мен әдебиеттанудағы цифрлық технологиялар;
• Тарихи деректерді цифрландыру және талдау.

Конференцияға гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғалымдар, педагогтар, мұғалімдер, ғылыми-зерттеу институттарының мамандары, докторанттар, магистранттар, студенттер және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады.

Өткізілу форматы: офлайн.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Маңызды мерзімдер:

  • Тіркелу мен тезистерді қабылдау: 14 наурыз 2025 жылға дейін.
  • Конференция бағдарламасын жариялау: 10 сәуір 2025 жыл.
  • Конференцияның өтетін күні: 21 сәуір 2025 жыл.

Қатысу үшін 2025 жылғы 14 наурызға дейін төмендегі сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://docs.google.com/forms/d/1FiiHqEGYm0Ayz9j9sw1pViZJ6R8B6N1j8QQmYTuGfyA/edit.

Сондай-ақ, 5 бетке дейінгі ғылыми мақалаларды келесі электронды поштаға жіберу қажет: farabikafin@gmail.com

Конференция материалдары электрондық жинақ түрінде жарияланады.

МАТЕРИАЛДАРДЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ:

  • Баяндама көлемі (негізгі мәтін, сілтемелер, суреттер мен кестелердің жазбалары) – 5 беттен аспауы тиіс.
  • Microsoft Word редакторында жазылуы тиіс, қаріп – Times New Roman, 12 кегль; жоларалық интервал – 1.0; абзацтың шегінісі – 1 см (автоматты түрде орнатылады); барлық шеттер – 2 см.
  • Бірінші жолда автордың аты-жөні (оң жақта), екінші жолда жұмыс орны (ұйым атауы), үшінші жолда баяндама атауы (бас әріппен, ортасына), төртінші жолда қала және ел, бесінші жолда автордың электронды поштасы көрсетілуі тиіс.
  • Суреттер мен кестелерге мәтінде дөңгелек жақшамен сілтеме беріледі (мысалы: (сур. 1, 2, 3), (кесте 1, 2, 3)).
  • Дереккөздерге сілтеме дөңгелек жақшада көрсетіледі: (автордың тегі, басылым жылы, беті), мысалы: (Әлиева, 2023: 65) немесе (Әлиева, Боранбаева, 2024: 65-71).
  • Әдебиеттер тізімі мәтін соңында түпнұсқа тілінде алфавиттік ретпен, МЕСТ талаптарына сәйкес рәсімделуі қажет.
  • Баяндамаға қысқаша түйін (аннотация) екі тілде (түпнұсқа тілі және ағылшын тілі) – 100 сөз, сондай-ақ 10-ға дейін түйінді сөздер қоса берілуі керек.
  • Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

Конференцияға қатысушылардың жол шығындары жіберуші тарап есебінен жүзеге асырылады.

Байланыс ақпараттары:
Ұйымдастыру комитеті:

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы

  • Электрондық пошта: farabikafin@gmail.com
  • Телефон: +77056734306

Баршаңызды конференция жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз!
Жасанды интеллект дәуірінде гуманитарлық ғылымдарды дамыту жолдарын бірге талқылайық!

Құрметпен,
Ұйымдастыру комитеті