Канада елшісі ҚазҰУ ғалымдарымен кездестіFarabi University

Канада елшісі ҚазҰУ ғалымдарымен кездесті

5 ақпан, 2025

Канаданың Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Кристофер Дагган Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің оқытушы-ғалымдарымен кездесті.

Жүздесуге факультет деканы Бекжан Мейірбаев, саяси кеңесші Зейнаб Алиева, Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Өрленбайқызы, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің жаһандық серіктестік кеңсесінің меңгерушісі Айтолқын Әшімова, деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Елдос Өсербаев және докторанттар мен магистранттар қатысты.

Алқалы жиында Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) сапалы білім мен өзара серіктестікке қатысты өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар білім ордасының жетістіктерін, ғылыми бағыттарын және ынтымақтастықтың болашақ жоспарын, оның ішінде студенттерге арналған іс-шаралар мен дәрістер өткізу жайын да сөз етті.

Кездесу соңында Кристофер Дагган белгілі қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтбаевтың қолдауымен ашылған Т.Мұстафин атындағы Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының студенттер кітапханасына жаңа кітаптарды сыйға тартты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі